Жалған буынды емдеу үшін төмендегідей ұсыныстар жасалған:
Аурудың өз сүйегін етімен қолдану (Кодивилла)
Етсіз бос сүйекті пайдалану (Джаналидзе, Чаклин)
Сүйектің түтік ішіне және сыртына сүйек қойып, оны металмен бекіту
(Богданов).
Кейінгі кезде жалған буынды емдеу үшін Илизаровтың қысып-созатын
аппаратын салып жалған буын тұсын күніне 1мм-ден тартып аяқтың өсін
түзетіп аяғына басып жүргізеді. Илизаров жалған буынды емдеу үшін асықты
жілікті жоғарғы жағынан көлденең кесіп, ол жерді біртіндеп созады да,
жалған буын жерін бір-бірімен аппаратпен қысады.