Транспорттық телекоммуникациялық желілер


 Синхронды цифрлық иерархиялы тарату жүйесі (SDH)



Pdf көрінісі
бет7/19
Дата15.12.2023
өлшемі1,18 Mb.
#138647
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
Ттс лекция

Синхронды цифрлық иерархиялы тарату жүйесі (SDH) 
 
Дәріс мақсаты: синхронды цифрлық иерархияның (SDH) негізгі 
ерекшіліктерін оқу. 
 
SDH жаңа цифрлық иерархиясы – бұл синхронды транспорт модулі 
(STM ) деп аталатын, осы модульді байланыс сызығы арқылы беру 
мақсатында, әртүрлі цифрлық деректерді бір блокқа мультиплекстеудің 
амалы. STM оңайлатылған құрылымы 4.1 - суретте көрсетілген: 
4.1 сурет – STM-1 синхронды транспорт модулінің құрылымы 
Модуль дегеніміз 9∙270 = 2430 байт фрейм (рама). Жіберілетін 
ақпараттан (әдебиетте пайдалы жүк деп аталатын) басқа, онда пайдалы 
жүктің жазбасының басталуын анықтайтын, 4-ші жолда сілтегіш (Pointer, 
PTR) бар.
Транспорттык модульдың жол бағдарын анықтау үшін, циклдың сол 
бөлігінде секция тақырыптамасы (SectionOverHead - SOH) жазылады. 
Төменірек 5∙9 = 45 байт (сілтегіштен кейін) ақпаратты баратын жеріне, 
транспорттык модуль қайта құрылуға арналған мультиплексорға жеткізу 
үшін жауап береді. Тақырыптаманың аталмыш бөлігі де солай аталады : 
мультиплексордың (MSOH) секциялык тақырыптамасы. Жоғарғы 3∙9 = 27 
байт (сілтегішке дейін) кедергілермен «бұзылған» тасқынды қайта қалпына 
келтіретін жане қатені түзететін регенератордың секция тақырыптамасы 
(RSOH) болып табылады. 
Берілістің бір циклы мынадай тіктөртбұрышты кестесінің сызық 
болып есептелуін іске асырады. Байттың берілісінің тәртібі – солдан оңға, 


17 
жоғарыдан төмен. 
STM-1 циклдық берілісінің ұзақтығы 125 мкс болып келеді яғни, ол 8 
кГц жиілікпен қайталанады. Әрбір желі берілісінңң жылдамдығы 8 бит ∙ 8 
кГц = 64 кБит/с сәйкес келеді. Демек, егер тіктөртбұрышты рамканың 
сызыққа берілуіне 125 мкс жұмсақ, онда секунд ішінде сызыққа 9∙270∙64 
кБит/бер = 155520 Кбит/мен беріледі, яғни 155 Мбит/с. 
4.1 кесте – Ілеспелі цифрлық иерархия сипаттамасы 
Иерархия сатысы 
Транспорттық 
синхрондық модулдің 
түрі 
Береілістің 
жылдамдығы, Мбит/с 

STM-1 
155,520 

STM-4 
622,080 

STM-16 
2488,320 

STM-64 
9953,280 
SDH - жүйелерінде мықтырақ цифрлық тасқын жасау үшін
жылдамдықтың иерархиясы калыптасады (5.4 кесте) : STM- 1-дің 4 модулі 
622,080 Мбит/с жылдамдықпен берілетін STM-4 модуліне байттық
мультиплексирлеу жолымен бірігеді; сонан соң STM-4-тің 4 модулі 
2488,320 Мбит/с жылдамдығымен STM-16 модуліне бірігеді; ақыры STM- 
16 –ның 4 модулі жоғары жылдамдықты STM-64 (9953,280 Мбит/с) 
модуліне біріге алады. 
4.2 - суретінде STM-16 модулінің құрылымы көрсетілген. Алғашында 
STM-1-дің әрбір 4 модулі төрт кірісі бар мультиплексорлардың көмегімен 
STM-4 модуліне бірігеді, кейін STM-4-тің төрт модулі осындай төрт кірісі 
бар мультиплексорлармен STM-16 модуліне бірігеді. Алайда бір уақытта 
16 
STM-1 
модулін STM-16 модуліне біріктіретін, 16 кірісті 
мультиплексорларда болады. 


