Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі – сынып оқушыларына арналған /аптасына – сағат, барлығы – 34 сағат



бет1/3
Дата30.04.2022
өлшемі21,92 Kb.
#32962
түріБағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
Элективка для 5 классов


Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі

5 – 6 сынып оқушыларына арналған

/аптасына 1 сағат, барлығы – 34 сағат/
Курс бағдарламасында тіл білімінің фонетика, лексика, сөзжасам, грамматика салалары жайындағы тақырыптар белгілі бір тәртіппен жүйеленіп берілген:

1-тақырып. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Тіл Заңы. Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық әдеби тілі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қызметі, қолданылатын орындары.  Қазақ тілі түркі тілдер семьясының батыс ғұн бұтағына, оның ішінде қыпшақ тобына енетіні. Түркі халықтарына ортақ ескерткіштері мен әдеби мұралары жайында түсінік (1 сағат) 



2-тақырып. Фонетика. Қазақ тіл білімі. Тіл білімінің салалары. Фонетиканың қарастыратын мәселелері. Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі. Тіл дыбыстары туралы жалпы ұғым. Тіл дыбыстарының сөз мағынасымен арақатынасы. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары (2 сағат)

3-тақырып. Дыбыс және әріп. Әліпби. Дауысты дыбыстар. Әліпбидегі әріптер атауының тілдік жүйеге сәйкес аталу ерекшелігі (әріп атауы – ты, сы, ый, ұу, ыл және т.б.); дыбысталу – сөздің сыртқы қабығы, мағына – сөздің ішкі мазмұны болатындығы. Сөздің негізі мағынасы – лексикалық мағына. Сөздің негізгі қызметі – атау, яғни зат, құбылыс, әрекетті, олардың белгілерін атап білдіруі. Сөздің грамматикалық мағынасы. Сөздің грамматикалық мағынаның сөйлемдегі сөздердің өзара қатынасынан туындайтындығы (1 сағат)

4-тақырып.Дауысты дыбыстың түрлері, жасалуы, емлесі. Қазақтың төл сөздеріндегі дауысты дыбыстардың негізінен не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болатындығы. Дыбыстың физикалық қасиеттері, фонема мен дыбыстың ұқсастықтары (2 сағат)

5-тақырып. Дауыссыз дыбыс, түрлері, жасалуы, емлесі. Қазақтың төл сөздеріндегі дауыссыз дыбыстардың қолданысы, сөздің басы мен соңында қолданылу ерекшеліктері; басқа тілден енген сөздердің жазылуы. б, в, г, д әріптерінің емлесі; қосарлы дауыссыз дыбыстарға аяқталған сөздердің емлесі. Жасалым (артикуляция). Айтылым (акустика). Естілім. Айтылым мен жасалымның үндесім, үйлесіммен байланысы. Айтылым, жасалым, естілім және фонология. Дыбыстық құбылыстар: сөз басында, сөз ортасында, сөз соңында қыстырылған дыбыстар туралы түсінік. Дыбыстық құбылыстар: протеза, эпентеза, эпитеза, апокопа, элизия, аферезис, редукция, метатеза, гаплология (3 сағат)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет