119
VI ТАРАУ. ЖАМБАСТЫҢ ЖӘНЕ ЖАМБАС АҒЗАЛАРЫНЫҢ
ЗАҚЫМДАЛУЫ
I. ЖАМБАСТЫҢ ЖҰМСАҚ ТІНДЕРІНІҢ ЗАҚЫМДАНУЫ
Жамбас
белдеуін
қоршаған
жұмсақ
тіндердің
оқшауланған
зақымдануларының басқа анатомиялық жерлердің жарақатынан принципті
түрде айырмашылығы жоқ.
Артериялық қан кетуден немесе үдей түсетін, кейде іртік-іртік ұйыған
қан, бөксені сыздатып ауырту арқылы білінетін жоғарғы бөксе артериясы
зақымданған жарақаттар қатты қатер тудырады.
Сондай-ақ, терінің жарақат әсерінен қабаттанып сыдырылуының және
гематоманың қатаюының практикалық маңызы бар. Бұл жағдай бұлшықеттің
ішінде ұсақ артериялар зақымданғанда және қанның ұю қабілеті бұзылғанда
пайда болады. Бұл гематомалар ісінеді, тіндердің үстін басса қатты екенін
сезуге болады, сыздап ауырады, кейде жүйке талшықтарының қысылу
белгілері де байқалады.
Тіннің
жарақаттан
қабықтанып
сыдырылуы
тангенциялық
зақымданулардан пайда болады және әжептәуір ұлғайып, көбіне белдің
тұсына жайылуы мүмкін. Бір жағынан шел клеткасы мен терінің арасында,
екінші жағынан фасция /бұлшықеттің шелді қабығы/ мен бұлшықеттің
арасында қан мен лимфа /тінаралығындағы қоректік түссіз сүйық зат/
жиналады, кейде ол әжептәуір көп мөлшерде /1 литрге дейін және одан да
көп/ болады. Дер кезінде сылып тастамаса, сыдырылған терінің
жансыздануы, көпке дейін жазылмайтын іріңді жараға айналуы мүмкін.
Емдеу. Соққы тигенде тыныштық, суық басу керек,ал май құйрық
артериясы зақымданғанда - жарақаттағы жіңішке тамырларды немесе ішкі
артерияны байлау қажет. Ашық жарақат кезіңде хирургиялық тазалау керек.
Қатайған гематомаларды теседі немесе тіледі. Соңғы жағдайда жіңішке
дренаж түтік қояды. Тазартудың осы екі әдісінде де макта-дәке таңғышпен
кысып орайды және қан тоқтататын дәрі-дәрмектерді қолданады.
Сыдырылған немесе жалбыраған теріні мақта-дәке таңғышпен ол қашан
бекіп жабысқанша байлап тастайды. Ірің жиналғаны байқалысымен жараны
тіліп ашып, түтікпен мұқият сорғызу қажет. Қабаттанып сыдырылған немесе
жалбыраған тері шіри бастаған жағдайда жансызданған тіндерді кесіп тастау
және жараны соның маңайындағы терімен немесе басқа жерден кесіп
алынған терімен жамау анағүрлым тиімді болады.
Достарыңызбен бөлісу: