Байланысты: Дәріс 1, 2 Тұрақты ток және тізбек элемент
Электр тізбектерінің негізгі түсініктері мен анықтамалары
Электрлік тізбек сұлбасын есептеуде негізгі бірнеше элементтерді алып қарастырады.
Электр тізбегінің тармағы – бір ток өтетін тізбек бөлігі. Тармақ бір немесе бірнеше тізбектей қосылған элементтерден тұрады.
Электр тізбегінің түйіні – үш немесе одан да көп тармақтардың біріккен жері. Бір жұпқа қосылған тармақтар пареллель деп аталады. R1 және R2 кедергілері параллель тармақтарда орналасқан.
Контур – бірнеше тармақтар арқылы өтетін, кез келген тұйықталған бөлік.