Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 7-сынып Нұр-Сұлтан, 2022 Мазмұны


Ә мәтіні Табиғи өнім - денсаулық кепілі



бет21/30
Дата24.09.2024
өлшемі438 Kb.
#145524
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30
Байланысты:
Қазақ тілі 7-сынып ТЖБ

Ә мәтіні
Табиғи өнім - денсаулық кепілі
Гендік тұрғыда өзгеріске ұшыраған өнімдер туралы айтқанда, әлем ғалымдарының да, қоғамның да пікірі екіге жарылады. Біреулер бұл адамзат үшін өте қажет десе, кейбіреуі гендік модификация табиғат заңдылығына қарсы құбылыс екендігін алға тартады. ГМӨ-нің адам ағзасына зияндылығын ескере отырып, еліміздің ғалымдары отандық табиғи өнімдерді өндіруді қолға ала бастады.
Атап айтатын болсақ, Шымкенттік ғалымдар алма және шабдалыны қақтап, одан қытырлақ, яғни, чипс жасаудың оңтайлы жолын тапты. Жастар мен балалар арасында үлкен сұранысқа ие мұндай тауардың шетелде жасалған түрлері дүкен сөрелерінде толып тұр. Алайда, олардың көпшілігінің құрамы ағзаға кері әсер ететін химиялық қоспаларға толы. Ал, Оңтүстік ғалымдары мұндай тағам түрлерін денсаулыққа пайдалы табиғи таза өнімдерден жасауды ұсынды.
Мұндай идея ғалымдарды көптен бері ойландырып жүр. Чипстегі синтетикалық қоспалардың адам ағзасына кері әсерін әлсіретіп, керісінше тағамдық пайдасын арттыруды ойлаған олар ақыры дегендеріне жеткен секілді. Алма мен шабдалыдан жасалған қытырлақтар – құрамы бай, табиғи дәмге ие таза өнім.
1. Тұжырымның дұрыс нұсқасын + белгісімен көрсетіңіз.
1. Шымкенттік ғалымдар жасаған қытырлақтың пайдасы [1]
A. Химиялық қоспалары бар
B. Табиғи таза өнімнен жасалған
C. Тұтынушылар сұранысына ие
D. Дүкен сөрелерінде ұзақ сақталады
2. ГМӨ-нің жақсы, жаман жақтары туралы ғалымдардың екі жақты пікірі айтылған абзац [1]
A. I
C. ІІІ
B. IІ
D. ешқайсысында
3. «Гендік модификация табиғат заңдылығына қарсы құбылыс екені аян» Сіз осы тұжырыммен келісесіз бе? Келісу не келіспеу себептерін 3 сөйлем арқылы жеткізіңіз. [3]
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жазылым



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет