Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 7-сынып Нұр-Сұлтан, 2022 Мазмұны



бет1/31
Дата20.03.2023
өлшемі440 Kb.
#75562
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Қазақ тілі 7-сынып ТЖБ-1



«Қазақ тілі» пәні
(оқыту қазақ тілінде)


тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы


7-сынып

Нұр-Сұлтан, 2022
Мазмұны


1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 3
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3
3. Күтілетін нәтижелер 3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі 4
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 5
6. Модерация және балл қою .......................................................................................................6

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар...............................................7


2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар.............................................15
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар.............................................24
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар.............................................32-41


1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты


Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2.Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Жалпы орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
3.Күтілетін нәтижелер
1) тыңдалым және айтылым:
мәтін негізінде оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау, әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау, факті мен көзқарасты ажырату, дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау, дәлелді жауап беру, салыстыру, талқылау, коммуникативтік жағдаятқа сайкөркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу;
2) оқылым:
мәтіндік және графиктік ақпаратты интерпретациялау, тілдік құралдар арқылы публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін тану, хроника, хабар, очерктердің және кеңсе құжаттарының қызметтік жазбалардың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату, мәтіннің тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, тілдік ерекшеліктерін талдау, мәтін негізінде проблемалық сұрақтар құрастыра білу, комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу, сілтеме жасау;
3) жазылым:
күрделі жоспар құру, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу, графиктік мәтін түрінде берілген процесті сипаттап жазу, дискуссивті эссе жазу, жинақы мәтін жазу, мәтін негізінде лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау;
4) әдеби тіл нормалары:
орфографиялық норма:жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу;
орфоэпиялық норма: сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану;
лексикалық норма:фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану;
грамматикалық норма: есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлері, еліктеу сөздер, шылау түрлері, одағай, оқшау сөздер;
пунктуациялық норма: сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет