БРӘ объектілері:
- жеке тұлға (қоғамдық, мемлекеттік қызметкер, бизнесмен және т.б.);
- террористтердің ойы бойынша олардың әр қайсысы бір уақытта ӘҚ әсерімен зақымдалуы тиіс 50-100 көп емес адамнан тұратын нақты тұлғалар топтары;
- 100 адамнан артық кездейсоқ (шектеусіз) топ болуы мүмкін.
БҚЗ инфекцияларды ауа-тамшылары жолыментарату арқылы аса жоғары зақымдауға қол жеткізуге болатындықтан, БҚЗ шектеулі кеңістіктерде тарату көбірек қолданылады.
Инфекцияларды тасымалдаудың басқаша механизмі ауыз қуысы арқылы – фекальді. Тасымалдау құралдары ретінде азық-түлік пен суды қолдана отырып, БҚЗ аз көлемін шығындай отырып көп адамды улауға болады. Ауыз судың 20 млн. литрін улау үшін судың әрбір 20 млботулиникалық токсиннің өлімге душар ететін – 1 мкг. болуы тиіс, бұл кезде А типтітоксиннің не бары 240 гр ғана қажет.
Тасымалдаудың тағы бір механизмі – трансмиссиялық тәсіл, яғни бір аумаққа шашып жіберу.
Бұдан төменде биологиялық террористік әрекеттің жүргізілуі бойынша аса қауіпті аумақтардың тізімі келтіріледі:
1. бөлме – көлемі 400 м3 дейінгі шектеулі, аз желдетілетін орын.
2. Зал – көлемі 400 м3 артық орын.
3. ғимарат – залдан көлденең ауа бағытының өту жолдарының болуымен және жеке бөлмелердің герметизациялану мүмкіншілігімен ерекшеленеді.
4. Тоннель. 5. Метро – залдар мен тоннельдердің біртұтастығы.
6. Ландшафттық науа – шектері науаны еске түсіретін кеңістік, шектеріндегі ауа алмасу қиын болғандықтан БҚЗ улану концентрациясының сақталуына жағдай жасалынады.
7. Бірліктік көлік құралы –автомобиль, автобус, өзен кемесі және т.б.
Бірінші оқу сұрағын қарастырған соң жетекші оның игерілуін оқытушыларға келесі сұрақтарды қоя отырып, тексереді:
1. Ядролық зақымдану ошағының ерекшеліктері қандай?
2. Химиялық қаруға сипаттама беріңіз.
3.Ықтимал биологиялық қарулардың қолданылу белгілерін атаңыз.