Травматология


Буындардағы қозғалыстың қалыпты деңгейі



Pdf көрінісі
бет13/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

Буындардағы қозғалыстың қалыпты деңгейі 
 
 
 
Буын 
қозғал
ысы 
Бүгу  жазу 
Шетке 
бұру 
Ішке 
бұру 
Сыртқа 
айналу 
Ішке 
айналу 
 
Градусты көрсеткіштер 
Тоқпан 
жілік 
буыны 
90 
30 
30 

90 
90 
Шынтақ буыны 
20 
180 




Білезік буыны 
80 
70 
30 
30 


Жамбас-сан 
(ұршық)буыны 
120 
15 
40 
40 
45 
40 
Тізе буыны 
130 
15 




Балтыр-аяқ 
буыны 
45 
20 
20 
30 


Омыртқа буыны 
 
 
оңға 
солға 
 
 
А)мойын бөлімі 
45 
60 
40 
30 
80 

Б) кеуде бөлімі 
10 

20 
20 
30 
30 
В) бел бөлімі 
40 
30 
30 
40 
30 
30 
 
 


13 
 
БҰЛШЫҚ ЕТТІҢ КҮШІН АНЫҚТАУ 
Бұлшық  еттің  күшін  анықтау  үшін  динамометрді  қолдануға  болады.   
Ол үшін бес балды баға жүйесін қолданады: 
1. Еттің қалыпты күші - 5 балл (100 %) 
2. Ет күшінің шамалап төмендеуі - 4 балл (75 %) 
3. Ет күшінің едәуір төмендеуі - 3 балл (50 %) 
4. Ет күшінің қалдық түрі - 2 балл (25 %) 
5. Еттің парезі мен параличі - 1 балл (25 %-тен төмені). 
Қалған  өлшемдер  сияқты  ет  күшін  өлшегенде  дені  бұлшық  еттермен 
салыстырып отыру керек. 
 
НАУҚАСТАРДЫҢ ЖҮРІСІН ЗЕРТТЕУ 
Травматологиялық,  әсіресе  ортопедиялық  тәжірибеде  аурудың  жүрісін 
зерттеудің  диагноз  қою  үшін  және  дұрыс  ем  қолдану  үшін  үлкен  маңызы 
бар. 
Негізінде  аурудың  жүрісі  қалпынан  бүлінбеген  және  бүлінген  жүріс 
болуы мүмкін. Бүлінген жүрісті ақсау деп атайды. 
Адамның ақсауының себебі жүргенде ауру аяғын аяғандықтан, не қатты 
жүріп басса, аяқта ауру пайда болғандықтан болады. 
Адамның жүрісінде мынадай анықтамалар болады: 
1. Секірме жүріс-табанның алдыңғы жағынан астына қарай шектен тыс 
иілген  жағдайда  ауру  жүргенде  табанның  алдыңғы  жағына  басып  өкшесін 
жерге  тигізе  алмайды.  Табанның  мұндай  қалпын  ат  өкше  дейді(конская 
стопа). 
2.  Доға  тәрізді  аяқтың  сыртқа  кетуінен  болатын  жүріс-тізе  буынында 
анкилоз болғанда. 
3.  "Үйрекше  жүріс"  -  іштен  екі  жақ  ортан  жіліктің  туа  пайда  болған 
ұршық басының шығуынан және мойын-диафизді бұрыштың кішірейгенінде 
(варустық қисаюынан). 
4.  Паралитикалық  жүріс-жеке  бұлшықеттерде  салдану  немесе  асықты 
жіліктің жүйкесі істен шыққанда. 
5.  Спастикалық  жүріс  –  серіппелі-кедергілі  жүріс,  Литлл  ауруында,  туа 
болған сіреспе ауруында бұлшық ет тонусының жоғарылағанында. 
 
АЯҚТЫ ТЕКСЕРУ 
Аяқты тексергенде алдымен оның пішінін, терісінің түсін, аяқтың қалай 
жатқанына  көңіл  аудару  керек.  Қолмен  сипап,  басып  қарағанда  әр  сүйектің 
шығыңқы  жерінің  қырын,  температурасын,  тіндердің  икемділігін,  ауру 
нүктелерін анықтайды. 
 
 
сау 


14 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
5сурет. Розер Нелатон сызығы. 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Аяқта  мына  төмендегідей  нысаналар  кездеседі  де  оны  дұрыс  анықтай 
білу керек.    

 
Розер-Нелатон  сызығын  анықтау  үшін  мықын  сүйектің  жоғарғы 
жағының үстіңгі қырын, үлкен ұршық және шонданай сүйектің бұдырларын 
бір-бірімен қосу қажет. 

 
Куслик  сызығын  анықтау  үшін  мықын  сүйектің  жоғарғы  жағының 
үстіңгі  қырын,  үлкен  ұршық  және  төменгі  бөксе  бұлшықет  қатпарын  қосу 
қажет. 

 
Брианның үшбұрышы - оны анықтау  үшін алдымен мықын сүйектің 
жоғарғы жағының үстіңгі қыры мен үлкен ұршықты сызықпен қосады. Одан 
кейін  ортан  жілік  бойымен  денеге  сызық  түсіріп,  осы  сызыққа  мықын 
сүйектің  жоғарғы  жағының  үстіңгі  қырынан  перпендикуляр  жүргізеді  (5, 
6суреттер). 
 
 
6 сурет. а) Куслик сызығы; 6) Брианның ұшбүрышы 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет