Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 8-сынып 2019-2020 оқу жылы мазмұНЫ



бет8/19
Дата10.05.2023
өлшемі438 Kb.
#91598
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
ОШ СОЧ Казахский язык Т1 8кл

Оқылым
Тапсырма
Мәтіндерді оқып, оларды салыстырыңыз. Мәтіндер қандай стильдерде жазылған? Стильге тән сөз қолданыстарынан мысал келтіріңіз.
[10]
А мәтіні
1991 жылдың 13 наурызында негізі қаланған «Қазақстан-Ғарыш» бағдарламасы ғарыш кеңіс­тігіндегі кешенді зерттеулерге осылайша кең жол ашты. Содан келіп ғарыш зерттеу саласына біржолата мойын бұрған Қазақстан Республикасы 2007 жылы елімізде Ұлттық ғарыш агенттігін құрды.
2006 жыл. Қазақстан ғарыштық мемлекет. «KazSat» – сәтсіздік
Қазақстан мен Ресей арасындағы жоғары дәрежелі мемлекеттік қарым-қатынас ғарыштық байланыстар негізінде жыл сайын өркендеп, құлаш жайып дами бастады. Ресейдің ғарыш агенттігінің кәсіби іс-қимыл қызметін, тіпті, «Қазғарыштың» араласуынсыз көз алдымызға елестету мүмкін де емес секілді еді.
2004 жылдың қаңтары. Көрші жатқан екі ел арасында қазақстандық тұңғыш геостационарлық ғарыш аппаратын дайындап ұшыру туралы мемлекеттік маңызы бар келісімшартқа қол қойылды. Үлкен жобадағы аталмыш Жер серігі 12 транспортерден тұрады десек, оның 8-і интернет пен телефонияға, үкіметтік және басқа да байланыстарға бағыттала жоспарланып, 4 транспортер телевизиялық жобаға қызмет ететін болды. Жер серігін жасауға Ресей Федерациясынан тыс 15 шетелдік фирма мүшелері қоян-қолтық араласып атсалысты. Олардың қатарында әлемдік борттық телекоммуникациялық жабдықтар шығаратын Boeing, Alcatel Alenia Spazio Italia, ComDev компаниялары да бар. «Протон-К» зымыран тасымалдағышымен жоспарланған алғашқы Жер серігі 2005 жылдың желтоқсанында орбитаға шығатын болып бекітілгенмен, қосымша тексерулердің қажеттілігіне байланысты әуелгі ұшу кейінге шегерілді.
Тәуелсіз Қазақстанның ғарыш саласына қатысты тарихының жаңа парағы 2006 жылдың 18 маусымы күні ашылды.
Осы күні «Байқоңыр» ғарыш айлағынан қазақстандық тұңғыш «KazSat» Жер серігі ұшырылды. 

Ә мәтіні
Ғарыш туралы түсінік


Ғарыш дегеніміз не?
«Космонавтика» - грек тілінен аударғанда «кеме басқару» деген мағынаны білдіреді екен. Ал осы космос корабльін орбитаға шығару үшін қуатты ракета двигателі және отын қажет, ал ракета жоғары температураға төзімді, жеңіл де берік материалдан болуы тиіс. Негізі осы космос және космосқа ұшу туралы ғылымның негізін қалаған К.Э.Циолковский болатын, ал оның арманын, ойын жүзеге асырған бас конструктор Сергей Павлович Королев басқарған совет ғалымдары мен инженерлер болды. Сондықтан да ғарыш кеңістігін игеру С.П.Королевтың есімімен тығыз байланысты. Жердің тартылыс күшін жеңе отырып, жердің тұңғыш жасанды спутнигі орбитаға 1957 жылы 4 қазанда көтерілді, бұл күн балалар космос дәуірінің басталуы болып есептеледі.
Ғарыш – ғаламның астрономиялы анықтамасының синонимі. Кейде Ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады. Ғарыш «Жер төңірегіндегі» кеңістікті қамтитын жақын Ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын алыс Ғарыш болып ажыратылады.
Ғарыш алаңы немесе космодром ғарыштық аппараттарды (ҒА) құрастыруға, сынауға және ұшыруға арналған ғимараттар мен техникалық құралдар орналасқан жер. Ғарыш алаңының басты нысандарына: технологиялық позиция, старттық жөне командалық өлшеу кешен-дері жатады. Әр нысан күрделі жабдықтар кешені мен олар орналасқан күрылыстардан тұрады.



А мәтіні

Ә мәтіні

Тақырыптары







Қандай стильде жазылған?







Стильге тән қандай сөздер қолданылады? Мысал келтіріңіз.







Мәтіндердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?









Жазылым

  1. Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, өз ойыңызды дәлелдейтін аргументативті эссе жазыңыз. сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін қолданып, жазба жұмысын орындаңыз.




  1. Ел арасында «Жар таңдауда, мамандық таңдауда қателеспе» деп жиі айтылатын жаттанды сөз бар. Сіздіңше, мамандық таңдаудың маңызы қандай? Ойыңызға аргументтер келтіре отырып, эссе жазыңыз.

  2. «Ғарыш әлемін бағындырған Қазақстан» тақырыбында дәлелдер келтіре отырып, ойыңызды жүйелеп аргументативті эссе жазыңыз.




  1. Эссеңізді қайта оқып, онда кездесетін есімді, етістікті сөз тіркестерінің астын сызыңыз.

[10]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет