Білу: - бастапқы физикалық ұғымдарды;
- физикалық шамалардың өлшем бірліктерін;
- жылу физикасы, жылу мөлшері, электр өрісі, магнит өрісі, электр тогы, өткізгіштерді жалғау, электр энергиясын тұтыну, жарық құбылыстары, оптикалық құралдар, электромагниттік толқындар спектрі бөлімдеріндегі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды және физикалық тұрақты шамаларды;
- физикалық құбылыстарды;
Түсіну: - шамалардың физикалық мағынасын, механика, астрономияның негізгі терминдері мен заңдарын;
- физикалық құбылыстардың маңыздылығын;
Деңгейді тексеру үшін Көп таңдауы бар тапсырмалар (КТБ) және/немесе
Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады
Қолдану
Қолдану: - процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі физикалық ұғымдар мен терминдерді;
- қолданбалы және оқу тапсырмаларын шешу, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында физика заңдары мен формулаларын;
- нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді;
- өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;
- алынған білімдерін физикалық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге;
Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе толық жауапты (ТЖ) қажет
ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады
Жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау)
Талдау: - эксперимент нәтижесінде алынған деректерді,
- графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты,
- заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін;
Жинақтау: - кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды,
- гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді,
- эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын;
Бағалау: - жасалған эксперименттің нәтижелерін.
Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе Толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады