Травматология


Операция жасауға көрсеткіштер



Pdf көрінісі
бет164/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

 
Операция жасауға көрсеткіштер: 
1. Ашық сынықтар болса 
2. Сүйек арасына жұмсақ тін ілініп қалса 
3. Жаңқаланып сынып, жаңқа сүйек осіне көлденең тұрса 
4. Ірі қан тамырларымен жүйке зақымдалса 
5. Жабықтай орнына салынбаған жағдайларда 
Сүйекті  бекітуге  сүйекүстілік  пластина,  шеге,  Илизаров  аппаратын 
қолдану керек. 
 
120 сурет.Білек сүйектерін пластинамен бекіту 
121сурет.Білек сүйектері сынығын Илизаров аппаратымен бекіту 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 


160 
 
Білек сүйектерінің негізінен сынуы 
Бұл  сынықтар  көбінесе  білек  сүйектерінің  төмен  метаэпифизарлық 
бөліміне  алақанмен  тіреп  құлағанда  болады.  Мұны  Колис  сынығы  деп 
атайды. Бұл жағдайда шеткі бөлік алақан сыртына  қарай ығысады, орталық 
бөлік  астына  қарай  ығысады.  Егерде  құлаған  жағдайда  білектің 
метаэпифизарлы бөліміне алақанның сырт жақ бөлігіне құласа шеткі бөлігін 
алақан  жаққа  ығысады,  орталық  бөлігі  сыртқа  үстіне  қарай  ығысады.  Бұл 
Смит сынығы деп аталады. 
Алақанға  тіке  құлағанда  онда  білек  сүйектерінің  негізінен  шаншылып 
сынуы болады. 
Клиникасы:  Сыртқы  пішіні  өзгереді.  Колис  сынығында  шеткі  бөлігі 
алақанның  сыртқы  жағында  шығып  көтеріліп  тұрады,  ал  ішкі  жағында 
орталық  бөліктің  ұшы  көрініп  тұрады.  Алақан  сыртқа  сәл  қайырылулы 
тұрады. Саусақтары жартылай немесе толық бүгулі болады. 
Білезік буынында қозғалыс болмайды.  
Орнына  салу  үшін  1%  20мл  новокаин  ерітіндісі  енгізіліп,  5-10мин 
тосамыз.  Тоқпан  жілік  көлденең  деңгейде  90˚-қа  көтеріп,  шынтақ  буынын 
90˚ бүгіп үстел үстіне қоямыз. Сынық сызық бойын үстел жиегіне әкелеміз. 
Көмекші  бір  қолымен  бас  бармақтан  екінші    қолымен  3,4,5  саусақтарды 
ұстап,  екінші  көмекші  тоқпан  жіліктің  төменгі  1/3бөлігінен    ұстап,  өс 
бойынша  тартып  кереді.  Бірінші  көмекші  Колис  сынығында  алақанды  өзіне 
тартып  біртіндеп  төмен  қарай  иеді.  Осы  қалыпта  орнына  түссе  шынтақ 
буынынан  бастап  алақан-саусақ  буынына  дейін  1-1,5айға  гипстік  лонгета 
салады.  Тексеріс  рентген  жасалады.  Осы  мерзім  өткен  соң  гипсті  алып 
алақанды түзу қалыпта орамды гипс 1айға салады. Смит сынығында жатқызу 
жоғарыда  айтылғандай  сүйек  орнына  саларда  дәрігер  өзінің  алақанымен 
білекті ортаңғы 1,3 бөлігінен басып тұрады. Екі көмекші екі жаққа қарай ось 
бойыментартады.  Шеткі  көмекші  алақанды  үстіне  қарай  қайырады.  Осы 
кезде дәрігер орнына салады. Гипсті алақан-саусақ буынынан бастап алақан 
жақ  бетінен  1-1,5айға  салады.  Осы  мерзімөткен  соң  тексеріс  рентген 
жасалады және түзу қалыпта 1айға тағы гипс салады.  
 
122 сурет.Білек сүйектерінің негізінен сынуы:  
123 сурет.Кәрі жілік сынығын жабықтай орнына салу кезеңдері 
а, в –Коллес сынығы;б, г –Смит сынығы; д –жиектік сынықтар 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 


161 
 
Сүйекті  орнына  саларда  екі  жағдайда  да  білектің  төменгі  жағының 
астына  құмнан  жасалған  жастықша  қояды.  Орнына  түспесе  операциялық 
жолмен  шеге  салып,  гипс  салынады.  Гипс  салған  соң  екі  жағдайда  да 
консервативті және оперативті емнен кейін білек еттерінің солуының алдын-
алу  үшін  гипспен  жүргенде  10-12  күні  саусақтарымен  ерікті  қозғалыс 
жасатамыз.  
 
124 сурет.Гипстік лонгета салу 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет