Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Тарих факультеті
География және туризм кафедрасы
Құрлық әлемдік мұхит және оның бөліктерінің номинациясы
Орындаған:К.Алмажан
Тексерген:Семинар.Е.С
Топонимияға аймақтық шолу топонимикалық макроаймақтардың географиялық атаулары жүйелерінің ең жалпы заңдылықтары мен құрылымын қарастыруды қамтиды. Әр макроаймақтың топонимикасы географиялық, тарихи және лингвистикалық жағдайлар мен оның қалыптасу факторларының нақты үйлесуіне байланысты ерекшеленеді.
ҚҰРЛЫҚТАРДЫҢ НОМИНАЦИЯСЫ
Еуропа - Ежелгі грек мифіндегі финикиялық патша Агенораның қызы Европаның атауы (бұл ежелгі гректердің аңызы ғана)
- Соңғы гипотезалар бойынша үндіеуропалық шығу Эуропия формасынан шыққан. Ежелгі дәуірде Фессалии және Этолии (Грецияның тарихи орындары ) жерлерін осылай атаған.
- Бұл топоним алдыңғы Азияда пайда болған. Финикиялықтар эреб сөзімен («батыс», «күннің батуы») олардың отанынан батысқа қарай орналасқан жерлерді атаған.
Еуропа атауын дүние бөліктерін белгілеу үшін антикалық оқымыстылар Гекатей мен Геродот пайдаланды.
Азия топонимі Асия түрінде Гомердің "Илиадасында" (б.з. д. VIII ғ. шамасында) кездесті. Ғылыми айналымға аталған терминді Милет мектебінің авторлары Фалес, Анаксимандр, Гекатей (б. з. д. VI ғ.) енгізген. Бастапқыда топониммен Эгей теңізінің шығыс жағалауы аталды. Кейінірек римдіктер оған шектес орналасқан аумақтарды Азия деп атады. Бұл топонимнің екі түсіндірмесі белгілі:
финикиялық (немесе ассириялық) - асу – «шығыс». Алайда, Месопотамияда тұратын ассириялықтар неге шығыс сөзімен батыста жатқан аумақты атады деген сұрақ туындайды.
Үндіеуропалық - Ассува деп Кіші Азия түбегінің батысындағы шағын аумақты атады, кейін гректердің отарлау процесінде Асия (Азия) формасын алды.
Азия Африка Ежелгі уақытта бүкіл материктің бірыңғай атауы болған жоқ, өйткені ол әлі зерттелмеген болатын. Гректер қазіргі Африканың белгілі бөлігін Ливия деп атады (либу немесе ливу тайпалары бойынша).
Африка атауы бастапқыда финикиялық Карфаген қала-мемлекетінің (қазіргі Тунистің солтүстігінде) маңындағы шағын аумаққа қатысты болды, онда афарик немесе афро тайпалары өмір сүрген ("үңгірлердің тұрғыны"дегенді білдіреді).
АфарикаларГеродот айтқан троглодиттердің прототипі болуы мүмкін (Басик бойынша). Карфагенді жаулап алғаннан кейін римдіктер осы тайпалардың атымен Африка провинциясын құрады. Орта ғасырларға қарай топоним біртіндеп материктің солтүстік-батыс бөлігіне, содан кейін бүкіл материкке таралады.
Америка X ғасырда континенттің солтүстік-шығыс жағалауында болған Норман теңізшілері олар ашқан жерлердің жалпы атауы болған жоқ (кейбір бөліктері Хеллуланд – «страна плоских камней», Маркланд – «лесная земля», Винланд - «страна дикого винограда» т.б. деп аталды). Х. Колумб, (1492 – 1502) – Үндістан д.а. 1875 жылы геолог Ж. Марку "Америка атауының шығу тегі туралы" мақаласын жариялайды, онда бұл атау бір жыл бұрын натуралист Т.Белттің аймақтық зерттеуіндегі Никарагуа көлінің батысында жатқан Сьерра - Америка тау тізбегінің атауынан шыққанын көрсетті. Бұл таулардың атауы жергілікті америкос тайпасының атауынан шыққан.
Америка топонимінің шығу тегін Дж. Кабот экспедициясның демеушісі болған Бристоль меценаты Винсент Американың есімімен байланыстыратын нұсқасы да белгілі. Алайда, бұл нұсқалар мамандар арасында кең қолдау таба алмады
Австралия Антикалық ғалымдар оңтүстік жарты шарда жатқан жерлер – Terra Incognita («белгісіз жер») немесе Terra Australis Incognita («белгісіз оңтүстік жер») бар деген пікірде болды. Голландтықтар материкті ашып, оны Жаңа Голландия деп атады. 1814 ж. ағылшын гидрологы Мэтью Флиндерс оны Терра – Аустралис немесе Австралиядеп атауды ұсынды. Антарктида - 1820 жылы орыс теңізшілері ашқан әлемнің соңғы бөлігінің этимологиясын аспанмен байланыстыруға болады. Ежелгі гректер жердің Солтүстік полярлық аймағын Арктика деп атаған, өйткені ол Үлкен Аю шоқжұлдызы бағытында жатқан (грекше "άρκτος – аю"). Тиісінше, Арктикаға қарама-қарсы Оңтүстік полярлық аймақ Антарктика деп аталды (яғни "Арктикаға қарсы".)
Circulus Antarcticus – «антарктикалық шеңбер» параллельге қатысты атау ортағасырлық карталарда кездеседі (мысалы, Батиста Агнес 1544 ж. картасы).
1840 жылы американдық ч. Уилкс материк жағалауының бір бөлігін Әлемнің Антарктикалық бөлігі деп атады. 1886 жылдан бастап, ағылшын Дж. Меррей картасында оңтүстік жарты шардағы біртұтас материк Антарктика континенті деп аталды.