Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 8-сынып 2019-2020 оқу жылы мазмұНЫ



бет16/19
Дата10.05.2023
өлшемі438 Kb.
#91598
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
ОШ СОЧ Казахский язык Т1 8кл

Тапсырма
1. Мәтінді тыңдаңыз (оқыңыз). Мәтіндегі көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді тұрақты тіркестерді жазып алыңыз.
2. «Бүгінгі таңда театр көрермендерінің мәдениеті төмендеп кетті» деген пікірмен келісесіз бе? Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дәлелдеңіз. Пікір білдіруде жазып алған көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді тұрақты тіркестерді қолданыңыз.
[10]

Көрерменің қандай, қазақ театры?


Театр – мәдениет ошағы. Ел өмірінің айнасына айналған театрларымыз күннен-күнге дамып келеді. Адам жанының емшісі болып жүрген театрымыздағы көрермендердің мәдениеті қай деңгейде?
Қай театрды алып қарамаңыз, көрермен жетерлік. «Қара халықтың мәдениетті болуынан, мәдениетті адамның қазақ болуы қиын», – дейді Ж.Аймауытов. Уақыт өткен сайын бұл пікірге көзіміз жетіп жүр. Бүгінгі күні халықтың мәдениетті, мәдениеттінің қазақ болуы да қиындап бара жатыр. Алпыстар шамасындағы көрермендер ертеректе өнер ошағындағы мәдениеттің жоғары болғанын тамсана айтады. Расында да, солай ма, бүгінгі күні көрермен, шынымен, өзгерген бе?
Қалай десек те, театрдағы халықтың мәдениетін көргенде ішіңе найзағай түскендей күйге түсетініміз жасырын емес. Қойылым кезінде ұялы телефонының қоңырауына ие бола алмай, онымен қоймай, телефонмен еркін отырып сөйлесу, орынсыз қол шапалақтау, кішкентай балалардың жылаған даусы, жастардың жырқ-жырқ күлкісі көзі ашық, көкірегі ояу басқа көрермендерді мезі етеді. Желсіз күні қауіп шақырмасақ та, бұлар біраз ойлантатын жайттар.
Театрға киіп келетін киім үлгісі де өз алдына бөлек талғамды талап ететін мәселелердің бірі. Тіпті, театрдан спорттық үлгіде киінген көрермендерді көрсек, таңғалмайтын дәрежеге жеттік. Осы орайда, жаңа қарқынмен келе жатқан тәуелсіз елдің театры: «Мен түзелдім, көрермен, сен де түзел!..» дейтіндей боп көрінеді де тұрады.


Оқылым
Тапсырма
Мәтіндерді оқып, оларды өзара салыстырыңыз. Мәтіндердің көтерген тақырыбы, жалпы мазмұны жағынан ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар ма? Кестені толтырыңыз.
[10]

А мәтіні
Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады. Сондықтан да отандастарымыз жылдағы демалыстарын Қара теңіз жағалауындағы демалыс орындары мен Ыстықкөлде өткізіп, таза ауада тынығып, мөлдір суына шомылып, демалыс дәмін татқысы келеді. Қарап отырсақ, туризмді дамытуға, оның игілігін көруге елімізде мүмкіндік бар.


Қазақстанның Туризм және спорт агенттігі бүкіләлемдік туризм ұйымымен бірлесіп, сыртқы және ішкі туризмді дамытудың тиімді бағыттарын айқындап, соның бірі ретінде экологиялық туризмді атап көрсеткен. Экологиялық туризмге қатысты елдегі мүмкіндігі жоғары аймақтар ретінде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары белгіленді.
Елімізде бұл сала экономикамыздың әжептеуiр пайда әкелетiн тармағына айналып келедi. Алайда көптеген сарапшылар Қазақстанның өз мүмкіндігін толық пайдаға асыра алмай отырғандығын сенімді түрде айтады. Өйткені туризмнің дамуы бірінші кезекте саяхаттауға барлық жағдайдың жасалуына байланысты. Сол себепті сыртқы елдерге шығатын туристер саны әлі де басым болып отыр.
Соңғы кездері Қазақстан саяхатына шетелдік қонақтар қызығушылық танытуда. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орындары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастады деп түсіндіреді. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуіне мүмкіндігі бар деп есептеледі.

Ә мәтіні
Қазақстандағы ішкі туризм саласының даму мүмкіндіктері


Халықаралық мамандар қазіргі туризмді құлдырауды білмейтін әлемдік экономика саласына жатқызады. Кіріс жағынан ол тек мұнай экспорты, мұнай мен автомобильге ғана жол береді. Шикізат сату елдің энерго тасымалдаушыларын шығынға ұшыратады, ал туриндустрия жанданып келе жатқан ресурстарда жұмыс істейді. Осыдан келіп туризмді дамыту шикізат сатудан тиімдірек пе деген ойға еріксіз берілесің. Сонымен қатар Қазақстанның ішкі туризмі – мемлекетіміздің жарнамасы болып табылады.
Халықаралық талдаушылар мен мамандардың ойынша туризм де Қазақстанның өсуі мен өркендеуіне зор ықпалын тигізеді. Осы орайда Алматының туристік инфрақұрылымы елеміздегі ең дамыған инфрақұрылым болып отыр. Қаламыздың туристік қызметтері даму үстінде: 600 жүзден астам туристік агенттіктер бар, 80-нен астам шетелдік компаниялармен байланыстар орнатылған. Өткен жылғы көші қон қызметінің көрсеткіші бойынша қаламызға көпшілігі «іскерлік туризм» өкілдері арқылы алыс және жақын шет елден 76000 қонақ келген.



А мәтіні

Ә мәтіні

Ұқсастықтары




Айырмашылықтары







Жазылым
Мәтін оқып, оның негізгі ойын сақтай отырып, қарапайым тезис жазыңыз. Мәтін абзацстары мен күрделі сөйлемдердің негізгі ойын ықшамдап, жай сөйлем түрінде ұсыныңыз. Сөз көлемі –шамамен 150-170 сөз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет