Тоқсандық жиынтық бағалау 2- тоқсан Пәні: қазақ тілі
Күні : Оқушының аты-жөні __________________________________________________________
Сыныбы 4 « »
Орындау уақыты 45 минут
ІІ нұсқа
тапсырма
Берілген тірек сөздерге сүйеніп,«Қобыз- ұлттық аспап» тақырыбына берілген мәтіннің мазмұнына болжам жаса.Жасаған болжамыңның себебін түсіндір.
Тірек сөздер:қасиетті аспап, үні жағымды, кең таралған, күй, терме, ұрпаққа мирас, ұлттық өнерді насихаттаушы, ұлттық болмысты бейнелейтін символ, ұлттық музыка өнерінің жаршысы.
Жоспар: 1. Қазақ халқының көне аспабы
2. Қобыздың қолданысы
3. Қобыз – ұлттық символ
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2 тапсырма Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Бір қарт адам өмір сүріпті.Көздері жақсы көрмей,құлақтары естімей, аяғынан жүре алмапты. Дастарқанда отырғанда қолы қалтырап,қасығын ұстай алмайды. Сорпасын үстел үстіне төгіп, аузынан ағызыпты.Ұлы мен келіні оның бұл жағдайына ызалары келіп,қатты ұрысып,жүрегін жаралапты.Соңғы кезде дастарқанға да шақырмай,пештің артындағы бір жерге отырғызыпты.Сол жерде отырып,сол жерде тамағын жепті.Қолына бір тостақ ұстатыпты.Мүсәпір адам сол бұрышта қозғалмай отырыпты.Жанары сөне бастаған сулы көздерімен дастарқанға мұңайып, жабырқап қарайтын болыпты.Күндердің бір күнінде қолдары қалтырап,тостағын жерге түсіріп сындырып алыпты.Келіні ауыр сөздер айтып айғайлайды.Ертең әнде атайдың ұлы дүкеннен ұсқынсыз ағаш тостақ сатып алады.Мүсәпір адам енді тамағын сол ағаш тостақтан жейтін болады.Бір күні осы үйдің төрт жасар ұлы ағаш кесінділерін үйге алып келеді.Әкесі ұлына:
Ол ағаштарды не істемекшісің?-деп сұрайды.
Ағаш тостақ жасаймын,әке ....Қартайғанда сіз де осы тостақтан тамақ жейтін боласыз,-дейді ұлы.
Ұлының бұл сөзін естіген әке-шешенің көздеріне жас толып, жасаған істеріне қатты ұялады.Атасын қайта дастарқан басына отырғызады.Содан кейін тамақты үстіне дастарқанға төксе де , оған сөйлемейтін болыпты.