Табиғи катастрофа – қоршаған табиғи ландшафтарды қайталанбас өзгерістерге алып келетін, өте үлкен масштабтағы қиын салдарларымен ерекшеленетін стихиялық күйзеліс.
Техногендік төтенше жағдай – белгілі бір аумақтағы объектіде, техногендік төтенше ситуация көздерінің пайда болуының нәтижесінде адамдардың өмір сүруіне қолайлы қалыпты жағдайлардың бұзылуы, олардың денсаулықтарына, мал мүліктеріне зиян келтіріліп, халық шарауашылығына, қоршаған табиғи ортаға нұқсан келтірілетін жағдай.
ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар» туралы заңы 1996 жылдың 5 шілдесінде қабылданды. Бұл заңға 2014 жылдың 13 қаңтарында толықтырулар енгізілді. Осы заңға сәйкес техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар өнеркәсіптік, транспорттық және басқа да апаттар, өрттер (жарылыс), улы, радиоактивті және биологиялық қауіпті заттардың ауаға жайылуы негізінде болған апаттар, үйлер мен құрылыстардың аяқ астынан бұзылуы, бөгеттердің ашылуы, электроэнергетикалық және коммуникациялық жүйелердегі, тазарту құрылымдарындағы апаттардан болатын төтенше жағдайлар ретінде қарастырылады [1].
Ең маңызды және кеңінен тараған төтенше техногендік оқиғаны сипаттайтын ұғым апат (авария).
Достарыңызбен бөлісу: |