Топографиялық материалдардың шартты белгілері



Дата28.04.2023
өлшемі19,28 Kb.
#88056
Байланысты:
Туманбекова Р реферат туризм


Топографиялық материалдардың шартты белгілері.

Карта масштабында көрсетуге келмейтін географиялық объектілер масштабтан тыс белгілер әдісімен бейнеленеді. Мысалы, ондай белгілермен заводтар, фабрикалар, диірмендер, электр станциялар, елді мекендер мен олардағы тұрғындардың саны, темір жол станциялары, порттар, пайдалы қазбалардың кен орындары, аэродромдар, ескерткіштер т. С. С. Белгіленеді. Көбінесе олар ортасы объект орналасқан пунктке сәйкес келетін қарапайым суреттер немесе геометриялық фигуралар (шеңбер, квадрат, тік бұрыш, т. Б.) түрінде болады.

Кейде белгінің суреті бейнелейтін заттың пішініне ұқсас болады. Шартты белгінің мөлшері картада бейнеленетін объектінің мөлшерін немесе мәнін (маңызын) сипаттайды. Мысалы, СССР-дің, одақтас және автономиялы республикалардың астаналары үшін мөлшері әр түрлі жұлдызшалар мен дөңгелекшелер қолданылады.Аудандары мен ұзындықтарын картаның масштабында бейнелеуге болатын объектілерді белгілеу үшін де шартты белгілер қолданылады. Масштабтан тыс белгілерден ерекше оларды аудандық және сызықты белгілер деп атайды.

Аудандық белгілермен, мысалға, орман алқаптары, ауылшаруашылық жерлері, көлдер, батпақтар және басқа да объектілер көрсетіледі. Сызықты белгілер өзен, жол, шекара, құбырларды белгілеу үшін пайдаланылады. Алайда масштабта сызықты белгілер объектілердің ұзындығын ғана көрсете алатындығын естен шығармау керек.Ал объектілердің ені үлкейтіліп беріледі, сондықтан оны картадан өлшеуге болмайды. Мәселен, 1 : 100 000 масштабтағы картада көрсетілген темір жолдың ені оның нақтылы енінен 10 еседен асып түседі.

Сол себептен де ұсақ масштабты картадан тіпті Волга сияқты ірі өзендердің де енін өлшеуге болмайды.Бұлардан басқа түсініктеме шартты белгілер де болады. Олар объектінің сипаттамасын толықтырып тұрады. Мәселен, өзендегі көрсеткіш белгі ағыстың бағытын көрсетеді, орманның пішініндегі ағаштың (жапырақты немесе қылқан жапырақты) суреті белгілі бір ағаш тұқымының басым екенін білдіреді.Жер бетін планда немесе картада кескіндегенде жер контурының горизонталь проекцияларын табиғи шамасымен бірме-бір көрсету мүмкін емес. Демек, план немесе карта жер контурының горизонталь проекцияларының кішірейген кескінің береді. Пландағы, яғни картадағы кесінді ұзындығының жердегі тиісті кесіндінің горизонталь проекциясына қатынасы планның немесе картаның масштабы деп аталады. Осындай масштаб сандық масштаб деп аталады, оның бөлімі жердегі сызықтардың план мен картаға кескіндеу кезінде қаншалықты кішірейгенін көрсетеді. Мәселен, 1 : 1000 масштаб планда барлық ұзындық өлшемдер 1000 есе кішірейгенін, яғни пландағы 1 см жердегі 10 м-ге сәйкес келетінін көрсетеді,

Масштаб әрбір план мен карта бетінің рамкасының оңтүстік қабыр-ғасының астында сандық (сандық масштаб) және графикалық (сызықтық масштаб) түрде көрсетіледі. Сандық масштабты біле отырып, картада жердегі өлшенген кесіндінің ұзындығын, керісінше картадағы ара қашықтықты өлшеп, оның жердегі шамасын табуға болады. Мысалы, егер жердегі горизонталь ара қашықтығы 145,3 м-ге тең (яғни, 1 см 10 м-ге тең) кесіндінің масштабы 1 : 1000, пландағы ұзындығы 145,3 : 10= 14,53 см. Егер картадағы кесіндінің ұзындығы 9,13 см, ал картаның масштабы 1 : 10000 (яғни 1 см — 100 м) болса, онда жердегі сызықтың горизонталь ара қашықтығы 9,13-100 = 913 м болады.

Пландар мен карталардың шартты белгілері. Жер бетін планға, картаға түсіру күрделі жұмыс, ол өте аса дәлдікті қажет етеді және дәл аспаптарды пайдаланып, маман- геодезистер, маркшейдерлер жасайды. План мен картаның мазмұны толық, түсінікті және көрнекті болуы үшін пішіні, түрі мүмкіндігінше жердегі заттарды бейнелейтін белгілер қолданылады. Топографиялық картадагы шартты белгілер: карталарды түрлі- түсті безендіруден, түсіндірме жазулардан, цифрлы белгілерден тұратын бір тұтас жүйеден түрады. Шартты белгілер мен олардың түстері жердін әртүрлі объектілері, тектік түрлерін көрнектендіре түседі. Ал, түсіндірме жазбалар мен цифрлык белгілеулер шартты белгілерде кескінделетін объектілердің және ерекшеліктері туралы мәліметгермен толықтырылады. Карталар мен пландардағы шартты белгілер масштабты (контурлық), сызықтық, масштабтан тыс және түсіндірме шартты белгілерге бөлінеді .

Контурлық белгілер орманның, шабындықтың және олардың көлемін де білуге мүмкіндік береді. Объектілердің контурлары нүктелік пунктирлермен немесе жіңішке тұтас сызықпен жер бетінің белдерін және шын мәніндегі сұлбаға үұқсастығын сақтай отырып белгіленеді. Бейнелейтін заттардың көлемі кішкентай болып, оны масштаб арқылы көрсету мүмкін болса, ондай заттар масштабтан тыс шартты белгілермен көрсетіледі. Мәселен, жаңа өскен ағаштар, құдықтар, километр бағаналары, т.б. заттардың мөлшері көрсетілмей тұрған орындары белгіленеді, яғни масштабтан тыс шартты белгілер тиісті объектінің сыртқы түрін еске салатын геометриялық фигуралар. Өзендер, каналдар, жолдар, т.б. сызықтық объектілер де масштабтан тыс шартты белгілермен кескінделеді. Олар объекті осін оның табиги орнына сәйкес береді, ал олардың ені біршама ұлғайтылып көрсетіледі. Контурлық және масштабтан тыс белгілерді толықтыратын және оларды түсіндіретін белгілерді түсіндіргіш шартты белгілер дейді. Мәселен, өзендердің ағын жылдамдығы, көпірдің ұзындыгы мен көтерімділігі, геодезиялык пункттердің, ормандағы ағаштардың жанында жазылган сандар, т.б. түсіндіргіш белгілеріне жатады. Елді-мекендердің, өзен-көлдердің, таулардың, т.б. аттары толық жазылады. Қысқартьшған жазулар объектілердің маңызын немесе қасиетін түсіндіреді. Мысалы: вкз-вокзал; ск-скважина; қ-құдық деген мағынаны береді. Топографиялық карталардагы түрлі-түсті бояулардың түсі кескінделетін объектілердің шын өзіне сәйкес болып келеді; мәселен: ормандар-жасыл; су-көк, жер бедері-қоңыр, темір жолдар, өнеркәсіптік, шаруашылық және әлеуметтік-мәдениет объектілері-қара бояулармен боялады.

Топографиялық шартты белгілер — жер беті бедерін топографиялық карталар мен пландарға түсіруде қолданылатын жергілікті заттардың шартты (сызықтық, әріптік, контурлық, цифрлык) белгілері.

Топографиялық белгілер (Топографические знаки) — жергілікті заттардың топографиялық, карталардағы шартты (графикалық, әріптік, сандық) белгілері. Жергілікті заттардың шартты белгілері карталарда стандарт (үлгі) бойынша болады. Олар масштабтық, масштабтан тыс және түсіндірмелі болып негізгі 3 топка бөлінеді. Масштабты шартты белгілермен өз өлшемі бойынша карта масштабында керсетілетін заттар (орман, көл, т.б.) бейнеленеді. Масштабтан тыс шартты белгілер карта масштабында өлшемі шағын болғандықтан (шахталар, радиомачта) көрінбей қалатын жергілікті заттарды беннелеуге колданылады. Түсіндірмелі шартты белгілер масштабты, масштабтан тыс шартты белгілермен бірге, жергілікті заттарға қосымша сипаттаыа беру үшін колданылады (орман түрін керсететін белгі, әзеннің ағу бағытын корсететін белгі). Жергілікті заттардың шартты белгілерінің қасына объектінің аты көрсетіліп, түсініктеме берілуі мүмкін.


Жер бетіндегі обьектілерді бейнелейтін шартты белгілер өздерінің кейбір ерекшелік сипаттарына қарай төмендегідей болып бөлінеді:

А) түсті,

Ә) каріпті

Б) графикалық (геометриялық).

Топографиялық карталар бірнеше түсте жасалынады, жеке түстермен жер бетінің обьектілерінің біркелкі топтары боялады. Мысалы, (өзендер, көлдер, бұлактар, құдыктар және т.б.) Ормандар мен жеміс бақшалары орналаскан жерлер жасыл түспен, табиғи жер бедер пішіндері – қызыл-қоңыр түспен, ал жасаңды жер бедер пішіндері (казындылар, үйінділер, карьерлер, корғаңдар және т.б.) кара түспен бейнеленеді. Шоссе жоддарын бейнелеуге кызыл түс, ал жақсартылған топырақ жолдарға -сары түс қолданылады.

Каріптерді жазуда, олардың мөлшері, көлбеулігі, бас әрпінің ерекшеленуі немесе ерекшеленбеуі жазылған объекті бойынша кейбір акхгарат алута мүмкіншілік жасайды. Мысалы, калалар немесе кала типтес поселкелер аталуларыньвд басәрпі ерекшеленбей жазылады (әріптердің бәрінің келемі бірдей болады), мұнда калалар тура қаріппен жазылса, поселкелер оңға карай көлбеуленген каріптермен жазылады.

Графикалық шартты белгілер

А) масштабты(контурлық);

Ә) масштабтан тыс;

Б) сызытық деп үшке бөлінеді.

Контурлық шартты белгілер картаның масштабына ілінетін объектілердің контурларын көрсету үшін қолданылады. Орманның, батпактың, бақшаның, елді коныстың, т.б.с.с. объектілердің жер бетіндегі пішін кескіні сақталып және элементтерімен контуры горизонт жақтарына сәйкес бағытталған калпында картадан орын алады. Объектілердің контуры картада сызықтармен белгіленеді де, ортасы осы объектіге тиісті шартты белгілермен толықтырылады. Белгілердің орналасу тәртібімен мөлшерлері өте дәл берілген оған өзгешелік енгізуге болмайды.



Масштабтан тыс шартты белгілермен картаның масштабына ілікпейтін көлемі ұсақ объектілерді бейнелеу үшін колданылады. Масштабтан тыс шартты белгілер объектінің мөлшерін көрсетпейді оның тек қана орналаскан орнын белгілейді. Бұл жағдайда объектінің орнына шартты белгілердің түрлі нүктелері сәйкес келеді. Геодезиялық пункттерді, су диірменнің, мұнай мұнарасының, бұлактың, құдыктың, т.б.с.с. орнын олардың шартты белгілерінің ортасы көрсетеді. Жеке өскен ағаштардың, километр бағананын, жол көрсеткіштің, семофордың, жел диірменнің т.б. орнын шартты белгілерінің табанының ортасы белгілейді, бір немесе бірнеше сызыкпен сызылатын сызықтық объектілердің (каналдың, жолдың т.б.) нақтылы орны сызықтың осьмен белгіленеді. Масштабтан тыс шартты белгілердің бұл ерекшеліктері карта бойынша жеке объектілердің арасындағы кашықтықты өлшегенде ескерілуі кажет. Шартты белгілерді контурлық және масштабтан тыс деп бөлу кажет. Өйткені көптеген обьектілер бір масштабтағы карталарда контурлық шартты белгілермен белгіленсе, екінші масштабтағы картада масштабтан тыс шартты белгілермен белгіленеді. Мәселен, елді қоныстар ірі масштабтағы карталарда контурлық белгілермен түсіріліп, көшелер, жеке кварталдар, тіпті жеке үйлерде көрсетілсе, ал ұсақ масштабтағы карталарда олар масштабтан тыс шартты белгімен, пунсонмен белгіленеді. Жер бетіндегі сызыктық объектілер үшін сызыктық шартты белгілер қолданылады. Сондай-ақ бір объектінің өзі белгілі масштабтағы картада бір бағытта масштаб бойынша, екінші бағытта масштабтан тыс белгіленуі мүмкін. Мәселен, әдетте түрлі жолдардын, өзендердің ұзындығы масштабқа сәйкес алынса, ені масштабтан тыс-нақтылы мөлшерінен үлкейтіліп алынады. Топографиялық карталарда көрсетілген обьектілерге қосымша аныктама беру үшін түсіндірме шартты белгілер қолданылады. Мысалы, көпірлердің ұзындықтарымен жүк көтерімділігі, өзендердің ағыс жылдамдықтары, өткелдің терендігі мен түбі, елді қоныстағы үй саны, ормандағы ағаштардың орта биіктіктері мен жуандыктары және түрі т.б. Түсіндірме шартты белгілер түрлі жазулар мен цифрлармен көрсетіледі. Топографиялык карталардың шартты белгілері-шартты белгілерден, оларды түрлі-түсті безендіруден, түсіндірме жазулар мен цифрлы белгілерден тұратын біртұтас жүйе болып табылады. Шартты белгілер және олардың түр-түстері жердің әр түрлі объектілерін және тектік түрлерін көрнекі көрсетеді. Түсіндірме жазбалар және цифрлық белгілеулер шартты белгілерді кескінделетін объектілердің жеке ерекшеліктері туралы мәліметтермен толыктырады. Біркелкі объектілердің әр түрлі масштабты топографиялық карталардағы кескіні және бояуы негізінен алғанда бірдей. Тек көлемдері жағынан ғана өзгеше болады. Белгілі бір топқа енетін объектілердің сапалық және сандық сипаттамалары олардың өзше тән ерекшеліктерін аздаған толықтырумен еске салатын басталқы графикалық белермен беріледі. Шартты белгілер өзінің атқаратын міндеті -және қасиеттері жағынан масштабтық, масштабтан тыс және түсіндірме шартты белгілер болып бөлінеді. Объектілер өзінің шын мәніндегі көрінісінде масштабты контурлы шартты белгілермен белгіленеді; мұнда олардьщ көлемдерін (ұзындығын, енін және ауданын) картадан өлшеуге мүмкіндік болуы тиіс. Әрбір осындай шартты белгі контурдан , яғни кескінделетін объектінің пландағы көрінісінен және фондық бояу түстері, түрлі-түсті штрихтар немесе белгілер торлары түрінде толтырылған түсініктеме жазбалардан тұрады. Объектілердің контурлары нүктелік пунктирмен немесе жіңішке тұтас сызықпен жер бетінің бедерін және шын мәніндегі сұлбаға (абрис) ұқсастығын сақтай отырып белгіленеді. Масштабтан тыс (нүктелікшартты белгілермен сұлбасын картаның масштабына түсіруге мүмкін болмайтын көлемі шағын объектілер белгіленеді (ескерткіш, жеке тұрған ағаш, көпір, құдық және т. Б.). Масштабтан тыс шартты белгілер — тиісті объектінің сыртқы түрін еске салатын шағын геометриялық фигу-

Ралар. Масштабтан тыс шартты белгілер нүктелерінің бірі жердегі объектінің орналасу жағдайын көрсетеді. Осы нүктелермен картадағы объектілердің координаталарын және өзара қашықтығын анықтайды.

Өзендер, каналдар, жолдар және басқа сызықтық объектілер де масштабтан тыс шартты белгілермен кескінделеді. Осы белгілер объектінің осін, яғни ортасын табиғи орнына толық сәйкестікте береді, ал оның ені біршама ұлғайтылып көрсетіледі.

Жазулар және түсіндірме шартты белгілер масштабтық және масштабтан тыс шартты белгілермен үйлесімді түрде қолданылады да, олар объектілердің қосымша сипаттамалары ретінде қызмет атқарады. Елді мекендерің, өзендердің, көлдердің, таулардың және т. Б. аттары толық жазылады. Қысқартылған жазулар объектілердің шартты белгілерінің жанында орналасады; олар объектілердің манызын немесе қасиетін түсіндіреді. Мысалы, мк.—мектеп, вкз.— вокзал. Цифрлық белгілер көбіне объектінің сандық сипаттамасын (көпірдің ұзындығын, енін және жүк көтеру қабілетін; ағаштардың биіктігін, диаметрін және олардың ара қашықтығын, т. Б.) көрсету үшін қолданылады.



Топографиялык карталарды түрлі-түсті безендіру оның көрнекілігін және айқындығын анағұрлым арттыруға септігін тигізеді. Бояулардың түсі кескінделетін объектілердің шын өңіне негізінен сәйкес болады; ормандар — жасыл, гидрография — көк, жер бедері — коңыр, елді мекендердің сұлбалары, темір жолдар, көптеген енеркәсіптік, халык шаруашылық және әлеуметтік-мәдениет объектілері — қара бояулармен боялады. Топографиялык карталар мен пландардың шартты белгілерін. Геодезия және картография бас басқармасы белгілейді және оларды түсіру жұмыстарын жүргізетін барлық ведомстволар, мекемелер мен ұйымдар міндетті түрде орындауға тиіс. Іс жүзінде қолдануға қолайлы болу үшін кестелер түрінде шығарылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет