Туынды көрсеткіштер: құрғақ топырақтың тығыздығы pd, кеуектік n, кеуектік коэффициенті е, ылғалдылық дәрежесі Sr, илемдік сан Ip, аққыштық көрсеткіш IL.
Құрғақ топырақтың тығыздығы pd - қатты бөлшектер массасының топырақтың бүкіл көлеміне қатынасы
pd= ms/V=ms/Vs+Vd
немесе
pd=p/1+w
мұнда p–топырақ тығыздығы,т/м³;
w -топырақ ылғалдылығы.
Топырақ ылғалдылығын w келесі формуламен аңықтауға болады
w=m-ms/ms=V*p-V*pd/V*pd=(pd-p)/pd
Топырақтың кеуектілігі n деп –топырақтың бірлік көлеміндегі кеуектер көлемін айтады.
n=Vа/V*100
Топырақтың кеуектілік коэффициенті е-кеуектер көлемінің түйіршіктер көлеміне қатынасы
n=Va/Vs
Үш негізгі физикалық көрсеткіштерді (ps,w,p) біле отырып кеуектілік коэффициентін келесі формуламен есептейміз
e=ps-pd/pd=ps/p*(1+w)-1
Кеуектілік коэффициенті е біле тұра кеуектілікті есептеу мына формуламен n=e/1+e
Tопырақтың ылғалдылық дәрежесі Sr деп-топырақ кеуектерінің су мен толтырылу дәрежесін айтады және топырақтың табиғи ылғалдылығының толық ылғал сыйымдылығына қатынасы мен өрнектейді: Sr = w/wsat
Толық ылғал сыйымдылық wsat– топырақтың барлық кеуектерінің сумен түгелдей қанығуымен сипатталады
wsat =e*pw/ps
Мұнда pw=1г/см³ – судың тығыздығы
Сонда формулаға wsat мәнін қойсақ Sr=w*ps/e-pw
Илемдік сан Ip –шаңды-балшықты топырақтардың шекаралық ылғалдылықтарының айырмасы, яғни: Ip=wL-wp
Аққыштық көрсеткіші IL-шаңды-балшықты топырақтардың табиғи күйіне баға беру үшін қолданылады
IL=w-wp/wL-wp
Инженерлік есептерде меншікті салмағы деген түсінік пайдаланылады: топырақтың қатты бөлшектерінің меншікті салмағы ys, топырақтың меншікті салмағы у, құрғақ топырақтың меншікті салмағы у.