Транспорттық телекоммуникациялық желілер


 Оптикалық транспорттық желі модельдері



Pdf көрінісі
бет3/19
Дата15.12.2023
өлшемі1,18 Mb.
#138647
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Ттс лекция

Оптикалық транспорттық желі модельдері 
 
Дәріс мақсаты: транспорттық желілердің моделін зерттеу 
G.805 ұсынысы талшықты-оптикалық және радиорелелі тарату 
жүйелерін негіздеуде транспорттық желілердің моделдерін сипаттауға 
арналған. Сонымен қатар негізгі рөл талшықты-оптикалық жүйелерге 
беріледі. Транспорттық желі моделін, мультиплексирлеудің технологиялық 
сұлбалары, интерфейстерді, құрылғыларды, басқаруды, синхронизацияны 
және тағы басқаларын сипаттау МСЭ-Т ұсынысының G, Y, I, X және т.б. 
серияларының үлкен дестесінде әкелінеді. Бұл ұсыныстар құрылғы 
шығарушылары мен жобалау кезінде, қосу және транспорттық желі 
эсплуатациясы кезінде желілік операторда қолданылады.
Қазіргі кезде транспорттық желілер 2.1 суретте келтірілгендей 
модельдермен бірге құрылады.
2.1 сурет - Байланыстың транспорттық желісінің модельдері 
SDH транспорттық желісінің моделі өзінің дербес үш құрылым шарты 
бойынша келтірілген: берілу ортасы, кұре жолтар (ақпарат тарату 
маршруттары), арналар.
Берілу ортасы деңгейі 
цифрлық сызықтық сигналдар секцияларының 
регенерациясы 
және 
цифрлық 
мәліметтердің 
мультиплексирлену 
секциясында пайда болатын

оптоталшықты желілерде (таратылу ортасы) 
айтарлықтай тұрақталады. Берілу ортасы
 
құрамында: әртүрлі кабель 
құрылымындағы талшықты жарық өткізгіш, берілістегі электрооптикалық 
түрлендіргіштер және дисперция компенсаторлары, ажыратылатын және 



ажыратылмайтын оптикалық байланыстар, сызықтық кодерлер мен 
декодерлер, оптикалық модуляторлар мен оптикалық детекторлар бар.
Мультипликсирлеу секциясы талшықты-оптикалық тарату жүйесінің 
аймақтарында басталады және аяқталады. Мультиплексирлеу секциясында 
импльстік сигналдардың сызықтық импульстарының бұрмаланулары мен 
олардың формасы мен қуатының қайта қалпына келтірілуі үшін бірден 
бастап 
бірнеше 
регенерация 
аймағы 
бар. 
Регенерация 
мен 
мультиплексорлеу секциясы ретінде проекттік есептеулер, құрылымы мен 
техникалық 
эксплуатациясы 
қарастырылады. 
Бұл 
үшін 
SDH 
стандарттауының шеңберінде тұрмыстық қателер бойынша таратылу 
сапасын қадағалайтын қызметтік хабарлар, қызметтік байланыс, басқару 
арналары мен синхронизация қарастырылады. Мультипликсирлеу секциясы 
оған кіретін регенерация секцияларымен бірге бұзылудан кепіл етілген 
қорғау мақсатында дубляждауы мүмкін. Бұл үшін дубляждаушы 
(қорғалған) секция 50 мс артық ақыт интервалында сигналдарды автоматты 
түрде ауыстырып отырумен жабдықталады. SDH желісінің физикалық орта 
арқылы сигналдар таратылатын модельдері 125 мкс ұзақтықты цикл болып 
саналады және ол

= 0, 1, 4, 16, 64, 256 ретті STM-N (Synchronous 
Transport Module) транспорттық модульдерінің синхронизациясы деп 
аталады. Бұл рет иерархиялық деңгейді және сәйкесінше таратылудың 
жылдамдықтық режимін сипаттайды.
SDH
 
желісінің
күрежолдық деңгейі 
екі деңгейшеге – жоғарғы және 
төменгі бөлінген, бұл деңгейшелер техникалық әдебиеттерде стандартты 
түрде: HOVC (Higher Order Virtual Container) — жоғарғы деңгейдің 
виртуалды контейнері және LOVC (Lower Order Virtual Container) — 
төменгі деңгейдің виртуалды контейнері деп аталады. Жоғарғы және 
төменгі деңгейлердің виртуалды контейнері сәйкес жылдамдықты 
ақпараттық мәліметтер жүктемесімен бейнеленетін цифрлық сы йымдылық 
циклін білдіреді. Төменгі деңгейдің виртуалды контейнері жоғарғы деңгей 
виртуалды контейнеріне орналастырылу үшін біріктіріледі. «Виртуалдық» 
түсінігі бұл цифрлық блокқа тақырып деп аталатын арнайы мәліметтері 
үшін берілген, оларда: ақпараттың шығысынан қабылдаушыға дейін 
транспорттық желі арқылы әр контейнермен адресстік ауыстыру үшін 
бірден-бір маршруттық идентификатор жазылады; таратылудың «соңынан 
соңына» сапасына бақылау және ауыстырылуды қорғау қажеттілігі 
жүргізіледі; ауыстырылуды қорғау қажеттілігі жайлы хабар беріледі; 
ақпараттық мәліметтердің түрі жайлы хабар беріледі; қызметтік байланыс 
және т.б. қолданылады. Виртуалды контейнерлер стандартқа сай емес 
ақпараттық жүктемелер үшін тіркелуі мүмкін.Үзіліссіз циклдық вертуалды 
контейнерлердің 
берілісінің 
арқасында 
транспорттық 
қызмет 
қолданушыларының назарындағы өткізушілік қабілетіне сенім артатын бір 
бағытты және екі бағытты транспорттық қосылу – кұре жол немесе 
маршрутты қабылдай алады. Бұл қосылулар әртүрлі STM-N иерархиялық 
деңгейлері бар әртүрлі SDH тарату жүйесі арқылы өтуі мүмкін.


10 
SDH
 
желісінің
 арналар деңгейі 
транспорттық желіні қолданушы үшін 
интерфейстермен қамтамасыз ете алады. SDH транспорттық желісінің 
байланыстың біріншілік желісі екенін көре отырып, арналар деңгейінде 
екіншілік желілермен (қолданушылармен) келісім жүргізе алады, мысалы, 
2,048 Мбит/с (Е1) цифрлық мәліметтер ағыны арқылы телефон желісімен, 
10, 100 және 1000 Мбит/с тарату жылдамдықты Ethernet желісімен, 
виртуалдық контейнерлер мен келісу хаттамалары арқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет