Тұрар Рысқұлов өмірінің алғашқы кезеңдері Негізгі бөлім



бет2/2
Дата02.06.2023
өлшемі291 Kb.
#97906
1   2
Н.Назарбаев: 192 7-1937 жылдардағы КСРО Халық комиссарлар кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұловқа дейін қазақ баласы дәл мұндай қызмет атқарып көрмеген болатын.
Ә.Қоңыратбаев: Бүкіл өмірін жалшылық пен жоқшылықта, езгілік пен құлдық еңбекпен өткізген, бірақ намысын аяққа таптатпаған өр мінезді қазақ кедейінің баласы болған Тұрардың табиғи таланты мен қабілетінің арқасында жиырманың бел ортасында-ақ ірі саясаткер ретінде танылуы — дүние жүзі мемлекет қайраткерлері өмірбаян тарихында тым сирек кездесетін ерекше құбылыс. Оның ой-пікірі мен қажыр-қайраты ешқашан да халыққа қарсы бағытталған жоқ, ол туған халқының арман-тілегімен, мұң-мұқтажымен өмір сүріп, күрес жүргізді. Т.Рысқұлов — ұлт жанашыры болды, оның бүкіл саналы өмірі ұлт мүддесі жолындағы жалынды күреспен өтті. Т.Рысқұловтың арман-тілегінің орындалғанына бүгінде тарих куә, ол бұл бақытты күнді көре алмаса да, оның туатынына сенген еді.
К.Нүрпейісов: Т.Рысқұлов жалпыроссиялық, бүкілодақтық мәселелерді шеше жүріп, туған Қазақстанның, қайраткер ретінде қанатын бекіткен аяулы Түркістанын бір күн де ойдан шығарған емес. 1937- 1938 ж бүкіл ел көлемінде орын алған үлкен террордың құрбаны болып кете барды.
Л.Мынбай: Тұрарды ең алдымен туған елі тануга тиіс. Т.Рысқұлов тұлғасы, әсіресе, мемлекеттік істе адастырмас темірқазық жұлдызындай көктен бізге қарап тұрарды.
Ғ.Елшібай: Үндістан үшін — Неру, Түркия үшін — Ататүрік, Қытай үшін — Сунят Сен қандай алып тұлға болса, біз үшін Тұрар да сондай тұлға.
XX ғасыр халқымыздың тарихында үлкен әлеуметтік сілкіністер мен қайшылықтарға толы ғасыр болды. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы дәл осы ғасырда өз жерінде, ата жұртында қырғынға ұшырап, генефонынан айырылудың сәл-ақ алдында тұрды. Ресей империясының отар аймағы ретінде қазақ халқы отарлық езгінің - құқықсыздық пен кемсітушілік, ұлттык тәуелділіктің бұғауында еді. Патша өкіметінің отарлау саясаты күшейген сайын халықтың қарсыласу қозғалысы да арта түеті. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін-ақ патшалы Ресейдің тепкісі мен қорлығын көрген езілген ұлттар оянып, тізгінін өз қолдарына алуға тырысты. Мұның өзі заңды құбылыс болатын. Ұлттардың өзін-өзі билеу талабының күн тәртібіне қойылуы табиғи талап еді. Өйткені отар ұлттар тәуелсіздікке, азаттыққа ұмтылды, осы жолда қан төкті, арпалысты. Азаттықтың ақ таңы үшін барынша күресті.
Туған халқын азатгық жолындағы күреске бастаған қазақ зиялыла-рының көш басында тұрған аса ірі саяси жетекшілерінін бірі және бірегейі - Тұрар Рысқұлов болды. Оның жастық шағы мен азамат болып қалыптасу жылдары отарлык езгі мен ауыртпалық күшейген кезеңге тұспа-тұс келген еді. Тұрар 1894 жылы 26-шы желтоқсанда Жетісу облысының Верный уезіне қарасты Шығыс Талғар облысында көшпелі казақ шаруасының шаңырағында дүниеге келді. Оның әкесі Рыскұл Жылқыайдарұлы өткен ғасырдың сексенінші жылдары патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен «қазір Түлкібас ауданы» осында қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда жергілікті болысты өлтіріп, Сібірге айдалады. Қорғансыз қалған Тұрар туыстарының көмегімен 1907 жылы Меркедегі орыс-түздік бастауыш мектепке окуға түсіп, оны үздік бітіріп шығады. 1910 жылы Тұрар Бішкектегі 1-ші дәрежелі ауыл шаруашылық мектебіне қабылданып, оны 1914 жылы бау-бакша өсіруші мамандығы бойынша бітіріп шығады. 1915 жылы Ташкент қаласының іргесіндегі Красноводск тәжірибе алаңында бағбан болып істейді.
Студент кезінен бастап ол ұлт-азаттық, революциялық қозғалыстарға қатысып, жасырын саяси үйірмелердің жұмысына араласа бастады. Саяси әдебиеттерге барынша зейін қойып, тендіктің күрессіз келмейтінін, азаттыққа апарар жол жеңіл болмайтынын терең ұғына білді.
1916 жылғы 25 маусымдағы майданның қара жұмысына жұмысшы алу туралы патша жарлығы қазақ даласында патша өкіметіне қарсы ұлт-азаттық көтерілістің шығуына әкеліп соқты. Жарлық өлкеде 8 шілде күні жарияланды. Алынатындар тізіміне іліну қаупі теңгендіктен, әрі Ташкент қаласында басталған толқуларды көрген Т. Рысқұлов институттағы оқуын тастап, Әулиеата уезіндегі Меркб селосына аттанды. Т. Рысқұлов Меркеге келген кезде халық ашық бас көтерулерге шығып, жер-жерде қарулы қақтығыстар өрши бастаған болатын. Ұйымдастырушылык қабілеті зор, саяси сауатты Т. Рысқұлов осы ауданда әрекет етіп жүрген халық батыры Ақкөз Қосанұлы бастаған көтерілісшілердің іс-әрекетіне ұйымдық сипат беріп, саяси бағыт-бағдар сілтеді.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс Т. Рысқұловқа ащы болмыстың бар қыр-сырын ашып берді, оны туған халқының тағдыры налытты, азаттық жолындағы күреске белді бекем байлап кірісу қажеттігін ой-санасына ұялатты. Т. Рысқұлов Меркеде 1917 жылы көктемде «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады. «1916 жылғы көтерілістен күйзелген қазақ халқының ішінде кулак террорының, байлардың сатқындығы тоқталмай тұрған уақытта қазақ бұқарасын дұрыс революциялық жолмен алып жүру үшін біз «Қазақ жастарының революциялық одағын құрдық», - деп жазады Т. Рысқұлов. Одаққа 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың от-жалынынан өткен, саяси сауатты, революциялық ниеттегі 30-ға тарта қазақ, қырғыз, және орыс жастары бірікті. Одақтың саяси басшысы Т. Рысқұлов болды. Бұл одақ - бағдарламасы мен жарғысы бар, күрес жолы анық саяси ұйым ретінде құрылған болатын. Т. Рысқұлов 1917 жылы қыркүйек айында РСДРП мүшелігіне қабылданды. Оның большевиктік бағыттағы саяси ағымға қосылуына басты себеп: большевиктер партиясын қазақ халқын тендік пен бостандыққа жеткізетін бірден-бір саяси күш ретінде қабылдауы болатын, әрі өзі шыққан әлеуметтік орта оны осы бағытты қабылдауға итермелейді. 1918 жылы Тұрар Рысқұлов Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитетінің төраға-сының орынбасары болып сайланады. Саяси билікке қол жеткізген Т. Рысқұлов өзі күш-жігерін ашыққан халықты төніп тұрған ажал тырнағынан алып қалуға, орыстар мен қазақтардың арасындағы қарым-қатынасты реттеуге, кеңестерде жергілікті басшылардың көбеюіне жұмсады.
Т. Рысқұлов - Азия халықтарының 20-30 жылдардағы тарихында ерекше зор рөл атқарған саяси қайраткер. Жасы 21-ден 22-ге қарағанда ол Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азатгық көтеріліске басшылық жасады; 1917-1918 жылдары Әулиеата белсенді саяси қызметімен көріне білді; 1918 жылы Түркістан Республикасында құрылған аштықпен күресетін Орталық комиссияның төрағасы болып сайланғанда ол не бәрі 24 жаста еді; Жасы 24-тен 25-ке қарағанда Т. Рыскұлов Мұсылман Бюросын ұйымдастырып, оны Түркістанның жергілікті халықтарының құқын қорғаушы ұйым (мемлекеттік құрылым) дәрежесіне дейін көтере білді; 25 жасында Түраткомның жергілікті халықтан шыққан тұңғыш төрағасы ретінде республиканың саяси-мемлекеттік егемендігі жолында табанды күрес жүргізді; 26-27 жасында ол РСФСР Ұлт істері жөніңдегі халық комиссариаты төрағасының орынбасары дәрежесіне дейін көтерілді. Комиссариатта жүріп бүкіл елдегі (РСФСР) жоғары оку орындары (университеттер) жүйесіне басшылық жасады. Бұл жылдары оған болашак диктатор - И.В. Сталинмен қызметтес болуға тура келген еді; 1922 жылы күзде, яғни 27-ден 28-ге қараған шағында Т. Рыскұлов Түркістан Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесінін төрағасы болып сайланды. Ал, Түркістаннан біржола кетіп, 1924 жылы күзде Коминтерннің өкілі етіп Монғолияға жіберілген кезде ол әлі 30-ға да тола қоймаған болатын. Қазіргі өлшеммен алғанда бұл жас - жоғары оку орнын бітіріп, қызметке енді ғана араласа бастаған жас маманның жасы. Т. Рысқұлов осы жаста-ақ саяси күрес пен мемлекеттік басқарудың сан қырлы баспалдағынан өтіп үлгерді.
Республикада Т. Рысқұловтың саяси беделі орасан зор болатын, халық оны өз ісіне, халык мұратына адал берілген саяси кайраткер ретінде құрметтеді. Саясат, экономика, мәдениет саласында Т. Рысқұловтың басшылығымен орасан зор жұмыстар жүргізілді. Т. Рысқұлов -Түркістан Республикасы Кеңестерінің Орталық Атқару Комитетінің (Түраткомның) тарихында оның терағасы болған жергілікті халықтардың түңғыш өкілі еді. Түратком төрағасы қызметінде жүргенде Түркістан республикасының саяси-мемлекеттік егемендігі жолында табанды күрес жүргізеді. Республиканы түрік тілдес халықтардың ұлттық егемендігіне, яғни, саяси-экономикалық, дипломатиялык, әскери және мәдени мәселелер бойынша нақты болуы тиіс дербестік құқықтарына ие болуға бар күш-жігерін жұмсады, бұл бағытта өз кезеңінің мүмкіндіктерінен әлдеқайда жоғарырақ табыстарға да қол жеткізді. Т. Рысқұловтың Республиканы жайлаған сұрапыл ашаршылықпен жанкешті күресінің өзі не тұрады!
20-30 жылдары Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі күрт өзгерді. Республикада «Кіші Қазан» төңкерісін өткізу үшін идеологиялық негіз жасалды, бұл күшпен ұжымдастыру және 1937-1938 жылдары жаппай жазалау дәуірінде қакзақ халқын құлақ есітпеген қайғы-қасіретке ұшыратты. Қазақстанды голощекиндік-сталиндік үлгі бойынша «қайта құрумен» келіспеген көрнекті коғам қызметкерлерінің қарсылығы жанышталды. 1927-1929 жылдары әр түрлі сылтаулармен көрнекті мемлекет қайраткерлерімен бірге Т. Рысқұлов республикадан аластатылды. 1937-1938 жылдары көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Т. Рыскұлов кінәсіз жазалаудың құрбаны болды.
Қазақ елінің бодандық өмірден азат, тәуелсіз болуы үшін бастарын тіккен арыстарымыздың ісі мен үлгі өнегесін өткен іс деп қарауға болмас, әрбір азаматтың жүрегівде естелік болып қалары сөзсіз. Т. Рысқұлов -ұлт жанашыры болды, оның бүкіл саналы өмірі ұлт мүддесі жолындағы жалынды күреспен өтті. Т. Рысқұловтың арман тілегінің орындалғанына бүгінде тарих куә, ол бұл бақытты күнді көре алмаса да, оның туатынына сенген еді. . .
Болашақ ұрпақ бұрынғы қателіктерді қайталамас үшін тарихтын айна-қатесіз ақиқатымен жете танысып, елім деп еңіретен, ұлтшыл емес, ұлтжанды азаматтарды үлгі-өнеге ете отырып тағзым етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет