Емдеу. Пертес ауруын консервативті емдеудің мақсаты ертерек жамбас-
сан буынын ауыртпалықтан жеңілдету болып есептеледі. Себебі, ауру аяғын
басып жүрсе, тіпті жүрмей төсекте жатқанда буынды қоршап тұратын
бұлшық еттердің әсерінен зақымдалған сан басы жамбас шұқыршағына
тіреліп оның қабысуына, түрін өзгертуіне әкеп соғады. Ауыртпалықты
жеңілдетудің бір амалы табанға гипстен жасалған етікше жасап содан
тартып,- әйтпесе балтырға желім немеселейкопластырь жапсырып тарту
қажет.
Пертес ауруын емдеуде консервативті әдістен басқа хирургиялық әдіс
қолдануға болады. Хирургиялық әдістің мақсаты сан басының кеуек
сүйегінің асептикалық шіруін тоқтатып, оның өз қалпына келуіне тиімді
жағдай жасау болып есептеледі. Сол мақсатпен сан басының мойнына
туннелизация жасау керек. Ол үшін мойынның орта өсіне бұрғы не бізбен
тесік
жасап, осы тесікке аллотрансплантат немесеортан жіліктен тіліп алынған
шыбық сияқты трансплантатты бұлшықетімен бірге кіргізеді. Бұл кіргізілген
трансплантат сан басының қан айналысын жақсартады. Осы мақсатпен ортан
жіліктің бас жағында кіші ұршықтан төменгі жағынан остеотомия жасайды
(Мак-Маррей операциясы).
Консервативті әдіспен емдегенде ауыртпалықты жеңілдетуден басқа
қосымша ЛФК, ауру аяқтың етін уқалау, витаминдер, қан құю жөн болады.
Ем ұзақ және үлкен шыдамдылықпен 2-4 жылға созылуы керек.