БАҚ-тың ерекше белгілері: БАҚ – күнделікті теледидар, радио, мерзімді баспасөз басылымы және интернет сайттар. Ал, оған қоса жаңа медиа мен жаңа ақпараттық технологиялардың ақпарат таратып, ақпарат жинақтауын да қосуға болады. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. Сарапшылар БАҚ-тың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді:
- жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі;
- арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы;
- ақпарат таратушының қабылдаушыға біржақты ықпалы;
- тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі.
БАҚ-тың өзектілігі. БАҚ – бұл мемлекеттік иделогия құралы. Әрбір аймақтың, әрбір мемлекеттің өзіндік ерекшеліктері бар. Үлкен мемлекеттер айналасындағы шағын елдердің мәдениетін басып, халқын өз аузына қаратып алуға талпынады. Сондықтан шағын елдердің өз мәдениетіне және өз ақпараттық саясатын жүргізу ісіне мығым болуы қажет. Бұл Қазақстан үшін, мемлекеттік тілдегі бұқаралық ақпарат құралдары үшін өзекті мәселе болып табылады.
БАҚ-тың қоғамдағы рөлі. БАҚ еркіндігі адам бостандығының маңызды алғы шарты болып және қоғам мен мемлекеттегі жоғарғы құндылық екені даусыз. Себебі, бұқаралық ақпарат еркіндігінсіз, яғни сөз еркіндігісіз азаматтық қоғамды елестету мүмкін емес. Демек, тәуелсіз қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен оның демократия үшін маңыздылығын зерттеп, ескеруіміз тиіс.
БАҚ қызметі өткен, болып жатқан және алдағы уақытта болатын әлеуметтік өзгерістер жөнінде тәжірибелі түсініктерге негізделе отырып, қоғамдағы өзгерістерге нақты көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Себебі, төртінші билік – бұқаралық ақпарат билігінің құдыреті күшті, оны ешкім ешнәрсемен теңестіре алмайтынына дау жоқ.
Билікке оппозицияда жүрген қоғам қайраткері Дос Көшім мемлекеттік саясаттағы ұлтсыздық идеологиясына назар аударса[9], Берік Əбдіғалиев пен Асқар Ахмеджанов ұлттық идеяны «қазақ миссиясынан» көреді[10]. «Қазақ миссиясы» қазақ ұлтының жаңару (модернизация) тұжырымдамасын білдіреді жəне бұл құжатта «қазақ арманы», «қазақ тағдыры», «қазіргі қазақ болмысы» сөз болады жəне «қазақ миссиясы» тарихи тұрғыда соңғы сатысы азаматтардың саяси ұлтының құрылуы болып табылатын ұлттық өзіндік сананың қалыптасу кезеңі ретінде» қарастырылады.