Травматология



Pdf көрінісі
бет249/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   297
АЖЫРАТУ  ДИАГНОСТИКАСЫ.  Бұлшықетті  қисық  мойындықтың 
жүре келе пайда болатын түрі сирек кездесетіндіктен жас сәбиден туа біткен 
қисық  мойындықты  табу  қиынға  түспейді.  Үлкен  жастағы  балалардың  туа 
біткен 
бұлшықеттілігін 
Клиппель-Фейль 
синдромы 
мен 
мойын 
қабырғасымен,  сына  тәрізді  мойынның  жарты  сүйегімен,  қисық 
мойындықтың  жүре  біткен  түрімен-Гризель  ауруы,  спастикалық,  терілік, 
десмогендік сияқты қисық мойындықтың түрлерімен ажырату керек. 
Спастикалық қисық мойындық-гиперкинездің бір түрі. Бұл түрі, бастың 
еріксіз  қозғалуын  немесе  мойын  бұлшықетінің  қалшылдауларының 
салдарынан  болатын  бастың  амалсыз  тұрысын,  орналасуын  сипаттайды. 
Күйзеліс энцефалит ауруынан кейін біртіндеп басталады, уақыт өткен сайын 
бұл күйзеліс арта түседі. 
Терілік  түрі  мойындағы  күйік  жегіден  кейінгі  үлкен  тыртықтықтың 
болуына  байланысты.  Қисық  мойындықтың  десмогенді  түрі  мойын 
бездерінің  қабынуы  мен  мойын  бойындағы  ет  пен  терінің  арасындағы  шел 
майының қабынып іріндеуінен болады. 
Төс-бұғана-емізікше  бұлшықетінің  созылмалы  қабыну  әсерінен  болған 
қисық  мойындығының  себебі  бұлшықеттің  қабынуы  бөртпе  сүзек,  безгек, 
қызамық,  мерез  ауруларының  салдарынан  кейін  пайда  болады.  Бастың 


231 
 
еңкіштігі 
жарақаттың 
немесе 
мойын 
омыртқасының 
денесіндегі 
патологиялық 
үрдісінің, 
остеомиелит, 
туберкулез, 
актиномикоз 
ауруларының салдарынан болады. 
Емдеу.  Бұлшықетті  қисық  мойындықты  апталық  балаға  консервативті 
емдеуден  бастаған  жөн.  Оның  негізінде  күніне  3-4  рет  5-10  минуттан 
жүретін  түзету  дене  жаттығуларын  жасайды.  Бұл  жағдайда  арқасымен 
жатқан баланың басын екі қолымен құлаштап, оған дұрыс бағыт береді, яғни 
зақымданған  бұлшықеттен  кері  бағытқа  бұрады.  Осы  жазылған 
жаттығулардың  қарапайымдылығы  сонша,  оны  аналар  да  жақсы  орындай   
алады.  Емдеу  жаттығуларын  өткізгенде  ешқандай  күш  түспеуін  қадағалау 
керек.  Сондықтан  бұл  жаттығуларды  бала  ұйықтаған  кезде  жасаған  өте 
пайдалы. Өйткені төс-бұғана-емізікше бұлшықетінің шамадан тыс тартылып, 
созылу  әсерінен  қатты  өзгерістер  болуы  мүмкін.  Төс-бұғана-емізікше 
бұлшықетінің сау жағындағы бұлшықетке массаж жасау керек, зақымданған 
жағының  маңдайына,  қабақтарына,  бетіне  ұдайы  массаж  жасау, 
физиотерапиялық  ем  жүргізу  қажет.  Массаж  жасау  зақымдалған  бет 
бұлшықеттеріне,  сүйектерге  қанайналым,  жүйкеленуіне  әсер  етіп,  олардың 
жетіліп  дамуына  үлкен  көмек  береді.  Зақымданған  бұлшықеттің 
тыртықтануынан  сақтау  үшін  6-8  апталық  сәбилерге  йодты  калиймен 
ионогальванизация  курсын  жүргізеді,  бұл  курсты  3-4  айдан  кейін  қайталуға 
болады.  Осы  кезеңде  зақымданған  жақтағы  бет  пен  мойын  жағындағы 
бұлшықеттерді  уқалуға  көп  көңіл  бөлген  жөн.  Бала  нақты  ұйықтаған  кезде 
сау  жақ  мойынның  астына  құмнан  жасалған  жастықша  қойып  басын 
жастықшадан салбыратып жатқызады. Қисайған жаққа жатқызғанда құмнан 
жасалған биік жастықшаны басының астына қойып иық бойы жастықшадан 
салбырап түсіп тұруы керек, сонда қысқарған бұлшықет созылады. Баланың 
басын  жеткен  бағытқа  дейін  ұстап  алу  үшін  оған  қатты  қағазды-мақталы 
Шанц  жағасын  байлайды  немесе  баулар  арқылы  зақымдалған  жақтан, 
маталы омырау тартқышқа қыстырып қоятын бас киім кигізу керек. Баланы 
арнаулы  гипсті  төсекке  жатқызады  немесе  басты  құм  толтырылған  екі 
дорбаның  ортасына  дұрыс  бағытта  бекітіп  қояды.  Жас  сәбидің  төсегін, 
мойынының  сау  жағын  үйдің  қабырғасына  қаратып  жатқызу  керек. 
Бөлмедегі  қозғалыс  және  дыбыс  шыққан  жағына  қарау  үшін  бала  еріксіз 
басын  бұлшықет  зақымдалған  жағына  бұрып  қысқарған  бұлшықетті 
ұзартады.  Бұлшықет  қисық  мойындық  өте  айқын  емес  кезінде,  уақытында 
жүргізген жай ем баланың бір жасқа жеткенше толық жазылуына мүмкіндік 
береді. 
Ал  баланың  мойын  қисықтығын  кеш  анықтаған  жағдайда  операция 
жолымен  ғана  дұрыстау  мүмкін.  Туа  біткен  бұлшықетті  қисық  мойынды 
уақытында  болмай  кеш  анықталса  операцияны  баланың  жасы  3  пен  4тің 
арасында  жасаған  жөн.  Операция  бұлшықет  қисықтығы  жай  еммен 
консервативті емделмеген кезде яғни жазылмаған жағдайданемесе бет сүйегі 
мен  бас  сүйегінің  теңсіздігі  түзелмеген  кезінде  жасалады.  Операцияны 
балаға наркоз беріп ұйықтатып жасаған жөн болады. 
1 1 9   су рет.   За 
пепин операциясы. 


232 
 
 
160 сурет. Зацепиннің операциясы 
Ковалерский Г.М., Юмашев Г.С. 2008 ж. 
 
Туа  біткен  бұлшықетті  қисық  мойындықта  кесу  операциясын  немесе 
Микулич  бойынша  төс-бұғана-емізікше  бұлшықетінің    астыңғы  жағынан  3 
см-дей  жерін  кесіп  алып  тастау  керек.  Ауруды  операциялық  столға 
арқасымен жатқызып, жауырын астына клеенкалы жастық төсеген жөн.   
Жастықтың  қалындығы  5-7  см  болу  керек.  Оның  мақсаты:басты  артқа 
шалқайтып,қысқарған  төс-бұғана-емізікше  бұлшықетіне  көп  күш  түсіру. 
Дәрігер  аурудың  бас  жағында  отырып,  оның  басын  орташа  қалыпта  ұстап 
операция  жүрісіне  байланысты  аурудың  басын  әр  жағына  бұрып  отыруы 
қажет. Теріні кесу бүғананың үстіңгі жағынан ұзындығы 2 см етіп жасалады. 
Қабаты  бойынша  жұмсақ  тінді  төс-бұғана-емізікше  бұлшықетінің  екі  етегі 
жалаңаштанғанша кеседі. Кохер зондысының көмегімен сол бұлшықетті  5-6 
см  көлемінде  айналасындағы  жұмсақ  тіндерден  бөліп  алады  да,  етек 
жағынан  3  см  көлемінде  кесіп  алып  тастайды.  Әр  кесілген  аяқшаға  байлам 
жасалады.  Сонымен  бірге  Зацепин  деформациясы  қайталанбас  үшін 
мойынның  үстіңгі  қатпаршағының  сыртқы  және  терең  жапырағын 
толығымен  кеседі.  Жараны  қабаты  бойынша  кетгут  жіптерімен  тігіп, 
асептикалық байлау салынады. 
Басын  жеткен  жеріне  дейін  ұстап  тұру  үшін  операциядан  кейінгі 
кезенде  ауруды  Глиссонның  тартқышымен  тартып  қояды.  Операциядан 
кейін  6-7  күн  өткеннен  кейін  жарты  гипсті  корсетпен  кеуде  мен  басты 
бекітеді  (160-сурет).  Оның  мақсаты:  жара  тыныштығы,  тез  жазылуы  үшін, 
кесілген  бұлшықеттің  ұштарындағы  қашықтықты  сақтау,  сондай-ақ  сау 
жағындағы бұлшықет бекітілген жерлерінің бір-біріне жақындауы үшін. 
30  күннен  кейін  мойынға  салған    гипс  шешіледі  де  ауруға  гимнастика, 
массаж,  кей  жағдайларда  физиотерапия  қолданылады.  Осы  жазылған 
операциядан  басқа,  төс-бұғана-емізікше  бұлшықетінің  аяқтарын  жай  кесу, 
бұлшықет  сіңірін  баспалдақты  ұзарту,  гомосіңір  ақауын  ауыстыру 
мақсатымен  кесу,  емізікше  бұғағынан  бұлшық  етті  бөліп  алу  операциясы 
ұсынылған.  Бірақ бұл әдістерден үміт аз,себебі жарақаты көп болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет