Тоқсанның жиынтық бағалау спецификациясы 2-тоқсанның жиынтық бағалауына



Дата21.12.2023
өлшемі34,13 Kb.
#142203
түріАнализ
Байланысты:
ТЖБ 9 а әд


  1. ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ



2-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы 45 минут
Түсіну және жауап беру – 10 минут Анализ және интерпретация – 15 минут Бағалау және салыстыру – 20 минут Балл саны – 30


Тапсырмалар түрлері:
КТБ – көп таңдауды қажет ететін сұрақтар ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар ТЖ – толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлім, 11 тапсырмадан тұрады: бірінші бөлім – түсіну және жауап беру, екінші бөлім – анализ және интерпретация, үшіншісі – бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

*Сипаттама

*Орындау уақыты, мин

Балл

1

9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;
9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау;
9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау;

Жауап нұсқаларынан
бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар

10

5

2

3

4

5




6

9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау;
9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру;
9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу

Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар

15

15

7

8

9

10



11

9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін
заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

20

10




9.3.4.1 әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен
салыстыра талдап, шағын сын мақала жазу










Барлығы:

45

30



«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Бөлім: Тарихи шындық пен көркемдік шешім
Шығармалар: Нысанбай жырау «Кенесары – Наурызбай»
Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны», «Мен, мен, мен едім», «Бағаналы терек»,
Ш.Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі»


1-БӨЛІМ

    1. Нысанбай жыраудың «Кенесары Наурызбай» дастанындағы оқиғалар тізбегін ретімен орналастырыңыз.




1

Басталуы

А

Наурызбайдың Топжарған атының ұрлануы

2

Байланысуы

В

Қырғыздардың жеріне басып кіру

3

Дамуы

С

Наурызбай мен Кенесарының бейнелері

4

Шиеленісуі

D

Наурызбай сегіз батырды ертіп, жауға аттануы Қазақтардың қырғыз жерінде жеңіліс табуы.

5

Шарықтау шегі

Е

Кененің Дулаттармен келісе алмауы.

6

Шешімі

Ғ

Қырғыздар берілмеуі және Наурызбай ханнан және Бұғыбайдан көмек сұрауы.

[1]


    1. Үзіндіде Наурызбай батырдың қандай мінез-құлқы көрінеді?



Кімге апарып теңейміз Наурызбай сынды жасынды?! Кенесары, Наурызбай
Атағы шықты аңқылдап. Жауды үркітіп, қашырды, Ақ алмастай жарқылдап, Зәресін алды дұспанның,
Найзағайдай шартылдап. Қасына ерген төлеңгіт Олжаға батты қарқылдап. Кенесары, Наурызбай
Мұсылманға жан тартты. Ерегескен дұшпанның Жылқысын алып, зарлатты.
А) Қайсарлығы
В) Қызуқандылығы С) Қатыгездігі

      1. Қорқақтығы

[1]




    1. Кімнің сөзі?

Әй, Бұғыбай, Бұғыбай, Қорлық болды бұ қалай? Жол таба алмай қамалдық, Амал тапшы бұған-ай!
Былтыр өзің келгеннен
Ханның алдың жарлығын. Тар жол, тайғақ кешуде Қолдың алдың жабдығын. Бір ізіңнен жүргіздің
Үш алаштың барлығын. Жалғыз жолдан аса алмай, Тастың тарттым зарлығын.

А) Абылай


В) Наурызбай С) Кенесары

      1. Байұзақ [1]




    1. Үзінді кім туралы?

Беркініп садақ асынған,
Біріндеп жауын қашырған. Құйқылжыған құла жирен ат мінген, Құйрық, жалын шарт түйген,-

А) Баймағамбет сұлтан В) Наурызбай батыр С) Кенесары хан


D) Махамбет ақын
[1]



    1. «Ыстықкөл күнделігінде» Шоқанның қандай қасиеттері жиі байқалады?

А) ұлттардың ерекшелігін салыстырады, ұлттық аспаптарды жақсы ойнай алады; В) ауа райын болжағыштығы, емдік шөптерді жинауы;
С) табиғатқа деген сүйіспеншілік, салт-дәстүрге деген құрмет; Д) әңгімешіл, көп тіл біледі.

[1]




    1. БӨЛІМ

    1. «Ыстықкөл күнделігінде» автор үзіндіде қандай композициялық амалды қолданғанын талдап жазыңыз (4-5 сөйлем). «Тау етегінде сарыағаш, долана, итмұрын бұталары бар, бірақ көп емес, тек шырша ғана тұтасып өскен. Жоғарыға өрлеген сайын өсімдіктер сирей бастайды, тек аршагүл ғана бөктерді жауып, қарға дейін көтеріліп, солтүстік баурайды тұтас алып жатыр. Ұшар шыңда қар жатыр, ал қардан енді аршылған жерлерде жапырақ бүр жара бастаған. Солтүстік баурайда жуа, бәйшешек, бақбақ тәрізді өсімдіктер бар. Қызғылт күмістей жарқырап жатқан көл аспанмен таулы шыңдардың алыс бедерімен түстесіп тұр».

[3]

    1. Махамбеттің «Бағаналы терек» өлеңінен берілген үзіндідегі троп түрлерін талдап, автор стиліне баға беріңіз (7-8 сөйлем).

Бағаналы терек жарылса, Бақыраш жамап болар ма?!
Қарағайға қарсы бұтақ біткенше, Еменге иір бұтақ бітсейші Қыранға тұғыр қыларға.
Ханнан қырық туғанша, Қарадан бір-ақ тусайшы,

[3]




    1. Берілген үзіндінің көркемдік тілі мен ерекшелігін талдаңыз. «Кешке біз Аягөзді артқа тастадық, сосын Аягөз өзенінің Тумырза деп аталатын саласынан өтіп, өзеннің оң жақ таулы-тасты жағалауымен өрлей отырып, түнге жақын Қапал жолының бірінші бекеті - Ескі Аягөзге келіп жеттік. Аягөз өзенінің бойынан біз анағұрлым жанданған табиғатты көрдік. Дала тұтасымен жасыл желектің ашық түсті кілеміне ораныпты. Қараған, тобылғы, тал терек жапырақтар жайып, күннің көзі де біршама жылынып, оңтүстікке тән алаумен қыздырып тұр» («Ыстықкөл күнделігі») (5-6 сөйлем)

[3]




    1. ХХІ ғасыр ұрпағы ретінде Махамбеттің ізімен «Мен, мен, мен едім» өлеңін жазыңыз.

[3]



    1. Автор стилін сақтап, қара сөзбен Наурызбай батырдың портретін жасаңыз.

[3]



    1. БӨЛІМ

    1. Тақырыптардың бірін таңдаңыз. Жазбаңызда ұрпақтар сабақтастығына, шығарманың жаңашылдығына өз көзқарасыңызды білдіріңіз.




  1. «Ыстықкөл күнделігі» туралы сыни мақала жазыңыз. Өз жазбаңызда екі кезеңдегі ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беріңіз.

  2. Махамбет- азаттықтың жаршысы. Әдеби эссе жазыңыз.

  3. «Кенесары-Наурызбай» тарихи жырының қазіргі уақыттағы маңыздылығы.

Шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, шағын сыни мақала жазыңыз. [10]

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет