Топтық жаттығулар жүргізу үшін Әдістемелік әзірлеме


Тұншықтырғыш әсер ететін ҚЗ



бет8/25
Дата05.06.2023
өлшемі245 Kb.
#98807
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
Байланысты:
химиялық қару

4. Тұншықтырғыш әсер ететін ҚЗ.
Фосген мен дифосгеннің жасырын әсері 4-6 сағатқа созылады. ҚЗ мөлшеріне, адамның жалпы жағдайына қарайоның әсері 2-3 сағатқа азайып, немесе 15 сағатқа дейін ұзаруы мүмкін. Жасырын әсерден соң тамақ жыбырлап, мұрын-ауыз қуысында күйік сезімі пайда болады, жөтел туындап, тыныс тарылады, ентігу пайда болады. Ерін, мұрын құлақ және аяқ-қол көгереді, пульс азяды. Өкпе ісіну салдарынан адам тұншығады, кеуде қуысы қатты қысылады. Тыныс жиілігі 16 мәртеге дейін көбейіп, минутына 30-70 рет тыныс алады. Бұл кезде тыныс тереңдемейді, пульс минутына 100 ретке дейін артады. Көбік шығып, кейде ол қанмен аралас болады. Зақымдалған адам мазасызданып, өкпенің ісінуі салдарынан, тыныс тарылып, адам тұншығып қаза болады. Фосген мен дифосген бозғылт түссіз газ болып табылады.
5. Тітіркендіргіш әсер ететін ҚЗ.
Өзіндік тітіркендіргіштер (стерниттер) – мұрын-тамақ қуысын тітіркендіріп, үздіксіз түшкіру, жөтел және кеудеде ауру белгісі пайда болады. Бір мезгілде көз тітіркеніп, тері беті тітіркенеді, ОНЖ қозғалады. Жүрек көтерілу, құсқысы келу, бас ауру және ауыз қуысының ауруы, құлақ маңының қысылу сезімі туындайды. Ауыр жағдайларда тыныс алу мүшелері зақымданып, өкпе ісіп кетуі мүмкін. Нерв жүйесіне әсер ету салдарынан аяқ әлсізденіп, буындар әлсірейді. Қатты уланған кездерде – діріл, уақытша естен тану кейде бұлшық еттердің түрлі топтарының мешелдікке ұшырауы мүмкін. Егер стерниттер концентрациясы тері эритемасына себеп болса, ісіктер пайда болып, күлбіріп кетуі де мүмкін.
Жасауратып әсер ету (хлорпикрин) – бұнда көздің мөлдір қабықшасы мен жоғарғы тыныс алу жолдары тітіркенеді (күйдіру, қатты ауры, көз ауруы, қабақтың жабысуы, көз жасаурауы, қатты жөтелу туындайды). Одан әрі өкпе ісігі дамып, ішкі мүшелерге және жүрек бұлшық еттеріне қан құйылуы мүмкін.
СS аэрозолінің көз қабығына және жоғары тыныс мүшелерінің қатты тітіркеніп ауруын туындатады. Көбіне зақымдану мұрыннан қан кету, коньюктивит және көздің қанталауы, тері қызарып, тері ылғалданады.
СR заты кезінде көз қатты жасаурап, аурады, уақытша көз көрмей қалуы мүмкін. Аэрозоль жұтқан соң қатты жөтел, түшкіру пайда болады. Теріге тиген соң тітіркену, тері эритемасы, күйдіру және ауру, денені екінші деңгейдегі күйік шалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет