Транспорттық телекоммуникациялық желілер



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата15.12.2023
өлшемі1,18 Mb.
#138647
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
 
 
 
 
 
 
 
 


12 
3 Плезиохронды сандық иерархиялы байланыс желісінің сандық 
тасымалдау жүйелері (PDH) 
 
Дәрістің мақсаты: сандық тасымалдау жүйесінің негізгі 
ерекшеліктері, терминдерді және анықтамаларды оқыту. Сандық 
тасымалдау жүйесінің құрылғылары. СТЖ жіктелуі.
3.1 АУБ-мен тасымалдау жүйесінің жұмыс істеу қағидасы. АУБ-
мен МТЖ құрылуының қағидасы 
АУБ әдісі дискретті жән аналогты сигналдарды жіберу кезінде 
қолданылады. Үздіксіз периодикалық сигналды жеке мәндерімен жіберу 
мүмкіндігі айқындалған уақыт сәтінен алынған В.А.Котельников 
теоремасына негізделеді. АУБ арқылы ақпаратты тасымалдау кезінде 
қабылдаушы және таратушы стансасына генератор құрылғысының 
синхрондық жұмысын қамтамасыз ету керек. Қабылдау кезінде
сәйкестендірілген арна кілттері осы арна импульсі келіп түсу сәтінде 
ашылуы керек. 
3.1сурет – АУБ-ты көпарналы тасымалдау жүйесі
Шығыс сигналы С(t) оның спектрін шектеу үшін ТЖС арқылы өтеді. 
Одан соң сигнал, қысқа тұйықталу АИБ сигналы арқылы іске асатын 
электронды кілтке беріледі және бұл арна импульстің уақыт ұзақтығымен 
сызықты кұре жолына қосылады. Нәтижесинде кілттің қысқы уақыттық 
тұйықталуы кезінде өз сигналымызбен модулденген АИМ сигналын 
аламыз.
АИБ кідіріс жолы көмегімен ұйымдастырылады. Негізгі элементі -
қалдықты кідіріс жолы (КЖ) болып табылады. Арнаға сәйкес 
қабылдағыштағы кілт таратушының кілтімен синхронды жұмыс жасауы 
керек. Синхрондылықты қамтамасыз ету үшін жолға (жол) синхросигнал 
беріледі яғни, арналық сигнал импульсынан қандай-да бір параметрімен 
ерекшеленетін импульс. 


13 
3.2 сурет – Тасымалдау циклының сұлбасы 
3.3сурет – Арна импульсінің бөлгіші (АИБ) 
АИБ кідіріс жолы көмегімен ұйымдастырылады. Негізгі элементі -
қалдықты кідіріс жолы (КЖ) болып табылады. Арнаға сәйкес 
қабылдағыштағы кілт таратушының кілтімен синхронды жұмыс жасауы 
керек. Синхрондылықты қамтамасыз ету үшін жолға (жол) синхросигнал 
беріледі, яғни арналық сигнал импульсынан қандай-да бір параметрімен 
ерекшеленетін импульс. 
Импульсты-кодалық модуляция.
 
Аналогты-сандық түрлендіргіштің ең 
кең таралған әдісі - бұл импульсті-кодалық модуляция (ИКМ). Аналогты 
сигналдың ИКМ-га түрленуі үш этап арқылы жүзеге асады:
1) 
Дискретизация
. Аналогты сигнал Котельников теоремасына сәйкес 
уақыт бойынша дискреттеледі, осы кезде сигналдың тізбектелген нәтижесі 
түзіледі. Аналогты және дискретті сигналдардың спектралды тығыздығы 29 
суретте көрсетілген. Қабылдағышта шығыс сигналы төменгі жиілікті 
сүзгімен айқындалған. 
Қабылдағышта 
шығыс 
сигналы 
төменгі 
жиілікті 
сүзгімен 
айқындалады. Сүзгінің сүзгілеуінің қатысты ені:
Бұл тек (F
Д
- F
В
) үлкен F
В
жағдайында ғана мүмкін.
Дискретизациялау нәтижесінде уақыт бойынша дискреттелген және 
амплитудасы бойынша үздіксіз сигналды аламыз. F
Д
аз есе 2 F
В
-дан үлкен 
болуы керек. Сондықтанда F
Д
= (2,2 ÷2,4) F
В
. Сандық тасымалдау жүйесі 
үшін F
Д
= 8 кГц - стандартты жиілік.
2) 
Деңгей бойынша квантталу.
Екінші этапта амплитуда бойынша 
АИМ сигналы квантталады. Бұл кезекте сигналдың барлық мәндік 


14 
диапазоны рұқсат етілген квантталу деңгейіне бөлінеді. Жақын орналасқан 
екі квантталу деңгейінің арасындағы аралық 
квантталу қадамы
деп 
аталады және белгіленді. Қазіргі этаптағы уақыт бойынша квантталған 
АИМ сигналының импульсы жақын орналасқан рұқсат етілген квантталу 
деңгейіне амплитудасы сәйкес келетін импульспен ауыстырылады.
Амплитудасы бойынша квантталған сигналды шартты бірлікте 
(кванттау қадамында) осы сигналдық импульс биіктігін сипаттайтын 
сандық тізбекпен жазуға болады. Сигналдардың квантталуының квантталу 
қадамы аз болған сайын аз болатын белгілі-бір қателікпен жүргізіледі. 
Бастапқы және квантталған сигнал арасындағы айырмашылық 
квантталу 
шуылы

кв
) деп аталады.

Квантталудың 
максималды 
қателігі 
квантталу 
қадамының 
жартысынан аспауы керек.

3) 
Кодалау
Үшінші кезеңде көп деңгейлі цифрлық сигналдың көп 
разрядты екілік сигналға яғни ИКМ сигналына, түрленуі жүргізіледі.
Сонымен бірге оның амплитудасына байланысты әр көп деңгейлі сигнал 
импульсіне сәйкесінше m разрядтарынан тұратын кодалық комбинация 
беріледі. Екілік код разрядының саны М амплитудалық градация санымен 
анықталады. Егер кодаланатын сигналдың максималды мәні U
с
max 
тең 
болса, онда: 

Мұндағы k=2 екі өрісті сигнал үшін немесе бірөрісті сигнал үшін 1-ге 
тең.
Мысалы, m=1 бір өрістік екілік санмен тек екі жағдайды ғана жазу 
мүмкін, 0 немесе 1, ал екіөрістімен м m=2 – төрт жағдайды, яғни М = 4 
жазуға болады. m разрядтар саны мен М мүмкін жағдай саны арасындағы 
байланыс келесі өрнекпен анықталады: 
M=2

, (1.5), 

Біздің мысалымызда кванттаудың 8 деңгейі (0,1,2,3,4,5,6,7) 
қолданылады (30 сурет), демек, разрядтардың минималды саны 3 
(m=log
2
8=3) тең болуы керек.
Қолданыстағы көптеген кодалық комбинация 
код 
деп аталады. 
Қарапайым кодқа екілік санау жүйесінде кванттау деңгейінің нөмірін 
жазатын кодалық комбинация болып табылатын табиғи екілік код жатады. 
Бұл келесідей түрге ие 


15 
мұндағы а 0 және 1 мәндерін ғана қабылдайды, m – кодалық топтағы 
разрядтар саны.
Мұндай код бір өрісті сигналдарды кодалау кезінде қолданылады. 
Мысалы, біздің жағдайымызда (30 сурет) бірінші есеп келесі түрде 
кодаланған:
2 = 0·2
2
+ 1·2
1
+0·2
0
=2. 
Сәйкес келетін кодалық комбинация 010 түріне ие. 
Келесі есепті кодаласақ: 5 = 1·2
2
+ 0·2
1
+1·2
0
=4+1. Кодалық 
комбинация: 101. Жане тағы сол сияқты. Екі өрісті сигнал үшін үлкен 
разряд белгісі белгі жайлы ақпарат таситындықтан симметриялы код 
қолданылады.
Плезиохронды сандық иерархия (PDH).
Арналардың көп саны 
қолданылатын беріліс жүйесі цифрлық ағындардың уақыттық қағидасы 
бойынша құрылады. Осы кезде арналардың көп саны қолданылатын жүйе 
(жоғары деңгей жүйе) азырақ арнасы бар (төменгі деңгей жүйесі) бірнеше 
жүйе негізінде, қосылудың бірнеше сатысын қолдану жолымен құрылады. 
Ол әртүрлі арнады типтік түрлендіргіш құралғылы ИКМ бар СП-да 
қолдануға мүмкіндік береді.
Жүйенің 
цифрлық 
тасқынының 
жіберілуінің 
(берілісінің) 
жылдамдығы қатал реттеледі. Топтық дабылдың берілісінің жылдамдығы 
анықталады:
В = f
д
· m·N, 
мұндағы f
д
– дискретизацияның (ТЧ арнасы үшін - 8 кГц) жиілігі;
N - арнаның ара қашықтығының саны циклде (есептерде ол ТЧ 
арнасының санына тең деп саналады);
m - кодтық сөздің разрядтылығы.
Формуладан көріп тұрғанымыздай, бір арнаның берілісінің 
жылдамдығы В

= fд· m деп анықталады, егер m = 8, В

= 64 кБит/с болса. 
3.3 сурет – Еуропалық плезиохронды иерархия 
Плезиохронды цифрлық иерархияның негізі алғашқы цифрлық 
ағындары(ПЦП) болып келеді. Біздің елімізде алғашқысы болып ИКМ- 
30(30 - арнаның санының) СП қабылданған, берілісінің жылдамдығы 2048 
кБит/с. 
Екілік цифрлық тасқынның (ВЦП) жылдамдығы 8448 кБит/с., 
сәйкесінше 120 арнасы бар. 
Үштік цифрлық ағынның (ТЦП) жылдамдығы 34,368 Мбит/с тең. 480 
арнасы бар. 
Төрттік цифрлық ағынның жылдамдығы 139,264 Мбит/с тең.


16 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет