Бұл пептид синтезінің басталуы. Осы жерде рибосомалардың екі суббірліктерінің бірлесуі және алғашқы амино-ацил мен т-РНҚ-ның қосылуы жүреді. Инициирлеуші, бастаушы кодон АУГ метионин амин қышқылын шифрлайды, сондықтан пептидтік бөлікте метионинді алып жүруші т-РНҚ алғашқы орынға орналасады.
Трансляцияның инициация процестері инициация факторлары - ақуыздармен катализденеді.
Инициация кезінде РНҚ полимераза промотормен қосылып, ДНҚ тізбегін тарқатады. м-РНҚ бір тізбекті. ДНҚ –ға сәйкес РНҚ-ның синтезделуі комплементарлық принциппен өтеді. Мұндай бірізділік трансляцияның терминациялы кодоны деп аталады.
ДНҚ транскрипциялы аймағы, яғни промотор мен терминтатор арасында орналасса, транскрипция бірлігі немесе транскриптон деп аталады, ал түзілген РНҚ алғашқы транскриптат делінеді.
Прокариоттарда алғашқы транскриптатта РНҚ-ның көшірмесі бірнеше гендерден тұрады, ал эукариоттарда – біреу.
РНҚ полимеразаның бірнеше типтері белгілі. РНҚ-ның транскриптаттың 5 штрих соңы синтезделінеді, содан кейін кэпирленеді. Кэпирлену қызметі – РНҚ транскриптатты бұзылудан қорғау және рибосомамен байланыстыру. Одан трансляция басталады, сосын кэп алынып тасталынады.