«Тұран» Университі



бет141/171
Дата21.10.2022
өлшемі2,56 Mb.
#44551
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   171
Бүтін және бөлшек
“Бүтін” және “бөлшек” ұғымдары өзінің мазмұны жағынан “жүйе” және “элементке” өте жақын. Дегенмен де олардың айырмашылығы да жоқ емес.
Бүтін деп өзінің іштей байланысты құрамдас бөлшектерін бірлікке әкеліп, оларды анықтайтын зат, я болмаса, құбылысты айтамыз.
Бөлшек деп бүтіннің құрамына кіріп оның сапалық қасиеттерін өз бойына қабылдайтын зат, я болмаса, құбылысты айтамыз. Бүтін мен бөлшектің жүйе мен элементтен айырмашылығы – бүтін заттың бірлігін, ерекшелігін көрсетсе, жүйе – бірліктің көптүлігі арқылы көрінеді. Бөлшек бүтіннен тыс байланысқа түсіп өмір сүре алмайды, ал элемент бүр жүйенің құрамдас бөлігі ретінде, сонымен қатар, басқа байланыстарға да түсуі мүмкін.
Бөлшек әрқашанда бүтіннің ерекшелігін көрсетеді, сонымен қатар, өзіне тән ерекшелігін де бойында сақтайды. Ал бүтінге келер болсақ, ол өзінің бөлшектерін біріктіріп, солар арқылы өз ерекшеліктерін болмысқа әкеледі.
Бүтін мен бөлшектің өзара байланысын зерттеуде екі асыра сілтеушілік бар. Біріншісі бүтінді асыра бағалайды – оны холизм (hole,- ағылшын сөзі,- бүтін) десе, екіншісі бөлшекті негізгі деп есептейді – оны меризм (mere,- ағылшын сөзі,- қарапайым) деп атайды.
Мысалы, тірі организмді алсақ, меризм оны механикалық, физикалық, химиялықтың қосындыларына тең деген пікір айтады. Холизм же жоғарыдағы үшеуімен қатар, организмнің төртінші - бәрін біріктіріп, оны өмір сүру мен дамуға итермелейтін “х-факторды” мойындайды. Соңғы – рухани (Аристотельдің сөзімен айтсақ - заттың энтелехиясы), ол – танылмайды.
Мәселенің шын шешіміне келер болсақ, тірі организм өз заңдылықтарының (биологиялық) негізінде өмір сүреді, сонымен қатар, төменгі қозғалыс формалары (механик., физик., химиялық) тәуелді түрде оның өмір сүруінде сақталып, өз қызметтерін атқарады.
Холизмді асыра түсіну негізінде саясатта неше-түрлі тоталитарлық тұжырымдамалар дүниеге келеді. Ол идеялар өмірде іске асқан жағдайда жеке адамдардың мақсат-мүдделері толығынан қоғамдық жалпы мүдделерге бағынышты болуы керек. Жеке адам өмірінің құндылығы, қажеттігі, оның өз алдына қойған мақсат-мұраты, оларды іске асыруға бағытталған әрекеттері т.с.с. бәрі - қоғамдық жалпы мүдденің шеңберінен тыс шықпау керек. Оны уақытында большевиктер мынандай мақал-мәтелмен берген: “ағашты шапқанда – жоңқалар ұшады” (сондағы “жоңқалар” – жеке адам өмірі! ). ХХ ғ. пайда болған неше-түрлі тоталитарлық режимдер миллиондаған жеке адамдарды өзінің қияли “қоғамдық мүдделеріне” қарсы келді деп құртып жіберген жоқ па?!
Енді бүгінгі таңда “либералдық демократия” саясатынан туындаған “әлеуметтік атомизм” тұжырымдамасына келер болсақ, ол, керісінше, жеке адамның мүдделері мен мақсат-мұратын қоғамдық мүддеден гөрі биік қояды. “Жеке адамның іс-әрекетіне толығынан жол ашылсын!”, “Адам құқтары мен еріктігі басымқы болсын!”,- деген ұрандардан “керісінше тоталитаризмді” байқауға болатын сияқты. Нәтижесінде, “мықтылар” мен қарабеттілер қоғамдық мүддені басып-жаншып әлеуметтік қайшылықтарды үшкірлетті.
Әрине, бөлшек, бөлік деген сөздердің өзі “бөліну, өз еркін іске асыру”, - деген мағна береді. Бірақ, екінші жағынан, ол тек бөлік қана, сондықтан, тұтастың, бүтіннің шеңберінде өмір сүруі қажет. Олай болса, тұлға қоғамнан тыс өмір сүре алмайды, сонымен қатар, қоғам жеке адамның мүддесі мен мақсат-мұратымен санаспай, оны толығынан өз еркіне көндіруге әрекет жасамауы қажет. Адам қауымшыл, қоғам адамгершіл болғанда ғана екі жақтың мүдделері іске асып үйлесімді дамуға жол ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет