Кез келген электр тізбегінің тұйық контуріндегі ЭҚК алгебралық қосындысы барлық бөліктердегі кернеулердің алгебралық қосындысына тең
мұндағы n – контурдағы ЭҚК көздерінің саны;
m – контурдағы Rк кедергісі бар элементтер саны;
Uк = RкIк – контурдың к-м элементіне түсетін кернеу.
Егер электр тізбегіне кернеу көздері қосылған болса, онда Кирхгофтың екінші заңы мына күйде құрастырылады: ЭҚК көздері мен контур элементтеріндегі барлық кернеулердің қосындысы нөлге тең
Кирхгофтың екінші заңы бойынша теңдік жазу барысында мыналар қажетті:
1) ЭҚК, ток және кернеулердің шартты бағытын белгілеу;
2) теңдік жазылатын контурда өту бағытын таңдау;
3) Кирхгофтың екінші заңының бір құрылымына сүйене отырып, теңдік жазу.
Кирхгофтың бірінші және екінші заңы (мысалдар)
а түйіні үшін Кирхгофтың бірінші заңы (1.2 суретте)
I - I1 - I2 = 0.
(1.2 суреттегі) Сұлба үшін Кирхгофтың екінші заңына теңдік жазамыз: