Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 8-сынып 2020-2021 оқу жылы мазмұНЫ



бет6/19
Дата24.11.2023
өлшемі439 Kb.
#125623
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
8-сынып казак тили тжб

Балл қою кестесі


Тыңдалым және айтылым



Балл

Коммуникативтік құзыреттілік

Грамматикалық құзыреттілік

5

Дәйексөзді негізге ала отырып, өз болжамын білдіреді. Болжамының себебін дәлелді түрде өте жақсы жеткізеді.
Жұбының жасаған болжамына келісу не келіспеу пікірін білдіреді, себебін дәлелді түсіндіреді.

Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны өте жақсы қолданады. Сөздік қоры мол. Паразит сөздер мен қайталаулары жоқ. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді өте орынды, тиімді пайдаланады.

4

Өз болжамын жеткілікті білдіреді. Болжамының себебін дәйексөзбен байланыстырады, дәлелдері жеткілікті.
Жұбының жасаған болжамына келісу не келіспеу пікірін білдіреді, себебін жақсы түсіндіреді.

Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны жақсы қолданады. Сөздік қоры жеткілікті. Паразит сөздер мен қайталаулар аздап кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды пайдаланады.

3

Өз болжамын қанағаттанарлық деңгейде білдіреді, дәйексөздің мазмұнынан аздап ауытқу байқалады. Болжамының барлығы дәйексөзбен байланыса бермейді, дәлелдері жеткіліксіз, толықтыруды қажет етеді.
Жұбының жасаған болжамына келісу не келіспеу пікірін білдіреді, себебін түсіндіруі қанағаттанарлық.

Ойын кейде аяқталған, аракідік синтаксистік құрылымы сақталмаған сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері кездеседі. Сөздік қоры қанағаттанарлық. Паразит сөздер мен қайталаулары кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды, орынсыз пайдаланады.

2

Болжамы көп жағдайда жалпы, кебір ойлары жуық, алайда дәйексөзді назарға ала бермейді. Дәлелдер келтіруге тырысады, бірақ негізсіз.
Жұбының болжамына сипаттама түрінде пікір білдіреді, себебін түсіндірмейді.

Ойын көп жағдайда аяқтамайды, жай сөйлемдерді, қарапайым синтаксистік құрылымдарды қолданады. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері жиі кездеседі. Сөздік қоры күнделікті ауызекі лексикадан тұрады. Паразит сөздер мен қайталаулары жиі кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынсыз пайдалануы жиі кездеседі.

1

Болжамдары суреттермен сәйкесе бермейді, көбінесе суреттердегі детальдарды атаумен шектеледі.
Жұбының болжамына сипаттама түрінде пікір білдіреді, дәледері жоқ.

Ойын аяқтамайды, қарапайым синтаксистік құрылымдармен шектеледі. Грамматикалық дағдылары жетіспегендіктен, ой мен ойы байланыспайды, жүйе жоқ. Паразит сөздер мен қайталаулары негізгі лексикадан басым.

Оқылым


Балл

Сипаттамасы

9-10

Мәтінде көтерілген мәселені, жанрлық, құрылымдық, ерекшеліктерін, ресімделуін өте жақсы түсініп талдайды.

7-8

Мәтінде көтерілген мәселені, жанрлық, құрылымдық, ерекшеліктерін, ресімделуін жақсы түсініп талдайды.

5-6

Мәтінде көтерілген мәселені, жанрлық, құрылымдық, ерекшеліктерін, ресімделуін қанағаттанарлық деңгейде түсініп талдайды.

3-4

Мәтінде көтерілген мәселені, жанрлық, құрылымдық, ерекшеліктерін, ресімделуін шектеулі түсінеді, талдауға талпыныс жасайды.

1-2

Мәтінде көтерілген мәселені, жанрлық, құрылымдық, ерекшеліктерін, ресімделуін өте шектеулі деңгейде түсінеді.

0

Мәтінде көтерілген мәселені, жанрлық, құрылымдық, ерекшеліктерін, ресімделуін түсінбейді.

Жазылым


Балл

Сипаттамасы

9-10

Мәтіннің тақырыбы мен негізгі мазмұнын, көтерген басты мәселесін, автордың позициясын дәл анықтап, өте жақсы сипаттайды. Мақсатты аудиторияның қызығушылығын тудыру үшін мәтіннің жаңашылдығы мен ерекшелігін көрсетеді. Аннотацияға тән тілдік клишелерді (мақалада ... қарастырылады, мақала ... арналған, мақалада ... көрсетіледі, мақаланың негізінде ... жатыр, автор ... мәселелерге тоқталады, автор ... мәселелерін қозғайды, автордың/мақаланың мақсаты..., с.с.) орынды қолданады. Ойын логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры мол. Жанрдың құрылымдық, стильдік ерекшеліктерін бастан-аяқ сақтайды.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Қателері жоқ.

7-8

Мәтіннің тақырыбы мен негізгі мазмұнын, көтерген басты мәселесін, автордың позициясын анықтап, сипаттайды. Мақсатты аудиторияның қызығушылығын тудыру үшін мәтіннің жаңашылдығы мен ерекшелігін көрсетеді. Аннотацияға тән тілдік клишелерді (мақалада ... қарастырылады, мақала ... арналған, мақалада ... көрсетіледі, мақаланың негізінде ... жатыр, автор ... мәселелерге тоқталады, автор ... мәселелерін қозғайды, автордың/мақаланың мақсаты..., с.с.) орынды қолданауға тырысатыны байқалады. Ойын жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры жеткілікті. Жанрдың құрылымдық, стильдік ерекшеліктерін сақтайды.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 ұсақ қате кездеседі.

5-6

Мәтіннің тақырыбы мен негізгі мазмұнын, көтерген басты мәселесін сипаттауы қанағаттанарлық. Аннотацияға тән тілдік клишелерді (мақалада ... қарастырылады, мақала ... арналған, мақалада ... көрсетіледі, мақаланың негізінде ... жатыр, автор ... мәселелерге тоқталады, автор ... мәселелерін қозғайды, автордың/мақаланың мақсаты..., с.с.) сирек болғанымен, орынды қолданады. Ой жүйесі аракідік байланыспайды. Сөздік қоры қанағаттанарлық деңгейде. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін сақтайды, бірақ стильден ауытқу бар.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қателер кездеседі.

3-4

Мәтіннің тақырыбы мен негізгі мазмұнын, көтерген басты мәселесін сипаттауы шектеулі. Аннотацияға тән тілдік клишелерді (мақалада ... қарастырылады, мақала ... арналған, мақалада ... көрсетіледі, мақаланың негізінде ... жатыр, автор ... мәселелерге тоқталады, автор ... мәселелерін қозғайды, автордың/мақаланың мақсаты..., с.с.) сирек қолданады, орынсыздық байқалады. Ой жүйесі байланыспайды. Сөздік қоры шектеулі. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктері сақталмайды, стильдік бірізділік жоқ.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 4-5 ұсақ және ірі қателер кездеседі.

1-2

Мәтіннің тақырыбы мен негізгі мазмұнын, көтерген басты мәселесіне сипаттама берілмейді. Аннотацияға тән тілдік клишелерді (мақалада ... қарастырылады, мақала ... арналған, мақалада ... көрсетіледі, мақаланың негізінде ... жатыр, автор ... мәселелерге тоқталады, автор ... мәселелерін қозғайды, автордың/мақаланың мақсаты..., с.с.) қолданбайды. Ой жүйесі жоқ. Жанрдың құрылымдық, стильдік ерекшеліктері туралы түсінігінің аздығы немесе мүлде жоқтығы анық байқалады.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан алтыдан көп ұсақ және ірі қателер кездеседі.

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет