Топтық жаттығулар жүргізу үшін Әдістемелік әзірлеме



бет3/25
Дата05.06.2023
өлшемі245 Kb.
#98807
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
БІРІНШІ ОҚУ СҰРАҒЫ.
ЗАМАНАУИ ЗАҚЫМДАУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

Бұл оқу сұрағын оқытуды замануи зақымдау құралдарының әртүрлілігімен ерекшеленетіндігінен бастау қажет. Өкінішке орай кейбір тыңдаушылар «замануи зақымдау құралдары» мен «ядролық қару» ұғымдары арасына теңдік белгісін қояды.




ЯДРОЛЫҚ ҚАРУ.


Ядролық қару деп әрекеті бөліну немесе ядролық синтездің жарылғыш процесінің нәтижесінде бөлінетін ядроішкілік қуатты қолдануға негізделген қару аталады.
Ядролық қуат ядроның түрлі өзгерісі кезінде шығады. Ядроішкілік қуаттың көп мөлшерінің шектеулі көлемде тез бөліну процесі яролық жарылыс деп аталады. Ядролық қаруды қолдану арқылы шешетін міндеттерге, ядролық жарылыс қолданылатын объектінің түрі мен орнына қарай ядролық жарылыстар түрлі биіктікте, жер бетінде, жер астында (су астында) орын алуы мүмкін.
Ғарыштық жарылыс көзделген ғарыштық нысаналарды зақымдау үшін 65 км-ден жоғары биіктікте қолданылады.
Биіктіктегі жарылыс10-нан 65 км-ге дейінгі әуедегі нысаналарды зақымдау үшін қолданылады. Жер бетіндегі көзделетін нысаналар үшін жарылыс электрлік және радио аспаптарына қауіп төндіреді. Биіктіктегі жарылыстар ракеталардың, ұшақтардың және т.б. бас бөліктерін жою, радиолық байланыс пен басқаруда кедергілер туындату үшін қолданылады. Әуедегі жарылыс бірнеше жүздеген метр және бірнеше километрге дейінгі біктіктерде орын алып, қатты найзағайға ұқсас жарық пен дыбыс шығарады. Жарықтан соң жарылыс орнында тез ұлғайып, саңырауқұлақ формасын иеленетін отты шар пайда болады. Әуе шары қатты жылу және радиоактивтік сәулелерді бөледі. Сонымен қатар бұндай шарлар қатты қирату қасиетіне ие болады. Сондықтан ол жер бетіндегі құрылыстарды тез қиратып, жасырынбаған адамдарға да зақым келтіруі мүмкін.
Жер бетіндегі ядролық жарылыс деп жер бетінде немесе одан шығатын жарықтың жер бетіне тиетін биіктікте орын алатын жарылыстар аталады. Олар жер бетін қатты радиоактивті зақымдап, адамдарды, әскери жеке құрамды, жер бетіндегі құрылыстарды жою, сонымен қатар олардың төзімділігіне нұқсан келтіру мақсатында жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет