Төтенше жағдайлар және олардың халықтың әлеуметтік көңіл-күйіне әсері



бет3/3
Дата06.01.2022
өлшемі17,06 Kb.
#11436
1   2   3
Апат (авария) – белгілі бір аумақтағы халықтың өміріне және денсаулығына қауіп төндіріп, транспорт, құрылыс, құрал-жабдықтардың, материалдық құндылықтардың қирап бұзылуына алып келетін, қоршаған ортаға орасан зор залал алып келетін қауіпті техногендік оқиға.

Соңғы уақыттарда «техногендік сипаттағы катастрофа» ұғымының кеңінен қолданылуын атап өтуге болады. Бұл ұғым қоршаған ортаға, адам денсаулығына үлкен нұқсан келтіретін ірі аварияларды сипаттайды.

 Қазіргі жаңа XXi ғасыр катастрофалар мен дағдарыстарға,террористік әрекеттерге толы деп айтсақ қателеспейміз.

Төтенше,   экстеремалдық   ситуацияларды бастан кешірген адамның бірінші кезектегі психологиялық көңіл-күйін есеңгіреп қалу, есінен айрылу, қатты қорқып қалу деп сипаттауға болады. Одан кейін психоэмоционалдық күйінің одан әрі төмендеуі, депрессивтілік, мінез-құлығының моральдық талаптардан ауытқуы т.б. байқалады. Осы кезеңде мінез-құлықтағы көптеген өзгерістер, психологиялық ауытқушылықтар төтенше жағдайлардың аяқ астынан болуына, ұзақтығына, интенсивтігіне ғана емес, сонымен қатар қиындыққа ұшыраған адамның тұлғалық ерекшеліктеріне де байланысты болады. Келесі кезең мәселенің шешілу кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде адамның көңіл-күйі бірқатар қалпына келгенімен, қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа түсуі әлі де болса шектеулі, эмоционалдық сезінуі әлі де болса төмен. Соңғы кезең қалпына келу кезеңі. Бұл кезеңде тұлғааралық қарым-қатынастарға түсу белсенді бола бастайды. Экстремалдық қиын ситуацияларды бастан кешірген адамдарда психикалық дағдарыстар ұдайы көрініп тұратын қалыпты жағдайға айналады. Олардың жұмыс істеу қабілеті төмендеп, түрлі психикалық күйзелістер арқылы көрініп отыратын ауруларға ұшырауы мүмкін. Психологиялық көмектің негізгі мақсаты тұлғаның адаптивтік және қалпына келтіру ресурстарын өзектендіру. Қазіргі уақытта бұқаралық ақпарат құралдары жарылыстар мен өрттер, жер сілкінісі мен пойыздардың апаты, су тасқыны, эпидемия т.б. ақпараттарды үзіліссіз беріп отырады. Мұндай катаклизмдер үлкен материалдық шығындар мен адамдардың құрбандығынсыз жүрмейді. Бүкіл әлемде осындай тенденцияның өсуі тіркелуде, ал біздің еліміз де мұндай жағдайлардан тыс емес.



Қортындылай келе, халықтың әлеуметтік тұрғыдан өзін жақсы сезінуін қалыптастыру әлеуметтік қорғау шараларының кеңінен жүргізілуін талап етеді. Бірінші кезекте азаматтар туындап отырған қиындықтар туралы және қауіпсіздікті сақтау шаралары туралы толық ақпараттар алып отыруы тиіс. Қоршаған ортаның ластануы, техногендік зиянды әсерлер туралы мемлекеттік және жергілікті органдарға жеке тұрғыда немесе ұжымдық тұрғыда ақпарат беріп, орын алып отырған мәселелердің шешілуін талап етіп отырулары тиіс. Әрбір жеке адамның азаматтық позициясын белсенді етіп қалыптастыру әлеуметтану мамандарынан аянбай көп еңбек етуді талап етеді. Әлеуметтік қауіпсіз ортаны қалыптастыру әлеуметтік сала мамандарының басты міндетіне айналуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет