«Тұран» Университі


Өзiндiк дайындыққа арналған сұрақтар



бет101/171
Дата21.10.2022
өлшемі2,56 Mb.
#44551
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   171
Өзiндiк дайындыққа арналған сұрақтар:
1. ХХ ғасырдың адамзат тарихындағы ерекше орны және оның философиялық ой-пiкiрге тигiзген ықпалы.
2. О.Конт адамзат ой-өрiсiнiң дамуын қандай сатыларға бөледi?
3. Эмпириокритицизм бағытының дүниеге келуiне қандай себептер өз әсерiн тигiздi?
4. Верификация дегенiмiз не?
5. Лингвистикалық философияның негiзгi қағидасы
6. К.Поппердiң фальсификация принципiнiң маңызы неде?
7. И. Лакатостың “ғылыми-зерттеу бағдарламасы²
8. Парадигма дегенiмiз не?
9. Феноменологиядағы сананың интенционалдығы дегенiмiз не?
10. “Өмiрлiк дүние² танымға өз әсерiн қалай тигiзедi?
11. Герменевтика дегенiмiз не?
12. М.Хайдеггердiң “болмыстың үйi - тiл² деген ойын қалай түсiнесiз?
13. А.Бергсонның “шығармашылық талпыныс² ұғымы.
14. Ф.Ницше философиясының негiзгi ұғымы.
15. “Адамнан жоғарыға² Ф.Ницше қандай мiнездеме бередi?
16. Ф.Ницшенiң “Құдай өлдi!² деген сөзiн қалай түсiнесiз?
17. З.Фрейд адам психикасын қандай қабаттарға бөледi?
18. Сублимация дегенiмiз не ?
19. К.Юнгтың “архетип² ұғымы
20. А.Адлердiң “компенсация² ұғымы ненi көрсетедi?
21. Э.Фромм: дүниеде болу, я болмаса, алу керек пе?
22. Экзистенциализм адамның өмiр сұру ерекшелiгiн неден көредi?
23. “Шекаралық ақуал²дегенiмiз не?
24. Экзистенциализмдегi ерiктiк мәселесi
25. М.Хайдеггердiң “das Man² деген ұғымының мәнiн көрсетiңiз.
26. В.Франклдiң “экзистенциалдық вакуум² ұғымы
27. Христиандық философияда “сенiм² мен “бiлiмнiң² ара-қатынасы қалай шешiледi?
28. Т. де Шарденнiң “тангенциалдық² және “радиалдық² энергия ұғымдарының мән-мағнасы.
29. “Ноосфера² дегенiмiз не?
30. “Архирейлiк² және “прометейлiк² адам.
31. “Негритюд² iлiмiнiң негiзiн жасаған кiм?
32. Батыс философиясы Шығыс ой-пiкiрiнде сомдалған қандай құндылықтарды ала алады?


12 тақырып. Орыс философиясы
Философия тарихына жасаған көлемдi саяхатымызда солтүстiктегi көршiмiз - Ресей халқының рухани-философиялық мұрасын естен шығармауымыз керек. Қазақ халқы “Ұлы мәртебелi Тарихтың² шешiмiмен Х1Х-ХХ ғғ орыс мәдениетiнiң ықпалында болып, қалай дегенде де, олардың көп құндылықтарын өз бойына сiңiрдi. Екiншi жағынан алғанда, орыс руханиятының бүкiл дұниежұзiлiк философиядағы алатын өз орны, қайталанбас құндылықтары бар. Сондықтан, оларды әрбiр бiлiмдi азамат игеруi қажет. Үшiншi жағынан, бүгiнгi қазақ елi - көп ұлтты ел, ал орыс халқының өкiлдерi негiзгi ұлт – қазақтардан кейiнгi екiншi үлкен әлеуметтiк-демографиялық топ, сондықтан, қазақ-орыс мәдениет және тағы басқа қатынастарының негiзiнде бiр-бiрiнiң дүниеге деген көзқарасын түсiну қажеттiгi жатыр, сонда ғана олар толыққанды болуы мұмкiн.
Философиялық ой-пiкiрдiң Ресейде дұниеге келуi ХI ғ басталып, негiзiнен, христиандық дiндi қабылдаумен байланысты болды. Осы уақыттан бастап Ресейдiң ойшылдары өз мемлекеттерiнiң Құдай нұрының шапағатына қатысты екенiн негiздей бастайды. Алғашында ойшылдардың ой өрiсi адамның жұрiс-тұрысын ретке келтiретiн мақал-мәтел, нақыл сөздерге, соңынан православие дiнiнiң бұкiладамзат цивилизациясының дамуындағы ерекше орнын негiздеуге бағытталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет