Оқылым Тапсырма. Мәтінді мұқият оқып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
А мәтіні Ұлттар достығы – татулықтың тал бесігі
Байтақ Қазақстанның əрбір облысында түрлі ұлттардың мəдени орталықтары ашылған. Олардың міндеттері өз ұлтының тілін, мəдениет, тарихын, əдебиетін, кейінгі жастарға үйрету сол арқылы қалпына келтіру. Біздің қоғам Қазақстандағы Ахыска түріктерінің диоспорасы болып табылады. Бүгінде Қазақстан əлемдік қауымдастықтың алдыңғы көшінде келе жатыр.
Қазақстан өткен ғасырдың 40-жылдарындағы солақай саясатқа байланысты қоныс аударған əртүрлі ұлт өкілдеріне пана болды, одан соң тың игеру басталды. Қазақстанға КСРО-ның барлық республикаларынан 600 мыңнан астам адам келді. Олардың 350 мыңы жастар еді. Солардың көпшілігі тұрақтап қалып, осында өз Отанын тапты.
Бір өлкеде тамаша өмір сүріп, тату болуға, жақсы жұмыс істеуге, отбасын құру сияқты адамзат құндылықтарын меңгеруге біздің халқымыздың даналығы жетеді.
Қазақстан – құшағы ыстық, құлашы кең байтақ өлке. 130-дан астам ұлт өкілінің бір атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмір сүріп келе жатқандығы бұл сөзімізге айғақ. Осыншама ұлт пен ұлыстың өкілі бірге тұрып, бірге жасап, бір мақсатқа жұмылып өмір сүріп келе жатқандығы еліміздің дана саясатының нəтижесі болса керек. https://massaget.kz/blogs/21216/ 1. Тұжырымның дұрыс нұсқасын + белгісімен көрсетіңіз.
1. Қазақ жеріне өзге ұлт өкілдерінің қоныстану себебі [1] A. Солақай саясаттың әсері
C. Көрші мемлекет боғандықтан
B. Ата-бабасының жері
D. Салт-дәстүрі ұқсастығы
2. Еліміздің дана саясаты туралы айтылған абзац [1] A. І
C. III
B. ІІ
D. IV
3. «Қазақстан ұлттық қауымдастықтардың дамуына ерекше ықпал ететін ел», сіз осы тұжырыммен келісесіз бе? Келісу не келіспеу себептерін 3 сөйлем арқылы жеткізіңіз. [3] ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________