ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯЛАРЫ
Жұмыстың мақсаты: тотығу-тотықсыздану реакцияларының (ТТР) негізгі тұсініктері туралы білімді бекіту, ТТР жүруіне әсер ететін, кейбір бейорганикалық қосылыстардың және факторлардың тотығу-тотықсыздану қасиеттерін зерттеп білу
1-тәжірибе. Дихромат ионның (Cr2O7 2 ‾) тотықтырғыш қасиеті
Құралдар және реактивтер. А - нұсқа. Сынауықтар, калий дихроматы K2Cr2O7, күкірт қышқылы H2SO4, натрий сульфиті Nа2SО3, натрий нитриті NаNO2 ерітінділері.
А-нұсқа. Екі сынауық дайындап, сынауықтарға 1-2 мл-ден 1-ші сынауыққа калий дихроматы K2Cr2O7 және 2- ші сынауыққа күкірт қышқылы H2SO4 ерітінділерін құйыңыз. Одан ары 1-ші сынауыққа шамамен сол көлемде натрий сульфиті Nа2SО3, ал екінші сынауыққа натрий нитриті NаNO2 ерітінділерін қосыңыз. Екі сынауықта да жасыл түсті хром сульфаты Cr₂(SO₄)₃ ерітіндісінің түзілгенін байқаңыз.
а) K2Cr2O7 + H2SO4 + Na2SО3 Cr2(SO4)3 + Na2SO4 + K2SO4 + H2O
б) K2Cr2O7 + H2SO4 + NaNО2 Cr2(SO4)3 + NaNO3 + K2SO4 + H2O
Құралдар және реактивтер. Б - нұсқа. Сынауықтар, калий дихроматы K2Cr2O7, күкірт қышқылы H2SO4, калий иодиді KI, сутегі асқын тотығы Н2О2 ерітінділер
Б-нұсқа. Екі сынауық дайындап 1-2 мл-ден 1-ші сынауыққа K₂Cr₂O₇, ал 2-ші сынауыққа H₂SO₄ ерітінділерін құйыңыз. Одан ары 1-ші сынауыққа шамамен сол мөлшерде KI, ал екіншіге - H₂O₂ ерітінділерін қосыңыз. Екі сынауықта да жасыл түсті хром сулфаты Cr₂(SO₄)₃ ерітіндісінің түзілгенін, сонымен бірге 1-ші сынауықта қызыл-қоңыр түсті бос йодтың I₂ тұнбаға түскенін, ал 2-ші сынауықта – бос оттегі O₂ газының көпіршіктерін байқаңыз.
а) K2Cr2O7 + H2SO4 + KI Cr2(SO4)3 + I2 + K2SO4 + H2O
б) K2Cr2O7 + H2SO4 + H2O2 Cr2(SO4)3 + О2 + K2SO4 + H2O
2-тәжірибе. Қалайы ионының ІІ (Sn²⁺) тотықсыздандырғыш қасиеті
Құралдар және реактивтер. Сынауықтар, қалайы хлориді SnCl₂(II) , натрий гидроксиді NaOH, висмут хлориді ВіCl₃ ерітінділері
Тәжірибенің орындалуы. Сынауыққа 1-2 мл қалайы (II) хлориді SnCl₂ ерітіндісін құйып натрий гидроксиді NaOH ерітіндісін бастапқыда түзілген ақ түсті амфотерлі қалайы (II) гидроксиді Sn(OH)₂ ерігенше, ақырын тамшылатып қосыңыз
Алынған натрий станниті Na₂[Sn(OH)₄] ерітіндісіне 1-2 мл висмут хлориді BiCl3 ерітіндісін құйыңыз. Тұнбаға түскен қара түсті металлдық висмуттың Bi бөлінгенін байқаңыз
3-тәжірибе. Сутегі пероксидінің Н2О2 (сутегі асқын тотығының) екі жақтылық тотықтырғыш-тотықсыздандырғыштық қасиеттері
Құралдар және реактивтер. Сынауықтар,калий перманганаты KMnO₄, күкірт қышқылы H₂SO₄, калий йодиді KI және сутек пероксиді H₂O₂ ерітінділері.
Тәжірибенің орындалуы. Екі сынауық дайындап, оларға 1-2 мл – ден 1 ші сынауыққа калий перманганаты KMnO₄ ерітіндісін, ал екіншіге – калий йодиді КІ ерітіндісін құйыңыз. Содан кейін екі ерітіндіні күкіртқышқылы H₂SO₄ ерітіндісінмен қышқылдаңыз (шамамен 1-2 мл қосыңыз). Екінші реагенттің қатыспауынан ерітінділердің түсінің бастапқы қалпын сақтауын байқаңыз. Ары қарай алынған ерітінділерге 1-2 мл сутегі пероксиді ерітіндісін қосыңыз. Бірінші сынауықта күлгін түсті калий перманганаты KMnO₄ ерітіндісінің күңгірттенгенін және оттегі О2 газы көпіршіктерінің бөлінуін, ал екінші сынауықта қызыл – қоңыр түсті бос йодтың І2 пайда болғанын байқаңыз. Бос йоды бар ерітіндіге түссіз крахмал ерітіндісін қосса, ерітінді аса көк түске боялады
4-тәжірибе. Натрий нитритінің (NaNO2) екі жақты тотықтырғыш тотықсыздандырғыш қасиеттері
Құралдар және реактивтер. Сынауықтар, натрий нитриті NaNO2, тұз қышқылы HCl₂, қалайы хлориді (ІІ) SnCl2 және бром суы Br₂ (жаңадан дайындалған) ерітінділері.
Тәжірибенің орындалуы. Екі сынауық дайындап, екеуіне де 1-2 мл-ден натрий нитриті NaNO₂ ерітіндісін құйыңыз. Содан кейін бірінші сынауыққа 2-3 мл қалайы (II) хлориді SnCl₂ мен бірнеше тұз қышқылын қосыңыз, ал екінші сынауыққа 2-3 мл бром суын Br₂ қосыңыз. Бірінші сынауықта ерітіндінің лайланғанын және қоңыр түсті азот диоксиді NO₂ газының, ал екінші сынауықта – күңгірттенген бром суының пайда болғанын байқаңыз. Бірінші сынауықта ерітіндінің лайлануы мен қоңыр түсті газдың пайда болуы ТТР екінші өнімнің түзілуіне байланысты
а) NaNO2 + SnCl2 + НСl NO + SnCl4 + H2О
б) NaNO2 + Br2 + H2О NaNO3 + НBr
5-тәжірибе. ТТР-ның жүруіне ортаның әсері
1) Төмендегі химиялық реакцияларды жүргізіңіз:
а) KMnO4 + H2SO4 + Na2SО3 MnSO4 + Na2SO4 + K2SO4 + H2O
б) KMnO4 + NaOH + Na2SО3 K2MnO4 + Na2MnO4 + Na2SO4 + H2O
в) KMnO4 + H2O + Na2SО3 MnO2 + Na2SO4 + KOH
Құралдар және реактивтер. Сынауықтар, дистиллденген су Н2О, калий перманганаты KMnO4, натрий гидроксиді NaOH, күкірт қышқылы H₂SO₄, натрий сульфиті Na₂SO₃ ерітінділері.
Тәжірибенің орындалуы. Үш сынауық дайындап, үшеуіне де 1-2 мл – ден калий перманганаты KMnO₄ ерітіндісін құйыңыз. Содан кейін 1 ші сынауыққа шамамен сондай мөлшерде күкірт қышқылы H₂SO₄ ерітіндісін, ал екіншіге – су Н2О, ал үшіншіге сілті NaOH қосыңыз. Барлық үш сынауықтағы ерітінділерге 1-2 мл ден натрий сульфиті Na₂SO₃ ерітіндісін қосыңыз. KMnO₄ тотықсыздануы ортаға байланысты.
Реакцияның әр түрлі сыртқы белгілерін: бірінші сынауықта – күлгін калий перманганаты KMnO₄ ерітіндісінің толық түссізденуін, екінші сынауықта - қара – қоңыр түсті марганец диоксиді MnO2 тұнбасының түзілуін байқаңыз. Үшінші сынауықта бастапқыда түзілген мөлдір жасыл түсті калий манганатының K₂MnO₄ манганат тұздары сұйытылған ерітінділерінің тұрақсыздығынан лайланған қоңыр ерітіндіге айналады:
3K2MnO4 + 2H2O → 2KMnO4 + MnO2↓ + 4KOH
Достарыңызбен бөлісу: |