118
Аурудың бетін кайтаратын және зақымданған нервтердің қызметін
қалпына келтіретін физиотерапевтік емдер кең қолданылады. Олардың
ішінде, әсіресе ультракүлгін эритема, диадинамикалық токтар, новокаин
қосып ионды гальванизация жасау пайдалы.
Тітіркендіргіш дәрілерді де ұмытпау керек. Кұрамында хлороформ, йод,
ментол, камфора, салицилді натрий, ара және жылан улары, финалгон сияқты
дәрілері бар майлармен сылау да жақсы нәтиже береді. Бұл айтылған емдер
ауру жанға қатты батып, жаңа басталған кезде қолданылады.
Екінші кезеңде, аурудың беті қайта бастағанда массаж,емдік дене
шынықтыру белгіленеді.
Оған қоса ауырған жерге парафин, озокерит қойып, түрлі жиіліктегі
токтарды пайдаланып көрген жөн. Сазбалшықпен бұлаулау, йод қосылған
ионды гальванизация, ультрадыбыс қолданған жөн.
Омыртқааралық дискілер зақымданудан пайда болған радикулитті
омыртқаны созу арқылы емдейді.
Омыртқаны керіп-созу оған түсетін салмақты азайту үшін қолданылады.
Оны созу әдістері әр түрлі. Мысалы, төменгі бел омыртқалары
остеохондрозбен зақымданған кезде омыртқа желісін созу үшін науқасты өз
салмағымен төмен қарай керіп тартқан жөн. Бұл әдісті 1-2 рет науқас адамды
дем алдырып алып, күніне 3-4 сағат бойы қолдануға болады. Ал мойын
омыртқалары остеохондрозға ұшыраған жағдайда аз салмақпен керіп-созу
арқылы емдеудің пайдасы өте зор. Бірақ, бұл жағдайда мойынға түсетін
салмақ 3-4 кг-нан аспауы керек.Кейінгі кезде суда /ваннада немесе
бассейнде/ омыртқа желісін керіп-созу әдістері жиі қолданылып жүр.
Остеохондрозға байланысты неврологиялық өзгерістердіемдеу 30-35
күнге созылады.
Аурудың беті қайтып, жанға батпайтын болған кезде омыртқа
бұлшықетін ширататын жаттығулар жасау ұсынылады.
Емдік гимнастика деп аталатын жаттығулар бұлшық еттерді ширатумен
қатар ауруды бәсендетеді. Емдік гимнастика омыртқа остеохондрозының
салдарынан болған радикулит асқынғаннан кейін 3-4 күннен соң қолданыла
бастайды. Науқастың асқынуының алғашқы кезеңінде бұл жаттығуларды
төсекте жатып орындауға болады.
Соңғы кезде омыртқалардың остеохондрозының неврологиялық
өзгерістерін емдеу үшін массажды ауырған адамның өзі де жасай алатын
болды. Массаждың қажетті негізгі тәсілдері дененің массаж жасалатын
жерін сипау, уқалау, езгілеу, сілкілеу арқылы жүзеге асырылады. Олар
аурудың әсерін бәсеңдетуге немесе жоюға көмектеседі.
Массаждың ең көп тараған түрі - денені сипау. Массаждың барлық
тәсілдері /уқалау, езгілеу,сілкілеу сипаумен басталып, сипаумен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: