Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 8-сынып 2020-2021 оқу жылы мазмұНЫ



бет2/19
Дата24.11.2023
өлшемі439 Kb.
#125623
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
8-сынып казак тили тжб

Дағдылар

Ойлау






















Сұрақтар

дағдылары







Сипаттама










тобы
















түрі

ның деңгейі























































Тыңдалым
мен айтылым

Білу және түсіну


Қолдану



Жоғары
деңгей
дағдылары

  • дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжайды;

  • мәтінде көтерілген тұрмыстық, әлеуметтік мәселені талдай отырып, негізгі ойды анықтайды;

  • коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді қолданады;

  • коммуникативтік жағдаятта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізеді;

  • әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптардағы мәтіндердегі автордың көзқарасын талдайды;

  • мәтіндерде қолданылған экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдайды;

  • перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты табады;

  • көтерілген мәселе бойынша ой қорытады.

Ауызша
толық
жауапты
қажет
ететін
сұрақтар

Оқылым
және
әдеби
тіл
нормалары

Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары
деңгей
дағдылары

  • құрылымы мен ресімделуі арқылы мақала, аннотацияның жанрлық ерекшеліктерін ажыратады;

  • қолданылған тілдік құралдар арқылы публицистикалық және ғылыми стильдердің ерекшеліктерін ажыратады;

  • ортақ тақырыптағы ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің типтерін, тақырыбын, құрылымын салыстырады;

  • перифразаның түрлі тәсілдерін қолданып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырады;

  • тұтас және аралас мәтіндердегі ақпараттарды салыстырады;

  • оқылым стратегияларын қолданады.

Жазбаша
қысқа
жауапты
қажет
ететін
сұрақтар

Жазылым
және
әдеби
тіл
нормалары

Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары
деңгей
дағдылары

  • оқылым және тыңдалым материалдарының желісі бойынша аннотация, тезис жазады;

  • мәселенің артықшылығы мен кемшілігін салыстырып, аргументативті эссе жазады;

  • жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай, мақала құрастырып жазады;

  • орфографиялық нормаларды сақтайды;

  • грамматикалық нормаларды сақтайды.

Жазбаша
толық
жауапты
қажет
ететін
сұрақтар




  1. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін, білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін, білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет