Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 7-сынып Нұр-Сұлтан, 2022 Мазмұны


-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ



бет20/31
Дата20.03.2023
өлшемі440 Kb.
#75562
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
Байланысты:
Қазақ тілі 7-сынып ТЖБ-1

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
«Ғаламтор ғаламаты», «Қазақстандағы ұлттар достастығы» бөлімдері
Тыңдалым мен айтылым


Тапсырма.

  1. Мәтінді оқып шығыңыз. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беріп, өзгенің жауабымен салыстырып, талқылап, мазмұндауда қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жанжақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

  2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. [10]



1-мәтін
Әдемі орауыштағы виртуалдық өмір. Дерт пе, әлде қажеттілік пе?
«Әлемді жаулаған әлеуметтік желілер неше түрлі гламурлық көріністерге толы. Адамның жеке өмірінің күн сайын онлайн режимінде таратылу ауқымы кеңейіп келеді. Тіпті, бұрынғыдай жүздесіп, көзбе-көз шүйіркелесу мүмкін болмай қалды. Керек болса, лифтодәретхана, ванна, спорт-фитнес және өзге де «селфшоттар» ғаламторды жаулап алды.
Тордағы қауымдастықтар «эксгибиционистер» және «вуаейристер» болып қақ айырылды. Гламурдың бас сұқпаған саласы жоқ. Біздің жеке өмірімізге, әдебиетке, өнерге, тіпті, ғылым саласына да ендеп барады.
Қазірде әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет тілдесуден гөрі ғаламтор арқылы тілдеседі екен. Әлеуметтік желі адамдарды шынайы өмірден алыстатады. Бұл әсіресе, жастар арасындағы күрделі проблема болып отыр. Күн ұзаққа желіде отыратын бала адамдармен шынайы араласа алмайды, тұйықталып, ғаламторға тәуелді болады. Заманауи қоғам қайда бағыт алды? Бұл «кесел» қашанға дейін созылады? Келешекте интернет-технологиялар бізді несімен таң қалдырады? Нұрлыбек ДОСЫБАЙ
baq.kz/kk/news/mangilik_el/aleumettik-zheli-alemdi-sharpidi-paidasi-men-ziyani-kaisi-
2-мәтін
Сіз күніне неше рет әлеуметтік желіңізді тексересіз?
Әлем күннен-күнге қадамын алшақ басып дамуда. Бүгінде, қай қызмет саласы болмасын, жаңа технологиялармен, демек ғаламтормен байланысты. Қазіргі заман, желіге байланып келген құлдың емес, желіге желімденген қоғамның кезеңіне айналғандай.
Ғаламтордың жағымды тұстары да жоқ емес. Біріншіден, әлеуметтік желі арқылы танысып, табысып, тату-тәтті отбасы құрғандар да бар. Екіншіден, виртуалды әлем-қиындықсыз өмір, себебі адамдар тағамдарға да , киімдерге де, қажеттінің бәріне үйінен шықпай-ақ, тетіктерді басу арқылы қол жеткізеді. Үшіншіден, бұл -табыс көзі, өйткені ғаламтордағы түрлі әлеуметтік желілер мен сайттар арқылы өз кәсібіңді жүргізуге болады.
Шерхан Мұртаза «Бір кем дүние...» - дегендей, ғаламат ғаламтордың да қасіреті жоқ емес. Өрмекші торынан оратылып шыға алмағандар: көз, құлақ , бас, жүйке, омыртқа, сүйек, дұрыс тамақтанбау, ұйқының бұзылуы, жеке бас тазалығына мән бермеу секілді өзге де ауруларға шалдығып жатыр.
Сондықтан, әр нәрсенің тек жақсылығын алып, жамандығынан жиренуді әдетке айналдырайық, сонда ғана балаларымыз саналы, аналарымыз уайымсыз болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет