Топография ірі масштабта карта жасау мақсатында жергілікті жерді географиялық және геометриялық зерттеу әдістерін дамытатын ғылым



бет1/2
Дата18.10.2023
өлшемі456,66 Kb.
#118509
  1   2

Кіріспе
Топография – ірі масштабта карта жасау мақсатында жергілікті жерді географиялық және геометриялық зерттеу әдістерін дамытатын ғылым.
Топографияның негізігі ғылыми және қолданбалы мәселелері – топографиялық карта жасау әдістерін, картада жер бетін бейнелеу тәсілдерін, топографиялық карталарды пайдалану тәсілдері мен қағидаларын жетілдіру.
Геодезия – жер бетін жоғары дәлдікпен зерттеу және онда әр түрлі өлшеу жұмыстарын жүргізу үшін координаттық жүйелер жасау әдістерін дамытатын ғылым. Бұл әдістер топографиялық жұмыстардың негізін құрайды. Сонымен қатар геодезия жер қыртысының қозғалыстарын бақылау үшін, теңіздер мен мұхиттар жаңа сызықтарының өзгеруін тағы басқа да көптеген инженерлік мақсаттағы мәселелерді шешу үшін жер бетіндегі өлшеулер әдістерін қарастырады.
Топография геодезия негіздері пәнінде топографиялық карта мен план жасау әдістері, топографиялық түсіру жұмыстары кешені, геодезиялық өлшеу аспаптары қарастырылады. Топография мен геодезия табиғат және қоғам туралы ғылымдарымен тығыз байланыста дамиды.
Топографиялық карталар геологиялық ғылымдар жүйесі, топырақтану, ландшафттану, ботаника мен зоология тағы басқа да ғылымдар үшін аса маңызды болып табылады. Топографиялық карталар қолданбалы ғылымдар, әсіресе инженерлік ғылымдар үшін, өте қажетті болып табылады. Топографиялық түсіру жұмыстары көптеген ғылыми зерттеулерде қажетті болып келеді. Мысалы, әр түрлі құрылыс мәселелерін шешуде топографиялық карта мен план негіз болып табылады. Ауыл шарушалық жерлерді жоспарлауда, гидротехникалық құрылыс жүргізуде топографиялық карталардың маңыздылығы өте жоғары.
Топографиялық карталар әскери мақсатта өте үлкен рөл атқарады. ХХ ғасырда болған соғыстар және соңғы жылдарда болған көптеген әскери соқтығыстар, әскери оқиғалар болып жатқан аудандарда топографиялық карталардың қажеттілігін көрсетті.
Геодезия, жер қыртысының қозғалысын және деформациясын, мұхиттар мен теңіздердің жаға бойының өзгеруін бақылау, теңіздердің биіктігін және олардың арасындағы айырмашылықтарын анықтау, жер полюстерінің қозғалыстарын зерттеу үшін, сонымен қатар азаматтық, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, көліктік құрылысындағы инженерлік алуан түрлі мәселелерін шешу үшін жер бетін өлшеу әдістерін дамытады.

Негізгі бөлім


Топография мен геодезия ғылымдары шаруашылықтағы маңыздылығы өте жоғары болғандықтан ерте заманнан пайда болған. Жер бетін бейнелеу алғашқы адамдар бастады. Мұндай мақұлдауды жазуды білмейтін халықтардың картографиялық сүреттері куә болып келеді. Мысалы, Солтүстік Американың эскимостардың кептірілген балықтағы, Мұхит аралдарының микронезийліктердің ағаш қабығындағы суреттері. Сонымен қатар үңгірлердің қабырғаларында кездесетін алғашқы қауым кезеңінде өмір сүрген адамдардың жер туралы суреттері. Мұндай суреттер Солтүстік Италияда орналасқан үңгірдің қабырғасында, Солтүстік Кавказда Майкоп қаласы жанында жүргізілген археологиялық қазу жұмыстары барысында табылған күміс құмыраның бетінде жергілікті жердің суреті салынған. Бұл суреттерде адамдар қолданбалы қажеттілікті сурет түрінде берген. Яғни, көрсетілген жергілікті жер кімнің жері, бұл жерде қандай шаруашылық дамыған және тағы басқалары сурет арқылы көрсеткен. Кейбір суреттер хабарлаушы болып келеді, қай жерде аң аулауға болатынын, қай жерлерде жыртқыш аңдар жүретінін, қандай жерлерде жайылымдар барын тағы басқаларын да тасқа жазып кеткен.
Суармалы егіншілік, жерді тегістеу, жоспарлау жұмыстарын қажет етті. Осыған байланысты жергілікті жерді жоспарлау және оның биіктік көрсеткіштерін анқықтау қажет болды. Осыдан кейін топографиялық түсіру жұмыстары дамыды десекте болады.
Ежелгі Мысыр, Вавилон, Қытай, Үндістан елдерінде суармалы егін шаруашылығында «жерге өлшеулер жүргізу барысында тәжірибе жинақтауға алып келді, сөйтіп «жерді өлшеу» - геометрия және «жерді бөлу» - геодезия саласындағы теориялық білімінің тез дамуына септігін тигізді. Біздің заманымызға дейінгі XIV – XII ғасырларда Қытайда «бүкіл жерді» зерттеу мақсатында геодезиялық жұмыстар жүргізілді. Бұл жұмыстар жер өлшеуіш тізбектер мен өлшеу шеберліктерін болғандығын көрсетті».
Геодезия бұрынғы заманда Грецияда жоғары дамыған болатын, онда геодезия теориялық жағынан негізделді. Оған бізге жеткен Александриялық Геронның «Диоптрия туралы» және «Ауданды өлшеу» атты кітаптары дәлел бола алады. Бұл кітаптарда геодезиялық жұмыстар мен геодезиялық құралдардың сипаттамалары келтірілген. Грек ғалымы Эратосфен (б.з.д. 274–194 жылдар) Египетте жердің көлемін анықтады. Ол жер шарының радиусы шамамен алты мың километр екенін анықтап берді.
Ежелгі Рим кезінде топография мен геодезияның қолданбалы мәселелері дамыған. Себебі, өте үлкен империя болғандықтан ел туралы толықтырылған карталар қажет болған. Мұндайдың куәсі «Пейтингер кестесі» деп аталатын жол картасы. Ежелгі Римде алыс провинцияларымен байланыс жүргізу мақсатында, елді мекендер арасындағы жолдар картасы жасалынған және маршруттарға жалпы баяндама берілген. Мұндай карта бір көшірмесі ғана сақталған, оны XVI ғасырда Аугсбург қаласында Пейтингер деген неміс тарихшысы тапқан. Сондықтан оны «Пейтингер кестесі» деп атаған.

Ежелгі Римдегі

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет