Адам, қоғам, тарих мәселелерi В.С.Соловьев адамзат өмiрiнiң мән-мағнасын жер бетiнде “Құдайдың патшалығын² орнатуға бағытталған iс-әрекеттен көредi. Ал ендi жеке адамға келер болсақ, ол екi жақты пәнде. Бiр жағынан, ол дене ретiнде жағалай қоршаған дүниемен, екiншi жағынан, рух ретiнде Құдаймен байланысты. Соңғы адамды табиғаттағы ерекше пенде ретiнде көрсетедi - ол мәңгi, өлместiкке ие болған. Адам Құдай мен материалдық дүниенi бiр-бiрiмен байланыстыратын, ғарышты тәртiпке келтiрiп, ұйымдастыратын пәнде.
Адам өзiн тұлға ретiнде тек қана қоғам шеңберiнде iске асыра алады. “қоғам - толықтырылған, кеңейтiлген тұлға болса, онда тұлға - нұктеленген, қысылған қоғам². Қоғамға бағынып адам жоғарыға өрлейдi, ал оның өзiндiк ерiктi iс-әрекетi қоғамды әрi қарай дамытады.
В.С.Соловьев қоғамның тарихи дамуын үш сатыға бөледi. Олар: рулық, ұлттық, рухани-ғарыштық. Соңғыға әлi жету қажет. Ол үшiн тек жан-ұяны ғана емес, сонымен қатар экономика мен саясатты да моральдық тұрғыдан қайта өзгерту қажет.
Адамның табиғатпен қарым-қатынасына келер болсақ, ол да үш сатыдан өтедi: бiрiншi сатысында адам табиғаттың күштерiне тәуелдi, олардан зардап шегедi, екiншi сатыда - неше-түрлi iс-әрекет жасап олармен күреседi, ақырында табиғатты игерiп, өз еркiне көндiредi. Үшiншi, болашақ тарихта, адамзат табиғаттың идеалдық жағдайына өтуiне көмектесуi қажет.
Адамзат тарихына көз жiберiп В.С.Соловьев халықтардың әр-тұрлi сатыда екенiн, адамдардың бiр-бiрiнен алшақтанып, жаттанғанын, шынайы өмiрдегi материалдықтың басымдылығын байқайды. Олай болса, негiзгi мақсат - адамзаттың басын рухани жағынан бiрiктiру қажет.
Адамның рухани жетiлуi тек қана дiнмен емес, сонымен қатар, адамгершiлiк, өнегелiкпен байланысты. Этиканың негiзгi ұғымы ретiнде ойшыл “iзгiлiк², “жақсылықты² келтiредi. Осымен қатар, ол моральдық “ұят², “аяу², “пiр тұту² сезiмдерiне көп көңiл бөледi. Бұл кiсiнiң мынандай ғажап сөздерiн келтiрейiк : “Мен ұяламын, олай болса, тек қана табиғи емес, сонымен қатар рухани өмiр сүремiн, өйткенi, мен өзiмнiң жануарлығымнан ұяламын, олай болса, мен адаммын². Аяу дегенiмiз басқа адамға деген адами қатынас, оның өзiндiк құндылығын мойындау, осы сезiм әдiлеттiлiктi тудырады (өзiңе тiлемейтiндi басқаға да жасама). Соңғы пiр тұту адамның әке-шешесi алдындағы сезiмiн көрсетедi. В.С. Соловьевтiң адам мәселесiндегi негiзгi идеясы - ешқашанда адамға құрал ретiнде қарамау, оны әрқашанда мақсат ретiнде тұту.