Титрлеу қисығын талдау. Егер n1=n2 тең болса, онда тотығу-тотықсыздану қисығы симметриялы болады. Потенциалдың секіру шамасы тотыққан және тотықсызданған иондардың концентрациясына, температураға, ерітіндінің рН-ына, комплекстүзуші иондарға т.б. факторларға тәуелді.
Тотығу-тотықсыздану титрлеудің артықшылықтары. ТТТ өте жоғары дәлдікпен орындалады, оңай қайталанады және тез орындалады.
Редокс әдісінің негізінде көптеген химиялық реакцияларды орындауға болады, сондықтан өндірістік химия-аналитикалық бақылауда кеңінен пайдаланылады.
ТТТ тәсілдерімен тек тотығатын немесе тотықсызданатын жүйелерді ғана емес, сонымен қатар тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатыспайтын компоненттерді де анықтауға болады.
Эквиваленттік нүктені индикаторлармен, индикаторсызда және инструменталды әдіспен де анықтауға болады.
Анықтауда түрлі титрлеу тәсілдерін: тура, кері, жанама қолдануға болады.
Стандартты ерітінділері оңай даярланады, стандартты ерітінді даярлайтын қосылыстардың құрамы тұрақты, химиялық таза болып келеді.
Титрлеуді ерітіндінің рН мәні әртүрлі шамада орындауға болады.
Көп компонентті жүйелерді титрлеп, құрамын анықтауға болады.
Тотығу-тотықсыздану тәсілдерін басқа әдістермен байланыстырып талдау фармацевтикалық талдаудың түрлі салаларында кеңінен қолдануға мүмкіншілік береді.