Тотығу-тотықсыздану титрлеу. Реакцияларға қойылатын талаптар. Индикаторлар



бет2/3
Дата06.11.2022
өлшемі96,19 Kb.
#47849
1   2   3
Байланысты:
12 практикалық сабақ

Индикатор

Е°, В

Индикатор түрлерінің түстері

тотыққан

тотықсызданған

1

Бейтарап қызыл

-0,325

қызыл

түссіз

2

Дифениламин

0,76

күлгін

түссіз

3

Ферроин

1,06

солғын-көкшіл

қызыл

4

N-Фенилантронил қышқылы

1,0

Күлгін-қызыл

түссіз

Тотықтырғыштар әсерінен түссіз дифениламен түссіз дифенилбензидинге қайтымсыз тотығады. Түзілген түссіз дифенилбензидин қайтымды тотығады, нәтижесінде күлгін түсті дифенилдифенохинондииминге өтеді, бұл индикатордың тотыққан түрі -күлгін түсті. Индикатор түсінің ауысу интервалы . Сонымен, қайтымды өзгеретін редокс-индикатор дифениламин емес дифенилбензидин.


2. N-Фенилантронил қышқылы (2-дифениламинкарбон қышқылы). Ауысу процестерінің механизмі дифениламинге ұқсас. Тотықсызданған түрі түссіз, ал тотыққан түрі күлгін-қызыл түсті. Индикатор түсінің ауысу интервалы .
3. Ферроин - Темірдің(II) орто-фенантролинмен қызыл түсті комплексі [FeL3]2+,
[FeL3]3+ + 1e → [FeL3]2+
тотыққан түрі тотықсызданған түрі
солғын-көкшіл қызыл
Индикатор түсінің ауысу интервалы .
Қайтымсыз редокс индикаторлар: метил қызыл сарысы (метилоранж), метил қызыл т.б., бұл топтағы индикаторлар эквиваленттік нүктеде тотықтырғыштың артық мөлшерінің әсерінен қайтымсыз тотығады нәтижесінде өздерінің түсін өзгертеді. ТТТ индикатор түсінің ауысу потенциалы титрлеу қисығының секіру интервалында орналасу қажет. ТТТ пайдаланылатын индикаторлар қышқыл-негіздік қасиет көрсетеді, сондықтан өзінің түсін ерітіндінің рН байланысты өзгерту мүмкін. Сондықтан титрленетін ерітіндінің рН-ын бір қалыпты ұстау қажет (мысалы, дифениламинді тек қышқылдық ортада пайдаланады). ТТТ соңғы нүктесін анықтау үшін физико-химиялық (инструменталды, фотометриялық т.б.) әдістер де қолданылады.
ТТТ пайдаланылатын индикаторларға қойылатын талаптар:
1. Индикатор өте сезімтал болуы тиіс, эквиваленттік нүктеде тотықтырғыш немесе тотықсыздандырғыштың өте аз мөлшерімен әрекеттесуі тиіс.
2. Тотыққан және тотықсызданған түрлерінің түстерінде айырмашылық болуы тиіс.
3. Индикатор түсінің ауысу интервалы жоғары болмауы қажет.
4. Индикатордың құрамы ауадағы оттектің немесе тағы басқа қосылыстардың әсерінен өзгермеуі қажет.
Тотығу- тотықсыздану тирлеудің қисықтары. ТТТ өлшенетін параметр - ТТП, ол Нернст теңдеумен анықталады. . Анықталатын компонент және титрант өзара тотығу-тотықсыздану реакциясына қатысатын болғандықтан, эквиваленттік нүктеге дейін ТТП анықталатын компоненттің жартылай реакциясымен, ал эквиваленттік нүктеден кейін титранттың жартылай реакциясымен есептеледі. Эквиваленттік нүкте анықталатын компонет пен титранттың СТТП және ТТР-на қатысатын электрон санымен анықталады. Мысал ретінде, 100 мл 0,1н Fe2+ тұздарының ерітіндісін 0,1н церий(IV) тұздары ерітіндісімен титрлеуді қарастырайық.
Fe2+ + Ce4+ ↔ Fe3+ + Ce3+
Fe2+ -1e ↔ Fe3+ Е° = 0,77 B
Ce4+ +1e ↔ Ce3+ Е° = 1,44 B
Ерітінді титрленбес бұрын жүйеде Fe3+/Fe2+ редокс жұбы болады, бірақ Fe3+ тотыққан түрінің концентрациясы өте аз, бөгде қосылыстардың әрекеттесуі нәтижесінде пайда болады, сондықтан бастапқы нүкте есептелмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет