17
жоғарыдан төмен.
STM-1 циклдық берілісінің ұзақтығы 125 мкс болып келеді яғни, ол 8
кГц жиілікпен қайталанады. Әрбір желі берілісінңң жылдамдығы 8 бит ∙ 8
кГц = 64 кБит/с сәйкес келеді. Демек, егер тіктөртбұрышты рамканың
сызыққа берілуіне 125 мкс жұмсақ, онда секунд ішінде сызыққа 9∙270∙64
кБит/бер = 155520 Кбит/мен беріледі, яғни 155 Мбит/с.
4.1 кесте – Ілеспелі цифрлық иерархия сипаттамасы
Иерархия сатысы
Транспорттық
синхрондық
модулдің
түрі
Береілістің
жылдамдығы, Мбит/с
1
STM-1
155,520
2
STM-4
622,080
3
STM-16
2488,320
4
STM-64
9953,280
SDH - жүйелерінде мықтырақ цифрлық тасқын жасау үшін
жылдамдықтың иерархиясы калыптасады (5.4 кесте) : STM- 1-дің 4 модулі
622,080 Мбит/с жылдамдықпен берілетін STM-4 модуліне байттық
мультиплексирлеу жолымен бірігеді; сонан соң STM-4-тің 4 модулі
2488,320 Мбит/с жылдамдығымен STM-16 модуліне бірігеді;
ақыры STM-
16 –ның 4 модулі жоғары жылдамдықты STM-64 (9953,280 Мбит/с)
модуліне біріге алады.
4.2 - суретінде STM-16 модулінің құрылымы көрсетілген. Алғашында
STM-1-дің әрбір 4 модулі төрт кірісі бар мультиплексорлардың көмегімен
STM-4 модуліне бірігеді, кейін STM-4-тің төрт модулі осындай төрт кірісі
бар мультиплексорлармен STM-16 модуліне бірігеді. Алайда бір уақытта
16
STM-1
модулін STM-16
модуліне біріктіретін, 16 кірісті
мультиплексорларда болады.
18
4.2 сурет – STM-16 ілеспе транспорт модулінің құралымы
STM-1 модулінің құрылымы. SDH желісінде контейнерлік
тасымалдың ұстанымдары қолданылған. Тасуға карасты сигналдар алдын
ала стандартты контейнерлерде (Container - С) жайғастырылады.
Контейнерлермен барлық операциялар олардын ішкі құрылысынан тәуелсіз
өндіріледі және SDH желісінің ашықтығынада осы арқылы жетеді, ягни
әртүрлі
сигналдарды тасымалдау, дербес жағдайда PDH сигналдары.
Жылдамдыгы бойынша иерархиясының SDH (155,520 Мбит/с) бірінші
деңгейіне ең жақын ИКМ- 1920 плезиохрондык цифрлық иерархиясының
аппаратурасының шыға берісінде жылдамдығы 139,264 Мбит/с болатын
цифрлық тасқын болып табылады. Оны STM-1 модулінде орналастырған
оңай. Ол үшін түскен цифрлық сигналды С- 4
болып көрсетілген, бірінші
контейнерге
тиейді
(яғни,
оны
циклінің
айқын
позициясына
орналастырады). С- 4 контейнерінің жиегі 9 жолды және 260 бірбайтты
бағандарды камтиды. Сол жағына тағы бір бағанның қосылуы - бағдарлы
немесе күрежолдық тақырыптаманың (PathOverHead - Рон) - осы контейнер
VC-4 виртуалды контейнеріне айналады. Ақыры, VC- 4
виртуалды
контейнерін STM-1
модулине орналастыру ушин, оны сілтегішпен(PTR)
жабдықтайды, ақырында AU-4 әкімшілік болігі (Administrative Unit) пайда
болады, ал соңғысын SOH секция тақырыптамасымен STM-1 модуліне
орналастырады (4.3 сурет).
STM-1 ілеспе транспорт модулін жылдамдықтары 2,048 Мбит/с
плезиохронды тасқынмен жүктеуге болады. Мұндай тасқындар ИКМ- 30
аппаратурасымен калыптасады, олар қазіргі заманғы желілірде кеңінен
тараған. Алғашқы ораушы үшін С12 контейнері пайдаланылады. Цифрлық
19
сигнал осы контейнердің айқын позицияларында жайғастырылады.
Бағыттын немесе транспорт тақырыптамасын косу аркылы VC-12
виртуалды контейнері пайда болады. Виртуалды контейнерлер күре
жолдың біту нүктелерде калыптасады және тарайды (ажырайды).
4.3 сурет – Контейнердің STM-1модулінде орналасуы
STM-1 модулінде 63 VC-12 виртуалды контейнерін орналастыруға
болады. Бұл ретте келесі амалдарды жасайды. VC-12 виртуалды
контейнерін сілтегішпен (PTR) жабдықтайды және осы аркылы TU-12
транспортты болігі (TributaryUnit) пайда болады. Енді әртүрлі транспорттык
бөліктердің цифрлық тасқындарын 155,520 Мбит/с цифрлық тасқынға
біріктіруге
болады.
Алғашында
үш
TU-12
транспорт
бөлігі
мультиплексирлену жолымен TUG-2 деген транспорт бөлігі тобына
біріктіреді (TributaryUnitGroup), кейін TUG-2-нің жеті тобын TUG-3
транспорт болігіне мультиплексирленеді, ал TUG-3-тің үш тобын біріктіріп
бір VC-4 виртуалды контейнеріне орналастырады. Бұдан әрі өзгерістің
жолы белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: