Травматология



Pdf көрінісі
бет163/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   297
Байланысты:
ЖОНКИН Травматология және ортопедия

Клиникасы:  Диагноз  қою  өте  жеңіл,  сыртқы  пішіні  өзгереді,  буынсыз 
жерде  қозғалыс  пайда  болады,  сүйек  сықыры  болуы,  шынтақ-білезік 
буынында қозғалыс болмауы.  
Диагностикасы: Рентген арқылы анықтаймыз. 
Білек  сүйегіндегі  негізгі  орын  алатын  ол  пронация  және  супинация. 
Олар  еттердің  әсеріне  байланысты.  Сонымен  сүйекаралық  байламдарды 


158 
 
естен  шығармау  керек.  Супинация  кезінде  оның  жалпақтығы  2,5см, 
пронация  кезінде  бүктеліп  сүйекаралық  қашықтық  1-2  мм  болады. 
Пронацияда  сүйектер  бір-біріне  жақындайды.  Сондықтан  білектің  қос 
сүйегінің сынуын  салуға  да  емдеуге  де өте  қиын болып  қиындық  келтіреді. 
Бұлшықеттер  жиырылып,  сүйек  бөліктерін  ығыстырады.  Сонымен  қатар 
білекті  бүгетін  бұлшықеттермен  пронаторлар  еттері  жазатын  супинация 
жасайтын және супинатор бұлшықеттеріне қарағанда күші әлдеқайда күшті. 
Сондықтан  диафиз  диафиз  сынғанда  білек  әрқашанда  пронация  қалпында 
қалады.  Егерде  кәрі  жілік    пронатор  бекіген  жерден  төмен  сынса    онда  екі 
бөлігі  де  пронация  қалпында  қалады.  Егер  кәрі  жілік  пронатор  бекіген 
жерден жоғары сынса онда орталық бөлігі супинация қалпында болып және  
екібасты бұлшықеттің жиырылуы себебінен алға және жоғары көтеріледі. Ал 
шеткі бөлігі пронатор жиырылуы себебінен пронация қалпында болады.  
 
 
 
117 сурет. Білек сүйектерінің диафизінің пронатор терестің  
118 сурет. Білек сүйектерінің сынуында гипстік байлам 
бекіген жерден жоғары орналасқан және төмен салу 
ерекшеліктеріорналасқан сынықтардың ығысу ерекшеліктері 
Ковалерский Г. М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Білектің  кәрі  жілік  жақтағы  бұлшықеттері  шынтақ  жілік  жақтағы 
бұлшықеттеріне  қарағанда  әлдеқайда  күшті.  Сондықтан  кәрі  жілік  ығысуы 
үлкен деңгейде болады. Сол себепті білектің кәрі жілік жағы үлкен деңгейде 
қысқарады және кәрі кәрі жілікке қарай иіледі.  
Диагноз  қою  өте  жеңіл.  Сыртқы  пішіні  өзгереді,  қатты  ауырады, 
буынсыз  жерде  қозғалыс  пайда  болады,  сүйек  сықыры  анықталып,  қызметі 
бұзылады. 
Рентгенді екі қалыпта жасау қажет. 
Емдеуі:  Сынған  жерге  1%  20мл   новокаин енгізіп,  тері  астына  2%  1мл 
промедол  енгізіп 10-15мин  тосып,    тоқпан  жілікті  90˚-қа  көлденең  деңгейге 
көтеріп,  шынтақты  90˚-та  бүгіп,  бір  көмекші  тоқпан  жілікті  ортаңғы  1/3 
бөлігінен  ұстап,  екінші  көмекші  бас  бармағынан  2-3-4  саусақтан  ұстап  екі 
көмекші  екі  жаққа  өс  бойымен  тартып,  ығысуды  жояды.  Сонымен  қоса 
көлденең  деңгейде  қолмен  басып  білектің  осін  түзетеміз.  Сөйтіп  біз  білекті 
супинация  қалпына  келтіреміз.  Егерде  кәрі  жілік  пронатор  бекіген  жерден 
жоғары  сынса,  білекті  орта  қалыпта  ұстаймыз.  Кәрі  жілік  пронатор  бекіген 


159 
 
жерден төмен сынса онда супинация мен пронация орта қалпына келтіреміз. 
Сүйек орнына түскен соң білек сүйектерінің төменгі 1/3 бөлігі сынса гипстік 
лонгетті  алақан  саусақ  буынын  қамтып  тоқпан  жілік  жоғарғы  1/3  бөлігін 
аламыз. Ал ортаңғы 1/3 бөлігі сынса тоқпан жілік ортаңғы 1/3 қамтып алақан 
саусақ буынын қамтып аламыз. Жоғарғы 1/3 бөлігінен бастап алақан саусақ 
буынына дейін шынтақ буынын 90˚-қа бүгеміз.  
Білек сүйектері сынғанда Соколов және Ланда аппаратын салуға болады. 
 
 
 
119 сурет. Білек сүйектерінің диафизінің сынуын Соколов және Демьянов 
аппаратымен салу: а - Соколов; б - Демьянов 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет