Топтық жаттығулар жүргізу үшін Әдістемелік әзірлеме


Ядролық зақымдану ошағында



бет16/25
Дата05.06.2023
өлшемі245 Kb.
#98807
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Ядролық зақымдану ошағында келесі құтқару және басқа да қауырт жұмыстардың келесі түрлері көп орындалады:
- уақытша өткелдерді жабдықтау;
- құлаған жасырыну имараттарын ашу және оларға ауаның өтуін қамтамасыз ету;
- адамдарды қираған немесе бір бөліктері құлаған ғимараттар мен құрылыстардан құтқару;
- жұмыстар жүргізілетін аумақтардағы өрттерді жою және сөндіру;
- ғимараттар мен құрылыстардың конструкцияларын нығайту немесе құлату;
- тіршілік қамтамсыз ету объектілеріндегі аварияларды жою.
Өткелдер құрамалар мен техниканың кедергісіз жұмыстардың жүргізілетін аумақтарына өтуі және қажетті маневрлер жасауын, сонымен қатар ол аумақтардан зардап шеккен адамдарды эвакуациялауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. Өткелдерді жабдықтау кезіндегі негізгі жұмыстар көшелердегі 0,5 метрге дейінгі үйінділерді аршу немесе жер берімен тегістеу, өту жолында кедергі келтіріп тұрған металл және темір – бетон констукцияларды бөлшектеу немесе алып тастау, сонымен қатар жалаңаштанған арматураларды кесу және жою.
Құрылымдардың жұмыстарды жүргізу аумақтарына жету жолдарын инженерлік барлау арқылы анықтайды. Бұл жолдар шама-шарқынша қысқа болуы тиіс, дегенмен барлық жағдайда да құлаған көшелер мен жолдарды тазалайды.
Өтулер магистральды және жанама болуы мүмкін. Магистральды өтулер күштерді зақымдану ошағында жұмыстарды жүргізуге, сонымен қатар сол аумақтардан адамдарды эвакуациялауға жету үшін арналған. Жанама өтулер жұмыс жүргізілетін аумақтарға тікелей өтуі үшін арналады.
Қираған қорғаныс құрылыстарын аршу немесе қазып алу бойынша жұмыстардың құрамына кіру жолдарын қалпына келтіру және жұмыс алаңдарын дайындау, кіру жолдарындағы үйінділерді аршу, қорғаныс имаратының авариялық шығу жолдарының немесе қабырғаларын аршу, қабырғада ойық жасау, есікті ашу немесе есікте ойық жасау. Қорғаныс имараттарын аршу бойынша жұмыстар басталмас бұрын оған ауаның өтуін қамтамасыз ету керек. Аршу бойынша жұмыс ең алдымен авариялық және қосалқы шығу жолдарын үйінділерден тазартудан басталады.
Қираған жасырыну имараттарында қосалқы шығу жолдары болмаған жағдайда шығу жолдары немесе басқа да сыртқа шығуға ыңғайлы жерлерді аршу, сыртқы қабырғалардан сыртқа шығатын ойықтар жасау жұмыстары жүргізіледі.
Жасырыну имараттарының қабырғалардағы ойықтар арқылы компрессорлар, желдеткіштердің көмегімен және басқа да тәсілдер арқылы ауа беріледі.
Қираған үйінділер астынан адамдарды құтқару қысқа уақыттар ішінде қолмен немесе аз механизация құралдарын қолдану арқылы жүргізіледі. Зардап шеккендерді жоғарғы қабаттардан құтқару кезінде уақытша басқыштар, траптар және басқа да төменге түсуге ыңғайлы қондырғыларды қолданады. Аса көп қолданылатын жұмыс түрлері:
- ғимараттардың қабырғалары мен қалқаларды зардап шеккендерді шығару үшін жабдықтау;
- үсті мен қапталдарындағы үйінділерді зардап шеккендерді алып шығу үшін ыңғайлы етіп шығару;
- үйінді элементтерін бекіту арқылы жіңішке өту жолын жасау.
Өрттерді сөндіру бойынша жұмыстар ең алдымен өрттердің күштер мен құралдардың жұмыстарды жүргізу аумақтарына енуіне кедергі келтіретін аумақтарда жүргізіледі.
Үйінділердегі өрттерді сөндіру келесі тәсілдер арқылы жүргізілуі мүмкін: су құю, жанып жатқан құрылыстарды бөлшектеу және жану ошақтарын құм, топырақ, шлак және ұсақ бөлшекті қалдықтарды, сынықтарды тастау арқылы сөндіру. Өрттерді сөндіру кезіндегі жұмыстардың аса көп көлемі – қала ғимараттары мен имараттарының орта және аз қираған аумақтарында жүргізіледі.
Ядролық зақымдану ошағында қираған ғимараттардың элементі (қабырғалар, жабындықтар, тізбектер және т.б.) әлі құламаған, бірақ олардың жағдайы кез-келген уақытта бір заттардың әсерімен құлауы мүмкін болған. Сол себепті құтқару жұмыстарын бастамас бұрын ғимарат пен имараттардың жағдайларын мұқият қарап шығып, адамдарға қауіп төндіретін қабырғаларды, жабындықтарды құлату және нығайту арқылы қауіптерді жою іс-шараларын қабылдау керек.
Қабырғаларды (констукцияларды) қирату тростардың көмегімен жүргізіледі, бұл тростардың бір шеті қабырғаға (конструкцияларға) бекітіліп, екінші шеті тракторға, автокөліктер мен жүк көтергіштік шамасы 1 тоннадан кем емес шығырларға бекітіледі. Тростың ұзындығы қабырғаның екі биіктігінен кем болмауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет