Талдау мен есептеу процесін іске асыру үшін, электрлік тізбек графикалық түрде, элементтерінің шартты белгілерімен қосылу түрлері көрсетілген, электрлік сұлба ретінде беріледі.
Электр тізбектерінің негізгі түсініктері мен анықтамалары
Бұл сұлбада шынайы элементтер шартты белгілерімен көрсетіледі, көмекші элементтері белгіленбейді, егер жалғау сымдардың кедергілері элементтердің кедергілерінен аса кем болса, ол ескерілмейді. Қорек көзі, ішкі кедергісі r0 бар, ЭҚК E көзі ретінде беріледі, электр энергиясының шынайы тұтынушылары оның электрлік параметрлерімен алмастырылады: актив кедергілермен R1, R2, …, Rn. R кедергісінің көмегімен тізбектегі электрэнергияны энергияның басқа түрлеріне қайтымсыз өзгертеді, мысалы, жылу немесе жарық.
Қорек көзі ЭҚК электрлік тізбекте кернеу көзімен U алмастырылған, кернеу көзінің шартты бағыты қорек қөзі ЭҚК бағытына қарсы.