Концентрация- ҚЗ ауа көлемінің бірлігіндегі мөлшері (мг/л немесе г/м. куб.). адамдар мен жануарларды зақымдайтын ҚЗ жауынгарлік деп аталып, оның шамасы ҚЗ улылығына байланысты болады.
Зақымдалу тығыздығы деп (г/м. кв.) алаң бірлігіндегі ҚЗ мөлшері аталады. Зақымдалу тығыздығы топырақтың, ғимараттардың, құрылыстардың сұйық тамшылы ҚЗ улануына қарай анықталады. Химиялық зақымдалу ошағының төзімділігі ҚЗ түріне, метеорологиялық жағдай мен жыл мезгіліне тәуелді болады.
БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУ.
Биологиялық қару адамдарды, жануарлар мен өсімдіктерді және қоршаған орта субъектілерін жаппай улау құралдарына жатады. Олардың негізін ауру туындатқыш микробтар (бактериялар, вирустар, риккетсиялар, күйелер) және кейбір бактериялардан туындайтын токсиндер құрайды. Ауру туындататын микроорганизмдерден пайда болатын аурулар инфекциялық аурулар деп аталады.
Биологиялық заттардың кейбір ерекшеліктері бар. Оларга организмге өте аз мөлшерде, мысалы 6-12 микробтық денелерде түскен соң адам обасын туындатады, бұл адамның науқастануы үшін жеткілікті болып табылады. Бактериалдық аэрозолдар бөлмелерге ондағы кез-келген тесіктер арқылы еніп, ондағы адамдарды, азық-түліктерді, ауыз суды бүлдіреді.
Туындаған аурулар аз ғана уақыт ішінде бірінші зақымдалу аумағынан көптеген аумақтарға таралады.
Биологиялық заттардың әсер ету ұзақтығы ҚЗ мен РЗ асып түседі. Микроорганизмдердің кейбір формалары топырақта бірнеше ондаған жылдарға дейін сақталуы мүмкін.
БЗ тек адамдарды, жануарларды және өсімдіктерді зақымдайды. Олар бұнда материалдық құндылықтарға еш нұқсан келтірмейді және жасырын түрде зақымдалған кеміргіштерді тарату арқылы және диверсиялық жолдармен таралуы мүмкін.
Инфекциялық аурулар бірден байқалмайды, инкубациялық кезеңнен соң ғана байқалып, осылайша аурудың одан әрі таралуына жағдай жасайды.
Инфекциялық ауруларды туындататын бактерияларды сыртқы ортада тек зертханалық зерттеулер нәтижесінде ғана анықтауға болады. Ал бұл зерттеулерді жүргізу үшін көп уақыт қажет етіледі.
Биологиялық заттардың ықтимал қолданылуын кейбір белгілер арқылы анықтауға болады:
- әскери құрал атылған кезде туындайтын дыбыс, бұл кезде кішкене түтін мен бұлт пайда болады, жарылыс орнында ірі сынықтар мен бомба қалдықтары қалады;
- тұман мен төмен ұшқан ұшақтан қалған сияқты түтін ізі қалады;
- әскери қару қолданылған жерде сұйықтық тамшылары, шөп үстінде, топырақта және қоршаған заттарда ұнтақ түріндегі заттар қалады;
- көп ұсақ жәндіктер, кеміргіштер, әсіресе олардың бұл жерде бұрын соңды болмаған түрлері кездеседі;
- сол жерлерде қораптар, пакеттер және басқа да кездейсоқ заттар қалуы мүмкін;
- адамдар мен жануарлардың жаппай аурады.
Ауру туындатқыш микробтартармен зақымдалған жұқпалы аурулардың таралу көзі болып саналатын аумақ эпидемиялық (эпизоотиялық) ошақ деп аталады. Бұндай ошақтың өлшемдері қарудың түрі мен калибріне, ӘҚ қолданылу тәсіліне, метеорологиялық жағдайларға тәуелді болады. ӘҚ аса көп ошағы ауада тарату қондырғыларының көмегімен және желдің аса жоғары жылдамдығын қолдана отырып жүзеге асырылады.
Одан әрі қоздырғыштары бактериологиялық қару ретінде қолданылуы мүмкін инфекциялық аурулардың қысқаша сипаттамалары беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |