Қабырғаны бекіту олардың құлауы жер төле бөлмелеріндегі және ғимараттардың тереңдетілген бөліктеріндегі, сонымен қатар көрші орналасқан ғимараттар мен құрылыстардағы жасырынушыларға және материалдық құндылықтарға қауіп төндіретін жағдайда жасалады. Қабырғаларды бекіту үшін бұрышқа 45-60 градуста көлденең оналастырылатын тіреулер, сондай-ақ бір жақты кермелер қолданылады.
Тіршілік қамтамасыз ету объектілеріндегі аварияны жоюдағы міндеттердің негізі жасырынушылар жиналған жертөлелер мен жасырыну имараттарының суға кетуі және газдануының алдын алу, сонымен қатар құтқару жұмыстарын табысты орындау үшін кедергі жасауы мүмкін себептерді жою болып табылады.
Келесі іс-шаралар жүргізілуі мүмкін:
- су құбырлары желісінде - желілердің бұзылған немесе зақымдалған бөліктерін тартпалардың көмегімен қираған бөліктерге жақын жердегі құдықтардан сөндіру, артезиандық скважиналар мен насостық стнацияларды жөндеу және қалпына келтіру; су жабдықтау пункттерін ұйымдастыру және жабдықтау; зақымдану ошағына су беру үшін уақытша насос станцияларын сақталып қалған және уақытша желілер бойынша құру; орындарға жиналған суды суға кету қаупін жою үшін сорғылау;
- канализациялық желілерде –адамдар бар және жасарыну имараттарындағы жұмыстарды жүргізуге кедергі келтіретін ағындық суларды бұру және сорғылау; арналық сулардың жер бетіне шығу орнын да сол мақсатпен төсеу;
- электрлік желілерде – барлық құлаған имараттардың желілерін токтан ажырату; қажет жағдайда елеусіз зақым алған электрлік қуаттандыру көздерін қалпына келтіру; қажет жағдайда уақытша электрлік желілерді төсеу;
- газбен және жылумен қамтамасыз ету желілерінде - бұзылған және қираған бөліктерді қажет жерлерде крандарды, тартпаларды, бұрандаларды жабу арқылы сөндіру; адамдарға қауіп төндіруші авариялардың алдын алу бойынша жұмыстарды жүргізу.
Химиялық зақымдану ошағында келесі іс-шаралар жүргізіледі:
- зақымдану ошағын химиялық және медициналық барлау;
- ҚЗ зақымдалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемелеріне эвакуациялау;
- адамдарды санитарлық өңдеу және олардың киімдерін залалсыздандыру;
-ғимараттарды, жерді, техниканы дегазациялау.