18 
4.2 сурет – STM-16 ілеспе транспорт модулінің құралымы 
STM-1 модулінің құрылымы. SDH желісінде контейнерлік 
тасымалдың ұстанымдары қолданылған. Тасуға карасты сигналдар алдын 
ала стандартты контейнерлерде (Container - С) жайғастырылады. 
Контейнерлермен барлық операциялар олардын ішкі құрылысынан тәуелсіз 
өндіріледі және SDH желісінің ашықтығынада осы арқылы жетеді, ягни 
әртүрлі сигналдарды тасымалдау, дербес жағдайда PDH сигналдары. 
Жылдамдыгы бойынша иерархиясының SDH (155,520 Мбит/с) бірінші 
деңгейіне ең жақын ИКМ- 1920 плезиохрондык цифрлық иерархиясының 
аппаратурасының шыға берісінде жылдамдығы 139,264 Мбит/с болатын 
цифрлық тасқын болып табылады. Оны STM-1 модулінде орналастырған 
оңай. Ол үшін түскен цифрлық сигналды С- 4 болып көрсетілген, бірінші 
контейнерге 
тиейді 
(яғни, 
оны 
циклінің 
айқын 
позициясына 
орналастырады). С- 4 контейнерінің жиегі 9 жолды және 260 бірбайтты 
бағандарды камтиды. Сол жағына тағы бір бағанның қосылуы - бағдарлы 
немесе күрежолдық тақырыптаманың (PathOverHead - Рон) - осы контейнер 
VC-4 виртуалды контейнеріне айналады. Ақыры, VC- 4 виртуалды 
контейнерін STM-1 модулине орналастыру ушин, оны сілтегішпен(PTR) 
жабдықтайды, ақырында AU-4 әкімшілік болігі (Administrative Unit) пайда 
болады, ал соңғысын SOH секция тақырыптамасымен STM-1 модуліне 
орналастырады (4.3 сурет). 
STM-1 ілеспе транспорт модулін жылдамдықтары 2,048 Мбит/с 
плезиохронды тасқынмен жүктеуге болады. Мұндай тасқындар ИКМ- 30 
аппаратурасымен калыптасады, олар қазіргі заманғы желілірде кеңінен 
тараған. Алғашқы ораушы үшін С12 контейнері пайдаланылады. Цифрлық 


19 
сигнал осы контейнердің айқын позицияларында жайғастырылады. 
Бағыттын немесе транспорт тақырыптамасын косу аркылы VC-12 
виртуалды контейнері пайда болады. Виртуалды контейнерлер күре 
жолдың біту нүктелерде калыптасады және тарайды (ажырайды). 
4.3 сурет – Контейнердің STM-1модулінде орналасуы 
STM-1 модулінде 63 VC-12 виртуалды контейнерін орналастыруға 
болады. Бұл ретте келесі амалдарды жасайды. VC-12 виртуалды 
контейнерін сілтегішпен (PTR) жабдықтайды және осы аркылы TU-12 
транспортты болігі (TributaryUnit) пайда болады. Енді әртүрлі транспорттык 
бөліктердің цифрлық тасқындарын 155,520 Мбит/с цифрлық тасқынға 
біріктіруге 
болады. 
Алғашында 
үш 
TU-12 
транспорт 
бөлігі 
мультиплексирлену жолымен TUG-2 деген транспорт бөлігі тобына 
біріктіреді (TributaryUnitGroup), кейін TUG-2-нің жеті тобын TUG-3 
транспорт болігіне мультиплексирленеді, ал TUG-3-тің үш тобын біріктіріп 
бір VC-4 виртуалды контейнеріне орналастырады. Бұдан әрі өзгерістің 
жолы белгілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет