Тотығу-тотықсыздану реакциялары



бет2/4
Дата15.12.2023
өлшемі145,45 Kb.
#139668
1   2   3   4
1. Молекула аралық. Бұған атомдар немесе молекулалар, иондар арасында болатын алмасу реакциялары жатады. Мысалы,
2. Молекула ішілік. Бір ғана молекуладағы екі түрлі атомның біріне –бірінің электрондарды алмастыру арқылы жүзеге асады. Мұндай реакциялар көп жағдайда күрделі заттардың ыдырауында кездеседі. Мысалы,
3. Диспропорциялану реакциясы. Бұл жағдайда бір ғана атом немесе ион тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та бола алады. Мысал ретінде хлор газының сумен әрекеттесуін қарастырайық,
Тотығу-тотықсыздану реакцияларын құрастыруда электронды - баланс және ионды-электронды баланс (жартылай реакция) деп аталатын екі әдісті қолданады.
Электронды баланс әдісі бойынша күкірт сутегінің қышқылдық ортада калий перманганатымен әрекеттесуін мысал ретінде қарастырайық.

  1. Реакция теңдеуін жазамыз:

  2. Реакция кезінде тотығу дәрежелері өзгеретін элементтерді тауып, олардың тотығу дәрежелерін формулаларының үстіне таңбалаймыз:


3. Электронды беру және қосып алу процесі бойынша тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш коэффициенттерін тауып, электрондық теңдеуін жазамыз:

Бұдан күкірт пен марганецтің тотығу дәрежелері өзгеретіні: тотықсыздандырғыш, тотықтырғыш екені байқалады.
4. Реакцияға қатысқан атомдардың коэффициенттерін тауып, өзара теңестіреміз:

Осы келтірілген реакцияның теңдеуін енді жартылай реакция немесе ионды-электронды әдіс бойынша теңестірейік.
1. Тотығу-тотықсыздану үрдісінің электрондық теңдеуін жазамыз:

2. Тотығуға және тотықсыздануға қатысқан бөлшектерді екіге бөліп, оны жартылай реакция түрінде жазамыз:


Соңғы теңдеуде анионындағы 4 оттегі атомын байланыстыру үшін қоса жазылады.
3. Табылған коэффициенттерді ескере отырып екі жартылай реакция теңдеулерін қосып, жалпы иондық теңдеуді жазамыз:

Соңында реакцияның иондық теңдеу негізінде молекулалық теңдеуді толық жазамыз:

Теңестірудің бұл екі әдісі іс жүзінде бірдей қолданылады. Алайда ерітінділерде өтетін тотығу-тотықсыздану реакцияларын тек ионды-электронды әдісі бойынша ғана құрастырған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет