Электротехникада күнделікті өмірде және өнеркәсіпте қолданылатын негізгі электротехникалық құралдардың жұмыс істеу принципі мен құралдары қарастырылады. Электротехникалық құрал жұмыс істеу үшін, қажетті жұмыс режимі мен электр энергиясын қамтамасыз ететін электр тізбегі құрылуы тиіс.
Электр тізбегі деп – электр тоғына жол құрайтын, электрлік ток, ЭҚК (электр қозғаушы күш) және электрлік кернеу туралы түсіндірілген электромагниттік процесс құрайтын құралдар мен объекттердің жиынтығын атаймыз.
Электр тізбегінің құрамына кіретін құралдар мен объектілерді үш топқа бөлуге болады:
1) Электр энергия көздері. Барлық қорек көздерінің бірыңғай қасиеті кез келген энергия түрін электрлік энергияға айналдыруында. Электрлік емес энергияның электрлікке айналуы жүретін көздер, алғашқы көздер деп аталады. Екілік көз деп – тізбектің кірісінде де, шығысында да электр энергиясы бар көздерді айтады.(мысалы: түзеткіш құралдар)
3) Тізбектің көмекші элементтері: жалғау сымдар, коммуникациялық аппарат, қорғаныс аппараты, өлшегіш құралдар және т.б., олсыз нақты тізбек жұмыс істей алмайды.